Құқықтық мәдениеттің маңызы зор!

"Құқығын білген қор болмайды" деп жатады. Осы орайда еліміздің азаматтарының құқықтық сауатыны жоғары болып, өз құқығын қорғай алуының маңызы зор! Осы орайда құқықтық мемлекетті қалыптастыру халықтың құқықтық мәдениетін дамыту процесімен, әр адамның өз құқығын жан жақты білуімен тығыз байланысты деп айта аламыз. Сондықтан соңғы жылдары халықтың құқықтық сауатын арттыру, қоғамда құқықтық мәдениет қалыптастыру жұмыстары күн тәртібіне қойылып жиі сөз болуда. Сәйкесінше мемлекет тарапынан бұл бағытта көптеген жұмыстр да атқарылу үстінде. 

"Білмеген у ішеді" дегендей, кей жағдайларда өз құқығын білмегендіктен, әрекетіне қатысты заңдық жауапкершілік қалай болатынын ұқпағандықтан азаматтар арасында бас бостандығынан айрылғандар да кездесіп қалып жатады. Жазаға тартпайын десең қатыстылығы бар, тартайын десең құқықтық сауатының төмендігінен алаяқтардың арбауымен істес болып кетіп жатады. Сондықтан балаларға ерте жастан құқық негіздерін оқытып қана қоймай, кейін де құқықтық сауаттандыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.  

Азаматтарымыздың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, азаматтардың бойында заңға құрмет көрсетуге тәрбиелеу тек құқық қорғау орындарының ғана міндеті емес. Яғни ол заң арқылы да мұқият көрсетілген. Яғни құқықтық сауатты арттыру, құқықтық мәдениет қалыптастыру тек Әділет министрлігінің құзіретіне артылған шаруа емес. Сонымен бірге басқа да мемлекеттік органдар қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та халықтың құқықтық мәдениетін арттыру барлық мемлекеттік органдардың міндеті екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан жүргізіп жатқан құқықтық түсіндіру жұмыстарын мүмкіндігінше халық арасында насихатын арттыруға мән берілуде. 

Мысал келтірер болсақ қазір барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен құқық қорғау саласы қызметкерлері халықтың құқықтық санасын арттыру, құқықтық насихаттың көлемін кеңейту және сапасын жақсарту шараларына айрықша мән беріп, азаматтардың конституциялық, азаматтық және өзге де құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етуге мән беріп, қоғамда қабылданып жатқан заңнамаларды үнемі халық арасында түсіндіріп отыруға мән беруде. Түрлі конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, кейбір мекемелер ұжымдық дәрістер, семинарлар, брифингтер өткізуге ден қоюда. Сондай ақ соттар мен құқық қорғау орындарына үнемі құқықтық сауат, өз мекемесінде осы бағытта жүргізіліп жатқан шараларды Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үнемі насихаттап отыру жұмыстары түсіндірілген.

Олардың әлеуметтік желідегі парақшасына көңілі толмаған жағдайда сайттары арқылы көп мағлұмат алуға мүмкіндік те жасалуда.

Утеубаев Канат Талгатбекович, Алматы қаласы Алмалы ауданының 2 аудандық сотының судьясы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста