Босқын мен оралмандық мәртебені шатастырып алған жоқпыз ба?

Босқын мен оралмандық мәртебені шатастырып алған жоқпыз ба?

Соңғы бірнеше күннен бері бірқатар БАҚ-да Қытайдан ұйғыр ұлтының өкілдері Қазақстанға оралман мәртебесімен өтіп жатқаны туралы ақпарат тарап жатыр. Олардың деректері рас болса, ұлтын қазақ етіп алғандар оралман мәртебесімен алты айдың ішінде азаматтық алуға, көмекке берілетін ақшаны қарпып қалуға және жер мен баспаналы болуға мүмкіндік алады-мыс. Егер де бұл ақпарат расқа айналса, не істемек керек? Бұл мемлекеттік қауіпсіздікке қалай әсер етеді? «Алаш айнасы» ой қорытып көрген еді?
Алдымен, оралман мәртебесі деген не екенін талдап алайық. Шеттен келген ағайынның біразы осы «оралман» сөзіне қарсы екендіктерін білдіріп, «қандастар» деген атауды ұсынып жүр. Біздің ойымызша, атауда тұрған ештеңе жоқ. «1997 жылдың 13 желтоқсандағы ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» Заңында «оралман мәртебесі» басқа елдерден көшіп келетін этникалық қазақтарға ғана берілетіні жазылған. Ал, заң бойынша этикалық қазақтардан өзгелер бұл мәртебені иелене алмайды.
Мамандардың пікіріне сүйенсек, Қазақстанмен шекаралас Құлжа, Шәуешек, Алтай аймағында қазақтармен бірге тұрып, қазақ тілін меңгеріп алған ұйғырлар өте көп. Тіпті, олардың кейбіреуінің аттары да – қазақша. Ал, Қытай саясатында ұлтын өзгерту өте оңай. «Егер апасы, атасы, әйтеуір тегіндегі бір туысы қазақ, орыс, қытай, не ұйғыр болса, оны қытай мемлекеттік орындарына дәлелдеп берсе, ұлтын ауыстыра салады. Демек, ұйғырды былай қойып, қытайдың өзі қазақ мемлекетіне «қазақ» болып өтіп жатуы әбден мүмкін.
Дос Көшім, саясаттанушы:
– Өз басым бұл мәселеге мониторинг жасап, зерттеу жүргізіп көрген жоқпын. Сондықтан да, ақпараттың растығына күмәнмен қараймын. Осындай дақпырт тараған соң, құзіретті органдар бұл ақпараттың рас, өтірігін дереу анықтау қажет. Біріншіден, дерек анықталмай жатып, аттандауға болмайды. Екіншіден, «1993 жылдары шекарадан 20 мың ұйғыр өтіп кетті» деген шу болған еді. Көптеген азаматтар бірігіп, мемлекетке хат жазып, аласапыран күй кешкенбіз. Бұл да сондай жалған ақпарат болып шығуы мүмкін. Десек те, журналистер тарапы мұндай мәселелерді бақылауда ұстағаны жөн. Соңғы 6 айда шекарадан кімдер өткені, кімдер азаматтық алуға ниет білдіргені туралы зерттеу жасап жіберсе, бәрі белгілі болар еді.
Бүгінде бұл ақпараттың анығына жету үшін бірқатар азаматтар ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевтың, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың және Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбековтің аттарына ашық хат жолдап отыр. Бірақ, құзіретті органдар әлі де жауап бере қойған жоқ.
Сарапшылар «егер Қытайдағы ұйғыр ұлтының азаматтары «оралман» атанып үлгерсе, ол біздегі жемқорлықтың көрсеткіші деп бағалауымыз керек» деген пікірде. Өйткені, парақорлық дендеген мемлекетте мұндай жағдайлар бола береді.
Әли Кемел, әлеуметтанушы:
– Қытайдағы ұйғырлар әлем елдеріне босқын ретінде кетіп жатыр. Осындай тұста олардың қазақ шекарасынан «қазақ» болып өтуі мемлекеттік тұтастығымызға қауіп төндіреді. Бұл біріншіден, біздегі жемқорлықтың дендеп бара жатқанының көрінісі. Екіншіден, осы аптада Украинаның 37 азаматы Алматы, Астана қалалары мен облыстардың ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармаларына босқын мәртебесін беруді сұрап, өтініш білдірді ғой. Қытайдағы саяси шиеленіс осылай жалғаса берсе, ұйғырлар түрлі жолмен Қазақстанға өтіп, украиндықтар секілді босқын мәртебесін сұрауы да мүмкін. Шекарадан «оралман» болып бір, босқын болып екі өтсе, олар үлкен күшке айналары хақ. Бүгінде екі жыл тоқырап қалған «Қазақ көші» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамасымен жандана бастады. Енді оны ұйғырлар пайдаланып кетсе, ішкі саяси ахуалымыз қиын жағдайға тап болары сөзсіз.
Қытайдағы ұйғырлар «қазақ» болуға неге құмартады? Шыңжаңдағы саяси толқулардан кейін ол жақтағы ұйғырлардың жағдайы қиындап кетті. Сондықтан да олар елімізге келіп тұрақтап қалу үшін аты-жөнін, ұлтын «қағаз жүзінде» өзгертуге дайын екені белгілі. Бірақ, әлі күнге елімізге қаншама азаматтың ұлтын өзгертіп, шекара асқаны белгісіз. Оны зерттеп, мониторинг жүргізіп жатқан ешкім жоқ. Тек «жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» дегендей ара-тұра қысқа ғана ақпараттар төбе көрсетеді. Басқа мысалдарды былай қойып, 2012 жылдары Алматының Көші-қон полициясы дәл осындай жолмен қазақ атанып жүрген екі ұйғыр (Әбдіхалық Әбдісалам мен Ұлан Шеризат) азаматын әшкерелегенін айтсақ та жеткілікті. Бұл 2012 жылғы дерек. Одан бері мұндай Әбдісаламдардың қаншасы шекара асты? Жауап табу қиын.
Саясаттанушы Дос Көшім де Украинадағы жағдайға алаңдайды. Ол жуық арада ТМД елдері украин босқындарының астында қалуы мүмкін екенін, сол босқындар арқылы саяси ойындар ойналатынын тілге тиек етті.
Дос Көшім, саясаттанушы:
– Қазір бізден Украинаның 50-60 азаматы босқын мәртебесін сұрап отырса, біраз уақыттан кейін олардың саны 2-3 мыңға жетуі мүмкін. Халықаралық заңдылыққа сүйенсек, біз оларды қабылдамай қоюға хақымыз жоқ. Сол босқындар арқылы ел аумағына түрлі идеологиялар келуі де ғажап емес. Украинада қолына қару асынғандар, өз миссиясы аяқталғаннан кейін, бізге келіп, «тәртіпті» азаматтың рөлін сомдамасына кім кепіл? Мәскеудің арнайы қызметтері әдейі осы қадамға баруы да мүмкін. Сондықтан, азаматтық мәселелерде әрдайым абай болғанымыз жөн.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан аумағында барлығы 589 босқын немесе 131 отбасыға құқықтық-әлеуметтік көмек көрсетіледі екен. Олар мемлекеттің қорғауына алынған. Олардың дені - 556 адам - Ауғанстаннан келгендер. Бұл сан біздің босқын қабылдауда тәжірибеміз өте аз екенін көрсетеді.
Елнұр Бейсенбаев, саясаттанушы:
– Қазақстан негізінен босқын қабылдайтын ел емес. Бұл мәселе ҚР заңдары негізінде де толыққанды реттелмеген. Қазір Қазақстанға қашып келгендер түрлі жолдармен босқын атанып жатқан шығар. Ал, жалпылама әлемдік аренада біз босқын қабылдап, атымызды шығарған емеспіз. Ондай саяси ойындар ойнау қолымыздан келеді дегенге сенбеймін. Бұл орайда Қытайдағы ұйғырлар қолы жетсе «оралман» статусымен келуге тырысатыны хақ. Өйткені, «оралман» статуысы, «босқын» статуысынан жоғары. Оралмандарға мемлекет жер, үй, қаражат береді. Олардың толыққанды осы елдің азаматы болып кетуге мүмкіндігі мол. Сол үшін де қазақтарға арналған статусты өзгелердің пайдалануына жол бермеуге тиіспіз.
«Алаш айнасының» түйіні
Қытайдан ата жұртына оралғысы келетін ағайын өте көп. Олардың ішінде ұйғырлар да шекара асып жатуы әбден мүмкін. Бірақ, бұл ақпаратты тек видео арқылы
(қараңыз: Қытайдағы қазақтар виза алуға зар болып жүр. видео) дәлелдеу аздық етеді. Осындайда көкейге кеп «біздің құзіретті органдар босқын мен оралмандық мәртебені шатастырып алған жоқ па екен?» деген сауал ұялайды екен. Сіз қалай ойлайсыз?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста