Құқықтық көмек азаматтардың игілігі үшін

Құқықтық көмек азаматтардың игілігі үшін

Бүгінгі күні азаматтарымыздың құқықтық сауаттылығын арттыру аса маңызды болып отыр. Бұл мәселе бірнеше жыл бұрын Президент Жолдауынан да көрініс тапқан болатын. Мемлекет басшысы "халықтың құқықтық сауатын көтеруге көңіл бөлу керек" деген еді өзінің халыққа арнаған Жолдауында. Сондықтан азаматтарымыздың құқықтық сауатын арттыру қоғамымыз үшін де маңызды шара болып отыр. Осы орайда атап өтер жйт, заң үстемдігінің маңызды белгілерінің бірі азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ететін тиімді құқықтық механизмнің болуы. Алайда, азаматтардың барлығы бірдей заңгерлік кеңестер ала алмайды. Сондықтан әлемдік тәжірибеде халықтың әлеуметтік топтарын қолдаудың әртүрлі тәжірибесі бар. Осындай нысандардың бірі – ақысыз заңгерлік көмек.
Қазақстан Республикасында азаматтарға құқықтық көмек көрсетуге мемлекет кепілдік береді, ол Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңымен бекітілген. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі заңнамада көрсетілген белгілі бір жағдайларда ғана көрсетіледі және оны мемлекет төлейді. Білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығын іске асыру кезінде азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге, сондай-ақ, оны көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталған «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң әзірленіп қабылданды. Тұрғындар үшін тиімді енгізілген жаңалық «pro bono» тәжірбиесі.
Ол дегеніңіз, кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету ақысыз негізде, соның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтары кіреді. Яғни, атап айтсақ, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға, атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, жасына байланысты зейнеткерлерге, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектер, қиын әлеуметтік және қаржылық жағдайда жүрген өзге де адамдар бұл санатқа кіреді. 
Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету қызметі ерікті түрде және әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру негізінде жүзеге асады. Прогрессивті халықаралық тәжірибені енгізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қазақстандық құқықтық жүйені одан әрі жетілдіруге көмектеседі. Мұндай тәжірибе заңгерлердің әлеуметтік жауапкершілігін, сонымен қатар заң қызметтеріне халықтың қолжетімділігін арттырады, бұл ретте заңгерлердің өздерін көтермелеп, жеңілдіктермен ынталандырады. «Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 ақпандағы №45 қаулысымен адвокаттардың, заң консультанттарының жоғары кәсіптік шеберлігі мен кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқандығы үшін мемлекеттің ынталандыру шаралары көзделген.

Жалпы құқықтық көмек кез келген адамға қажет болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан мемлекеттің құқықтық көмекке алаңдауы маңызды қажам болып отыр. 

Ерзия Ерсұңқар

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста