Құжаттар рәсімдеудегі қиындықтар артта қалады

 Қазір құжатын құшақтаған жұрт Халыққа қызмет көрсету орталығына ағылады. Құжат жинау балабақшадан басталады. Ата-ана алтын уақытын кезекке сарп етеді. Бір анықтаманы алу үшін бір күн сандалады. Ұзын-сонар кезек, бір-екі күн дайындалатын анықтамаларды алуды жеңілдету үшін қазір Халыққа қызмет көрсету орталықтары бірқатар жұмыстарды қолға алды. Соның бірі – Азаматтарға арналған үкімет.

Елбасы: «Біз цифрлық техно­ло­гия­ны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс­піз. Бұл – маңызды кешенді мін­дет. Цифрлық қызмет көрсетуді да­мыту керек» деген соң, тиімді қыз­мет түрлері іске асырыла бас­та­ды. Азаматтарға арналған үкімет Ка­нададағы Canada Service, Авст­ра­лия­дағы Centrelink үлгісі негізінде жа­салған. Тиімділігі – ел мемле­кет­тік қызметтерді бір жерден алады. Мақ­сат – қағазбастылықтан арыл­ту, уақыт үнемдеу. Құжаттарға қол­же­тімділікті қамтамасыз ету мақ­са­тын­да істеліп жатқан жұмыс­тар­дың нәтижесі жайлы Алматы қа­ласы Наурызбай аудандық ХҚКО мамандары әңгімелеп берді. ХҚКО-дағы жаңа­лықтар мен мәселелер жөнінде «Аза­маттарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясы» коммер­ция­­лық емес акционерлік қоғамы Ал­маты қаласы бойын­ша филиалы – Халыққа қыз­мет көрсету ор­та­лығы депар­та­ментінің Наурызбай ау­дандық бө­лі­мінің басшысы Шың­ғыс Бегманұлы айтты.
Биылдан бастап, Қазақстанда ХҚКО-да азаматтарға ақылы түрде қызмет көрсететін дербес менед­жер­лер жұмыс істей бастады. Халық «Дер­бес менеджердің көмегіне жүгі­ніп, алтын уақытын тиімді пай­да­лана ала ма?» деген сауалымызға: «Сынақ ретінде енгізілген жаңа­лық­тың нәтижесі жақсы. Тәжі­ри­бенің мақсаты – жемқорлықтың ал­дын алу. Себебі, ел арасында әлі де болса, танысына сеніп, сан со­ғып, алданып қалатындар кездеседі. Дер­бес менеджерлер жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға ақылы түрде құ­жат, анықтама алу, дайындау, но­тариалдық куәландырусыз жыл­жы­майтын мүлікті тіркеу, кепілге қою, сатып алу-сату келісім­шарт­та­рын дайындау, қажет болса банкке бару, ХҚКО-дан өзге инстанция­лар­да да құжат рәсімдеу қызметтерін ат­қарады. ХҚКО-ның қызметкері аза­маттар атынан құжаттарды но­тариалды расталған сенімхат ар­қы­лы жинайды. Екеуара келісімшарт жасалады. Дербес менеджердің қыз­мет ақысын мемлекет бекіткен. Оның қызметін пайдаланушылар құжаттары уақытылы жиналғанын бақылап отырады. Қағазбастылыққа уақытын жоғалтпайды» деп жауап берді.
ХҚКО-ның кейінгі жылдары құ­жатты үйге жеткізіп беретін қыз­мет түрлерін көрсетеді. Алматы қа­ла­сы бойынша құжатты жеткізіп беру құны – 500 теңге. Елдіме­кен­нің, қаланың қашықтығына бай­ланысты жеткізу бағасы – 1800-2000 теңге. Балабақша, оқу орындары, жұ­­мысқа тұру үшін, құжат жинау үшін халық уақытын үнемдейді. Қа­жет құжаттар дер уақытында жи­налады. Сенімді, жоғалып кетпейді.
Наурызбай аудандық ХҚКО-ға күніне мыңнан аса адам келеді екен. Жаңа ауданның дәл ортасында орналасқан орталық халықтың ке­ліп-кетуіне өте ыңғайлы. Нау­рыз­бай – Алматы қаласына жаңадан қосылған аудан. Жаңа аумақта аттас көшелер көп. Атаулары бірдей көшелерді ауыстыру, тұрғындардың жергілікті мекенжайы бойынша құ­жаттарын қайта рәсімдеу үшін х­алық табалдырық тоздырады. Шың­ғыс Әшірбековтің айтуынша, көше атаулары ауыстырылса, тұр­ғын үй, жер, жеке бас құжаттары жаңа көшеге қайта бекітіледі. Қа­ла­да қайталанатын көше тұр­ғын­дары үш жылдан бері құжаттарын ауыс­тырған. Жаңа көше тұрғын­дары еш­бір қиындықсыз құжатта­рын қай­та жасатқан. Бұрын Алматы об­лы­сының Қарасай ауданында бол­са, қалаға ауысқанда Наурызбай ау­данының жаңа көшесімен рәсім­дел­ген. Құжаттары заңды тұрғыда тура, түгел болса, ешқандай қиын­дығы жоқ.

Жаңа ауданның басты айыр­ма­шылығы – басқа облыстан көшіп кел­гендер мен жастар көп шоғыр­лан­ған. Баспана алуға құжат жинау­шы­лардың қарасы көп. Үй алудағы ал­ғашқы баспалдақ – қалада тұ­рақ­т­ы тіркеуде тұру, тұрғын үйдің ке­зе­гіне жазылу. ХҚКО-дағы «Өзіне-өзі қызмет көрсету» секторы ком­пью­терді меңгергендерге қолайлы. Үй алуға қажетті құжаттарды өзі-ақ жинап алуға мүмкіндік жасалған. «Қазір кезектің азаюына «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы» елге кө­мегін тигізіп жатыр. Бұрын тұр­ғын үйге ХҚКО өтініш жазған­дар­дың құжаттарын қабылдап алып, оны курьер арқылы Тұрғын үй бас­­­­қар­масына өткізетін. Арада бір­неше күн өтетін. Қазір азаматтар элек­тронды цифрлық қолтаңба ар­қылы өз құжаттарын өздері тіке­лей жібере алады. Құжатты жүйелі жіберу тәр­тібін үйреніп алған аза­матқа ХҚКО-ға арнайы барудың қа­жеті жоқ. Үйінде, жұмысында оты­рып-ақ тіркеуге тұрып, тұрғын үй­ге өтініш тапсыра береді. Оның тиім­ділігі туған-туыс, дос-жараны­на да осы тәсілді үйретеді. Соның нә­ти­же­сінде, ХҚКО-дағы кезек са­ны азай­ды» дейді Шыңғыс Әшірбеков.

Елге барлық қажетті құжатты бір жерден алып, еш қиындықсыз құ­жат рәсімдеген оңтайлы. Бірақ аза­­маттардың жеке бас деректерін құ­пия сақтауға кім кепілдік береді? Екін­ші біреу «құжаттарын пайда­ла­нып кетпей ме?» деген күмән жоқ емес. Жуырда Алматы қаласы Ал­малы аудандық ХҚКО-ның бас­шы­сы тұрғынның «жеке мәлімет­те­рін жа­рия етті» деген себеппен қыз­­­ме­тінен босатылды. Мұндай ке­лең­сіз­дік­тер жайында: «Мәселен, жасы үлкен кісілердің ұл-қызы: «Ау­руханада жатыр, ХҚКО-ға келу­ге мүмкіндігі жоқ. Анықтамаларын шы­ғарып берсеңіз» деп өтініш ай­та­ды. Науқас, өздігінен жүре ал­май­тын азаматтардың ұл-қызы сен­ім­хат­пен келеді. Әрбір азаматтың же­­­­ке құжаттары жайында ақпарат е-gov-тың базасында сақталады. Е-gov порталына тіркеліп, жеке ка­бинет ашады. Жеке кабинетіне элек­тронды цифрлық қолтаңба ар­қылы кіріп, керек құжатын ала­ды, жинайды. Бұған дейін азамат­тың е-gov-тан қандай құжат алғаны туралы тұтас тарихы сақталады. Сен­бесе, тексеріп көруге болады. Айы, күні, жылы, сағатына дейін жа­зылып тұрады. Кейде үлкен кі­сі­лер туысына сенімхат бергенін, ұл-қы­зын анықтамаға жұмсағанын ұмы­тып кетеді. ХҚКО-дағы әрбір қа­дам камера арқылы бақыланады. Таң­ғы 9-дан кешкі 8-ге дейін ха­лық­­пен біргеміз. Орталықтан­ды­рыл­­ған мониторинг бөлімі бар­лық ХҚКО-ны камерадан көріп оты­ра­ды. Астанадағы Ахуал ор­та­лы­ғы Қазақстан бойынша бүкіл ХҚКО-ның қызметін бір монитор­дан бақылайды. Сондықтан негізсіз жала жауып, қауесет тарататындар заң шеңберінде жауап береді. Бізде 50-ден аса қызметкер бар. Халыққа әдепке сай қызмет көрсетпесе, ша­ра қолданамыз. Шектен шыққан жағ­дайлар болса, жұмыстан кетеді. Азаматтарға арналған үкімет к­ор­по­рациясының құрамындамыз. 30-ға жуық қызмет түрін ЭЦҚ-сыз-ақ алуға болады. Ұялы телефо­ныңыз­­ға е-gov қосымшасын жүк­теп алып, анықтамаларды ала бе­ре­ді. Жеке телефон нөмірін тіркеп, бір реттік парольді пайдалану да қолай­лы. Болашақта жасы үлкен аза­мат­тар интернетті қолдануды үйренсе, анықтама алуға уақытын жоғалт­пай­ды. Қазір құжат жинау, ауыс­тыру – қолжетімді. Жұрт қажетті құ­жаттың 80 пайызын ХҚКО-дан ала­ды. Енді соны 90 пайызға жет­кізу жоспарда бар», – дейді Шыңғыс Бегманұлы.
2016 жылдан бері жұмыс істеп ке­ле жатқан Азаматтарға арналған үкі­мет ХҚКО, Жылжымайтын мү­лік орталығы, Жер кадастры ғылы­ми-өндiрiстiк орталығы, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орта­лы­­ғының жұмысын бір жерге жи­нақ­тап, атқарып отыр. Елге пайда­лы жұмыстың нәтижесі әрі қарай же­тілдірілсе, болашақта қағазбас­ты­­лықтан арылып, құжат жинауда қи­налмаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста