Адам тіршілігін тұрақты дамуға жетелейтін «Жасыл» энергия

Адам тіршілігін тұрақты дамуға жетелейтін «Жасыл» энергия

Қазіргі уақытта Қазақстан «Жасыл» экономикаға көшу үшін ұйымдық - құқықтық негіз құрған Орталық Азиядағы бірінші мемлекет болып отыр. Осының аясында мемлектіміз бірқатар заңнамалық құжаттырды белгілеп, жаңартылатын энергетика саласындағы бастапқы заңнама нормаларын қабылдап қойды. Онда электр энергетикасы жүйесіне қолжетімділік және жеңілдікті тарифтер сияқты қолдау көрсету шаралары белгіленген.

Энергия - адамның өмір тіршілігін ынталандыру және дамыту үшін жағдай жасайтын табиғи көз болып саналады. XXI ғасырда бүкіл әлемнің даму қарқынына байланысты, әсіресе дамушы елдері арасында энергия тапшылығы байқалып, оған деген сұранысы жылдан жылға артып келеді. Болашақта адам тіршілігінің басты проблемаларының бірі сумен қоса, энергия тапшылығы болмақ. Оның дәлелі бүкіл дүние жүзінде табиғи отыннан алынатын энергияға сұранысының артуы және оның қымбаттауы болып отыр. Осының бәрін айта келе, болашақта көмірсутегі экономикасының дәуірі біртіндеп аяқталатыны анық. Адам өмірі тек мұнай мен газға ғана емес, жаңартылатын энергия көздеріне де негізделетін жаңа дәуір келе жатқаны байқалады. Міне, осыған байланысты энергетикалық қауіпсіздік мәселелері, бүгінгі күні көптеген елдерді алаңдатып отыр. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаев жуырда халыққа жолдауында жаңартылатын энергия көздерінің еліміздің дамуында маңызды орын алатынын атап өтті. Қазақстан болашақта электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын және баламалы энергия көздері негізінде өндірілетін электр энергия үлесін 2025 жылға қарай 6% - ға, 2030 жылға 10% - ға дейін жеткізуге ниетті, ал 2050 жылға қарай барлық энергия тұтынудың кемінде жарты бөлігіне дейін, яғни 50%- ға жеткізу міндетін қойып отыр.

Еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі, ел экономикасы мен халқының энергетика саласындағы оның ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қатерлерден қорғалуының жай - күйі ресми түрде тұжырымдалған.  Сонымен қатар, бүгінгі күні адам табиғаты үшін, ең алдымен  маңызды мәселелерінің бірі өндірістен, тұрмыс тіршілігінен қоршаған ортаға шығып жатқан парниктік газ шығарындыларының жер бетіндегі бүкіл әлемге едәуір мөлшерде таралуы, сондай-ақ жаһандық жылынудың салалары туындап отырған өзекті мәселелердің шешу жолдарын іздестіру және оған шектеу қою сияқты сұрақтар көптеген ғалымдар арасында үлкен талқыға түсуде.

Электр энергиясын тұтынудың артуына және дәстүрлі энергия көздерінің шектеулі қорына байланысты балама энергияны әзірлеу және пайдалану қажеттілігі туындап отырған секілді. Дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерін бірлесіп пайдалану, аймақтарда энергияның резервтік көздерін құруға, энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыруға, экологиялық таза жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқасында қоршаған ортаға зиянды әсерлерді азайтуға, энергия жүйелеріне қосылмаған алыс мекендерде орналасқан тұтынушыларды энергиямен жабдықтау проблемасын шешуге мүмкіндік береді.

Бүкіл әлемнің көптеген елдерінде соңғы онжылдықта баламалы энергияны жүйелі түрді пайдалану мәселелері мемлекеттік деңгейде қарастырылып, осы бағытта жаңа  ғылыми және экономикалық жобалар, бағдарламалар қабылданып, оны жүзеге асыру жолдары жан-жақты талқыланып жатыр. Осыған орай, адам тіршілігінің тұрақты дамуын қамтудың жеті мақсаты белгіленді, соның бірі ол баламалы энергия көздерінен алынатын тұтынуы жағынан арзан, сенімді, тұрақты және қазіргі заманғы энергия көздерінің қолжетімділгін қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстанның жаңғыратын энергия саласында әсіресе, жел, күн және биоотын энергиясын алу саласын дамытуға орасан зор мүмкіндігі бар. Жел энергиясымен қазіргі таңда табиғи ресурстардан алатын энергияға қарағанда 25 есе көп энергия өндіруге болады. Бұдан басқа парникті газдардың шығарындыларын төмендетуде де жаңғыратын энергия көздерінің айтарлықтай рөлі зор. Сондай-ақ, қоғамның баламалы энергия көздеріне өту мүмкіндігі әлеуметтік, экономикалық және экологиялық дамуының нақты сценариін тікелей анықтайтыны рас. Экологиялық таза энергия көздерімен және де энергия үнемдеумен байланысты жасыл технология саласындағы ғылыми зерттеулер мен жетістіктер қоғамдастықтың қызметтік ықпалын анықтап, энергетиканың тұрақты даму келешегін жасайды.

Жоғарыда айтылған мәселелерді алдын ала айқындап, ортақ мүмкіндіктерге ой қосу, талқылау ол бәрінің басты міндеті. Міне, осы басты мәселелерді жан-жақты бір жерге ұштастыру Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетіне қарасты «Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрамыздың 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған  «XXI ғасырдың жаһандық сын-қатерлері және қоршаған орта» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға сай келді. Аталған конференцияның негізгі мақсаты тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін жасыл энергетика, экология, тіршлік қауіпсіздігі саласындағы ғылыми проблемелар мен осы бағытта білім беру тәжірибесін талқылау, сонымен қатар мемлекеттік органдардың, ғылым, білім, бизнес өкілдерінің, еліміздің жалпы жұртшылығының назарын аудару  және басқада аймақтарда, жердегі экожүйелерді қорғау және қалпына келтіру, тұрақты дамуды ынталандыру, су тапшылығы, климаттың өзгеруі және жеріміздің тозуын тоқтату және  т.б. саралау болып табылады.

Жаңаша көзқарастар мен қажеттіліктер жоғарыда аталған кафедраның осы мәселелерге байланысты ғылыми зерттеулер мен ізденіс жұмыстарын жүргізуіне негіз болып отыр. Өйткені, тұрақты дамудың ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыда сараптауда шындап ден қоятын мезгіл жетті деп ойлаймыз. Жасыл экономиканың негізі қаланса тек елімізді ғана емес, күллі әлем өзінің тепе-теңдігін сақтай отырып, болашақтың жарқындығын қамтамасыз ететін деңгейге көтеріледі деген сенімдеміз. Ол үшін жүйелі білім, терең таным керек. Кафедраның мақсат-мұраттары осы деңгейлермен өлшенеді.

Осы мәселерді одан әрі жан-жақты саралап, ғылыми негізде ізденіс жұмыстарын жүргізу үшін  кафедрада жаңа оқу курстары енгізілді. Ол жұмыстарға жетекші профессорлар, доценттер мен қоса жас ғалымдар өз еңбектерін аямай жұмыс жасау үстінде. Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу мәселелері, климаттың өзгеруі туралы сияқты маңызды сұрақтар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Экология», «қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандықтарының болашақ түлектерінің тәжірибелік құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін аса маңызды болып табылады.  

 

А.Т.ҮМБЕТБЕКОВ,

ҚазҰУ,

«Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО» кафедрасының

 аға оқытушысы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста