Ақпараттық технология сот төрелігінің ашық, қолжетімді болуына қызмет етуде

Ақпараттық технология сот төрелігінің ашық, қолжетімді болуына қызмет етуде

 Әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылу мұраты болған еліміз бүгінде бұл бағытта маңызды қадам жасап отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  бір сөзінде «өзгеріс дауылы тұрғанда оған қарсы қорған емес, желкен тұрғызу керек» деп әдемі айтып еді. Шындығында, қазіргі әлем үздіксіз өзгерістер үстінде. Ондай өзгерістер дүниеге біртіндеп емес, бірден батпандап еніп жатыр. Соның бір ғана мысалы - ақпарат ғасырындағы жаңалықтың шапшаңдығы. 

Елімізде цифрлы технологияға ең алғаш қадам басқан Жоғарғы Сот екені белгілі. Құзырлы орын өзінің бұл бағыттағы шешімін осыдан он жыл бұрын қабылдап, бүгінде ақпараттық технология сот төрелігінің ашық, қолжетімді болуына қызмет етуде. Ол тұрғындардың сотпен қарым-қатынасының барлық үрдістерін қамтиды. Мәселен, жұртшылық осындағы электронды сот жүйесінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануда.
Сот кабинеті – электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналады. Сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған жүйе бүгінде сіңісіп, сала қызметін оңайлатуда. Осы жүйенің арқасында кез келген азамат, немесе оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ Интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады. Жыл басынан бері бізде сот кабинетінен 109 талап арыз түсті, бұл электронды түрде берілген арыздар саны барлық өтініштердің 97 пайызын құрайды. Мәселен кез келген тұлға өзінің уақыты мен қаражатын шығындамай, үйінен талап-арыз жіберсе, ол электронды түрде соттың базасына түседі. Сот қызметкері дайын электронды түрде түскен арызды тіркейді. Бұл үшін ол құжаттарды сканерден өткізіп, базаға салып жатпайды, өйткені бұлардың барлығы дайын түседі.
Бұдан басқа, сот кабинеті арқылы үйден шықпай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеуге, істердің қарау тізімін, сотқа шақыру туралы хабарламаларды алуға, сот істерін іздеуге, сот отырысының хаттамасына ескертпелер жіберуге мүмкіндік бар. Осы электрондық сервисті қолдана отырып, сот отырысының қатысушылары олайн режимінде азаматтық сот істерін, олардың реквизиттері бойынша іздей алады, әртүрлі іс-жүргізу сұрақтары бойынша шығарылған құжаттарды көріп және баспаға шығарып алуға мүмкіндік бар. Сот жүйесінде жоғарыда аталған электрондық қызметтер тәріздес қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді оңайлатады, бюрократиялық кедергілерді жояды. Ал бұл азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге септігін тигізеді, сот жүйесінің тұрғындар үшін барынша айқын және қолжетімді болуына мүмкіндік береді.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына сәйкес сот жүйесінің жұмысына қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар кеңінен енгізiліп, «Сот кабинеті» электрондық сервисін жаңарту үшін «Сот кабинетінің мобильдік құрылғысы» әзірленді. «Сот кабинетінің мобильдік құрылғысы келесі қызметтерді қамтамасыз етеді.
Сот кабинетінің бір қызметі – Жаңалықтар. Бұл қызмет Қазақстан Республикасы Сот жүйесінің жаңалықтарын хронологиялық тәртіпте ертерек жарияланғандарынан бастап кейінгілеріне қарай көруге мүмкіндік береді. Жаңалықтар сервисінде ұнаған жарияланыммен Facebook әлеуметтік желі парақтарында бөлісу мүмкіндігі іске асырылған. Істерді қарау тізімдері — бұл сервис нақты сот органы бойынша таңдап алу мүмкіндігімен тағайындалған сот отырыстары туралы ақпаратты (өткізу күнін, орнын және уақытын) онлайн режимде табуға мүмкіндік береді. Келесі қызмет түрі тапсырылған құжаттар — бұл сервис қосымша пайдаланушысына мобильдік қондырғыға жүктеу мүмкіндігімен сот органдарына Сот кабинеті веб-сервисі арқылы жолданған барлық құжаттарды көруге мүмкіндік береді. Хабарлаулар қызметі — бұл сервис пайдаланушыға сот органдарына берген сот құжаттарының мәртебесін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Сот процесі қатысушыларының күнтізбесі – бұл сервис күнтізбеге оқиғаларды қосуға, сондай-ақ сіз процеске қатысушысы болып табылатын сот отырыстары туралы мәліметтерді көрсетуге мүмкіндік береді. Осылайша, бұл қызмет түрі адвокаттың басқа соттарда жұмыспен қамтылуын ескеру, сондай-ақ адвокаттың (қатысушының) басқа сот процесіне қатысуға байланысты сот қарауын кейінге қалдыру туралы өтінішінің негізділігін тексеруге мүмкіндік туғызады. Жіберуді күтуде қызметі арқылы сіз қол қоймаған және сот органына жібермеген өтініштер туралы ақпаратты қамтиды. Чат — бұл сервис қосымша пайдаланушыларына мәтіндік хабарламалармен алмасуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні Сот кабинеті арқылы осындай қосымша қызметтерді пайдадану мүмкін болып отыр.Осындай электрондық жүйе азаматтардың қаржы мен уақытын үнемдейді және сот төрелігінің әділдігін камтамасыз ететіні анық.
Жоғарғы Сот ұсынған тағы бір жоба – Ситуациялық орталық болды. Бұл шара да электронды сот жүйесін жетілдірудің бір бағыты. Орталық Жоғарғы Сот ғимаратына орналасқан. Ситуациялық орталық судьялар жұмысын жетпістен астам көрсеткіш бойынша қашықтықтан қадағалап, елдегі барлық сот процестеріне мониторинг жасауға жол ашады. Сөйтіп, онлайн арқылы сот жұмысындағы олқылықтарды дер кезінде көріп, оларды шұғыл түрде жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, азаматтар тарапынан наразылыққа себеп болатын барлық жағдайларды жоюға көмектеседі. Бұл жүйе азаматтардың сотқа жүгіну кезінде құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуденақты нәтижеге қолжеткізеді. Электронды соты дамыту бағытындағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасып, ол бұл саладағы озық тәжірибелермен толықтырыла беретін болады.
Мемлекетімізде жасалып жатқан ізгі бастамалардың барлығы қарапайым халықтың қамы үшін қолға алынған шаралар. Заманауи электрондық қызмет сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігіне бағытталған. Сондықтан «сот кабинеті» қызметі бүгінгі күннің талабына жауап беріп қана қоймай, көптің көңілінен шыққан жүйе болып отыр.
Алия ЖАМАНОВА,
Ақжайық ауданының №2 соты кеңсесінің меңгерушісі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста