Қашықтан өткізілетін сот рәсімдерінің саны өсіп келеді

Бір кездері карантин арқылы еліміздің сот жүйесі мәжбүрлі түрде онлайн жұмыс істеуге көшсе қазіргі таңда ерікті түрде қашықтан ұйымдастырылатын сот істерінің саны артып келеді. Бұл жүйе ең алдымен алыстан сот отырысына қатысатындар үшін өте ыңғайлы болып отыр. Яғни ауданда болатын сотқа ауыл адамы арнайы барып жүрместен қолындағы ұялы телефонымен онлайн қатысу мүмкіндігі берілген. Халыққа оңтайлы қызмет ұсынып отырған сот жүйеснің бұл өзгерісі қазір халық көңілінен шығып отыр. 

Жалпы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап түрлі реформалар жасалған еліміздің сот жүйесі бүгінде халыққа оңтайлы қызметімен ұнауда. Азаматтардың сотқа сенімін қалыптастырып, ыңғайлы қызметімен ұнап жатқан қашықтан өткізілетін сот отырыстарының саны да артып келеді. Демек мұндай сот отырыстары сұранысқа ие. 

Осы орайда таратып айтар болсақ, 2018 жылдан бастау алған Жоғарғы Соттың «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы соттардың жұмыс стилін толығымен өзгертті. Атап айтсақ, кәсіби сот корпусын қалыптастыру мақсатында кәсіби бағалаудың жаңа стандарты енгізілді, келушілерге жаңа технология көмегімен қызмет көрсетіле бастады. Бірыңғай сот практикасы қолданылуда, судьялар жұмысы оңтайландырылды, артық сот процедуралары жойылды. Сот актілерінің жаңа форматы енгізіліп, тараптар сауалына жауаптар қарапайым әрі түсінікті етіп берілуде. Сот отырыстарына тараптардың дыбыс-бейнеконференц байланыс арқылы қашықтан қосылуы үйреншікті жайтқа айналды. Бұрын азаматтар сотқа қатысу үшін артынып-тартынып, шалғай жақтардан орталыққа келіп жататын. Немесе сол үшін жоспарлы жұмыстарын кейінге шегеріп, басқа қалаға, басқа елге шыға алмайтын.

Тіпті үш-төрт жыл бұрын сот отырысына қашықтан қатысуды алғаш рет іске асырғанда азаматтар аудандық әкімдік не сот ғимаратына келіп, арнайы ВКС құрылғысымен процеске қатысты. Ал, қазір соттардың IT қызмет процесі одан әрі жетілдіріліп, жаңғыртылған. Соның нәтижесінде қолында смартфоны бар әр адам үйден де, көшеден де, тіпті шет елден де процеске онлайн қатыса алады. Ешқайда барудың қажеті жоқ. Технология мен әлеуметтік желінің күшін ұштастырған сот билігі қоғамға ашықтығын үздіксіз дәлелдеп келеді. Бүгінде кез келген сот барлық байланыс арналары арқылы қоғаммен тығыз байланыс орнатып, жұртшылықтың мәселелері мен сауалдарына жедел жауап беруде. Міне, жоғарыда аталған жұмыстар сот жүйесінде заманауи технологияның дендеп енгізілгенін, соттарда цифрландыру жұмысының алдыңғы лепте екенін байқатады. Технологияларды кең қолдану – сот жұмысын жеңілдете отырып, сапасын арттырады.

Еркенұр Қонысбай

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста