Алға бастаған Ата Заң

Алға бастаған Ата Заң

Кез келген бастама Ата Заңда айқындалған ережелермен сәйкес ғана жетістікке жетпек. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халық өзінің егемен құқын пайдаланып, қабылдаған Конституция қол сұғылмас қасиетке, жоғары заңдық қана емес, рухани-адамгершілік киеге ие болады, сөйтіп ол қазақ­стандық патриотизмді тәрбие­леудің іргетасына айналады» деген болатын.

Сол сенім жете­гінде Қазақстан өз дамуының стра­тегиялық бағдарын айқындап, әлеуеті артқан, азаматтық қоғам­ның нышандары сомдалған елге айналды. Ата Заңымыз «Мәңгілік Ел» идея­сын ақиқатқа айналдыруға бет түзеген Қазақстанның айшықты бейнесін бедерлеп қана қоймай, оның әлем алдындағы беделін даралап көрсетуге әлі де зор ықпалын тигізері анық. Сондықтан, оның саяси-құқықтық салмағын терең түсініп, құндылығын бағалай білу маңызды. 
Қандай мемлекет болмасын өзінің өмір сүруі үшін заңдарын қалыптастырады. Тарихтан оған жүздеген мысалдарды келтіре аламыз. Қазақ жері де одан кемде қалған емес. Бабаларымыз дала демократиясына негізделген «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті жарғысын» ұстанды, соны басшылыққа алды. Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1926 жылы қабылданған болатын. Кейін Қазақ КСР-інің Ата Заңы 1937 жылы 26 наурызда кеңестердің бүкілқазақстандық Х съезінде қабылданды. Ал, 1978 жылдың 20 сәуірінде ІХ сайланған Қазақ КСР Жоғары кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында «Кемелденген социалистік қоғам» конституциясы бекітілді. Бұл Конституция өзгерістермен 1993 жылға дейін қолданыста жүрді. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған еді. 1995 жылы 30 тамызда өткен референдумда сайлау құқығы бар азаматтардың басым бөлігі жаңа Ата Заңды жақтап дауыс беріп, ол өмірімізге енді.
          1995 жылы 30 тамызда егемен еліміздің жаңа Конституциясы  қабылдануының тарихи маңызы зор болды. Сол кезде халқымыз мемлекеттігіміздің мазмұнын, құрылымын бекіткен аса маңызды құжатқа дауыс беріп, еліміздің болашақ даму жолын айқындады. Ата заңымыз біздің мемлекетімізді нығайтудың шешуші тетігіне айналды. Елдің бүгінгі өрлеуіне бастау болып, келешек қуатының іргетасын қалады. Конституцияны еліміздің негізгі заңы деп атауымыздың да мәні терең. Шынында да ол біздің жетістіктеріміздің негізі, қайнар көзі. Ата заңымыз азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып қана қоймай, әркімге өз әлеуетін іске асыруға жол ашты. Қазақстанның жер байлығын, қойнауының қазынасын халқымыздың пайдасына жаратып, игілігін көруге мүмкіндік берді. Әлеуметтік, экономикалық, саяси үдерістерді реттейтін институттарды құрды, Тәуелсіздігіміздің тірегі ретінде танылды. Әлемдегі кез келген тәуелсіз мемлекеттің ғасырлар бойы өз құнын жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан заңдар жи­нағы болады. Осындай Ата Заң біздің елімізде де, яғни Қазақстан Республикасында да ел тәуелсіздігін нығайту барысында қабылданды. Конституция тек мемлекеттің ғана емес, қоғам өмірінің жол көрсетушісі – Ата Заңы болып табылады.
Биыл Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 5 маусымда жалпыхалықтық референдум өтіп, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені өздеріңізге жақсы мәлім. Қоғамның бүгіні мен болашағы үшін, жалпы алғанда, өз Ата Заңымызды құрметтеп, қорғап және маңыздылығын жоғалтпай сақ­тауымыз біздің барлығымыздың, яғни Қазақстан Республикасындағы әрбір азаматтың міндеті мен парызы. Мемлекеттік басқару тетігі Конс­титуция негізін­де және соның ая­сын­да жұмыс істейді.
          Адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазына деп жариялап, Қазақстанның демократиялы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуы, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық қағидаларын мәңгілікке бекітті. Өз кезегінде бұл құндылықтар Қазақстанның ішкі дамуындағы және халықаралық аренадағы жетістіктеріне жол ашты. Ел басшылығының көреген, жасампаз саясатының, халқымыздың мызғымас бірлігінің, келісті тірлігінің, қажырлы еңбегінің арқасында ұланғайыр істер атқарылып, мемлекетіміз аяғынан тік тұрды, қанат жайды, іргелі елге айналды, әлемге танылды. Сондықтан, Ата заңымызды қадір тұтып қастерлеу барша азаматтарымыздың басты міндеті. Біз Жаңа Қазақстанға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бұрынғыдан да кемелдене түскен Конституциямызбен қадам басып отырмыз.
 
Г.С. Сарсенбаева, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының
бас маман - сот отырысының хатшысы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста