Қылмыстық істі жүргізудің қағидалары уақыт сұранысына сай

Мемлекеттің басты міндетінің бірі ретінде құқықтық мемлекетті құру, құқықтарының қорғалуы, адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру кепілдіктерін талдауы. Демек қылмыстық іс жүргізу заңнамасының алдында тұрған міндеттер болып, қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерлеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық іс жүргізуде заңды дұрыс қолдану болып табылады.

Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін әрбір құқық саласының алдында өзіндік міндеттер орын алған. Бұл міндеттерді қылмыстық іс жүргізудің барлық сатылары үшін ортақ болып табылады. Аталған міндеттерге қол жеткізудің бірден бір жолы іс бойынша іс жүргізуде қабылданатын шешімдер, сол шешімдердің бірі іс жүргізуді тоқтата тұру. Осыаған орай қылмыстық істің уақытша үзілісі көп жақтық зерттеуді қажет етеді.

Қылмыстық іс жүргізу оның құқықтық реттелуі қоғамның даму сипаты мен деңгейіне сәйкес келуі тиіс. Қылмыстық іс жүргізуде заңды және негізді шешім қабылдау басты міндеттерінің бірі болғандықтан адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғалуына, адамдардың заңға құрметпен қарау рухына тәрбиелеуге алып келеді. Іс бойынша заңды және негізді шешімді қабылдаудың бірі іс жүргізу барысындағы істің уақытша үзілісі.

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы сұрақтарды шешкен кезде де заң талаптары қатаң сақталынуы керек, өйткені мұндай шешім қылмыстық іс жүргізу міндеттерін орындауда ғана көрініс тауып қана қоймай, процесс қатысушыларының мүдделерін, сонымен қатар жедел түрде сот олардың құқығын қорғайды.

Қылмыстық іс бойынша сот ісін тоқтата тұру және сотқа дейінгі тергеп-тексеру терориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттелулер жүргізілген.

Іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтата тұру және сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзу үшін қылмысты әрі қарай тергеу үшін кедергі келтіретін қылмыстық-процессуалдық заңнамада тізбектелген жағдайлар мен негіздер болуы қажет.

Іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтата тұру және сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзу ол процесті жүргізуші органның қызметінің тоқталуын куәландырмайды, ол іс жүргізу бойынша істің уақытша үзілісін білдіреді.

2014 жылы 4 шілдеде қабылданған ҚР Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында істің уақытша үзілісі екі жағдайда жүргізіледі. Атап айтсақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімін үзу және істі тоқтата тұру. Біздің пікіріміз бойынша аталған ұғымдарды бір-бірінен ажырата отырып ұғым беру керек.

Істі тоқтата тұру дегеніміз ол заңда көзделген негіздер орын алуына байланысты іс жүргізудің уақытша үзілісі.

Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысы қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген нақты мерзіммен реттелген. Яғни ҚР қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының 192-бабына сәйкес «сотқа дейінгі тергеп-тексеру

мерзімі арыз бен хабарды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеген кезден бастап қылмыстық іс айыптау актісімен немесе істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін сотқа беру туралы қаулымен прокурорға жіберілген күнге дейін не іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарылған күнге дейін есептеледі. Анықтау істері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бір айдан және алдын ала тергеу істері бойынша екі айдан аспауға тиіс».

Осыған орай заңда көзделген негіздер бойынша іс жүргізу мерзімдері үзілуі заңды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімінің үзілуі дегеніміз – заңда көзделген негіздердің орын алуына байланысты анықтау не тергеу жүргізу уақытының тоқтататылуы.

Ал істің тоқтатылуына байланысты негіздер, ол соттағы үзілісті білдіреді. Сотта істі қарау мерзімі нақты реттелмеген, яғни онда сот отырысы «қисынды мерзімде» жүргізілуі деп көрсетілумен байланысты деген пікірдеміз. Демек істі тоқтата тұру дегеніміз – заңда көзделген негіздер орын алуына байланысты сотта істі қараудың уақытша үзілісі.

 

З.Аманкулова, Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста