Шетелдіктер қыздарымызды қашанғы «лақтырып» кете береді?

Шетелдіктер қыздарымызды қашанғы «лақтырып» кете береді?

Біз бұған дейін қос азаматтықтың зардаптары жайлы бірнеше мақала жазған едік. Сол кезде шетелдік азаматтарының қарагөз қыздарымызбен некеге тұрып, азаматтыққа немесе тұрақты тіркеуге тұрып алған соң, ажырасып кететінін сөз еткен болатынбыз. Кеше 31 арнаның кешкі жаңалықтарынан дәл осындай тағдырлы Анар атты қыздың жайы сөз болды. Бүгін «Алаш айнасы» басылымы сол Анар Ифтихарды тауып алып пікірлескен еді.

Анар пәкістандық күйеу жігітпен...
Атыраулық Анар Ифтихар 2012 жылы пәкістандық Хуррам Ифтихар атты азаматпен заңды некеге тұрыпты. Ол азаматпен бір жарым жылға жуық уақыт отасқан. Анардың айтуынша, пәкістандық жігіт оны сүйетінін айтып, артынан қалмай жүріп үйленген. Бірақ, Анар Хуррамның бар мақсаты тұрақты тіркеуге тұру һәм Қазақтанға емін-еркін кіру құжатына ие болу екенін кеш түсінген. Ол, ол ма, қазақ қызының тағдырын азаматтық үшін тәлкекке салған шетелдік Анардың атынан үш несие алып үлгерген. «Күйеуге тиіп, тағдырдың таяғын жегенім аздай, енді оның өсімді қарызын да өтеуге мәжбүр болып отырмын» дейді шарасыз қызымыз.
Анар Ифтихар, шетелдікке алданып қалған қеліншек:
– Менің жанайқайыма құлақ асатын адам таппай отырмын. Мен 2012 жылы пәкістандық азаматпен заңды некеге тұрдым. Ол осы некенің негізінде тұрақты мекен-жайға тіркелу құқына ие болды. Тұрақты тіркеуі бар кез-келген пәкістандық азамат 5 жыл бойы Қазақстан мен Пәкістан арасында визасыз еркін жүре алады. Сосын ол мені 3 несие рәсімдеуге көндірді. 2013 жылдың 2 тамызы күні тұрақты тіркеуге қол жеткізіп, 2 қыркүйек күні «Пәкістанға барып келемін» деген сылтаумен Алматыға кетті. Содан бері із-түзсіз жоғалды. Мен алдымен ІІД-не шағымданып, іздеу салдым. Қазір Хуррам Атырауда тайраңдап жүр. Мен – жалғызбасты анамын. Құмыссыз болсам да, атыма алынған несиені төлеп жатырмын.

Хуррам Ифтихар
Хуррам Ифтихар 1976 жылы Пәкістанға дүниеге келген екен. Анармен заңды түрде некесін бұзып үлгеріпті. Біз осыған дейін «Қос азаматтық: Депутаттар неге үнсіз?» (қараңыз Қос азаматтық: Депутаттар неге үнсіз?) деген мақала жазып, сол материалда: «Заң бойынша ҚР азаматымен кемінде үш жыл некеде тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтығын ала алады. Қазақстандық қызбен тұрмыс құрған кірме, азаматтық алғаннан кейін ажырасып кетсе, оның азаматтығы сақталып қалады» деп бұл мәселенің де астарына үңілген едік. Сондай-ақ, «Қазақстан азаматтығынан кімдерді шығарып тастау керек?» деген мақала жазғанымызда (қараңыз Қазақстан азаматтығынан кімдерді шығарып тастау керек?) ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл: «Азаматтық» туралы Заң талқыланғанда үш жыл ішінде Қазақстан азаматымен отасқандарға жеңілдетілген жолмен азаматтық беру мәселесіне қарсы болған едім. Әлі де сол пікірдемін. Бұл қазір науқанға айналып барады. Заңның осы бабын пайдаланып, қаншама азаматтар еліміздегі жесір әйелдермен, қыздармен отасып жатыр. Меніңше, біріншіден, Заңнан бұл бабты алып тастау керек», - деген болатын.

Қыз ұзату...
Гүлзада Қасанова, Анардың әпкесі:
– Сіңілімізді пәкістандық азаматтың арам мақсаттарына пайдаланып кеткеніне нала болып отырмыз. Анар алған несиені өтету мақсатында оны сотқа да берді. Одан қандай нәтиже шығары белгісіз. Ол бірде маған «соттан жеңілсем, өзіме қол жұмсаймын» деп айтты. Мен сол үшін де сіңілімнің тағдыры үшін алаңдаймын. Қайдағы бір шетелдік қазақтың қызын алдап, тайраңдап жүр. Ал, оның тағдырын кім ойлайды. Соттың бірінші отырысында С.А.Ерлалиев атты судья сіңіліме арыздың дұрыс жазылмағанын, несиеге алынған қаржының 50 пайызын ғана төлетуді сұрай алатынын айтыпты. Сонда алаяқ осылай білгенін істеп жүре беруі керек пе? Мына ісі үшін оны тұрғылықты мекен-жайдан айырып тастауға, Заң жүзінде жазалауға болмай ма?

«Алаш айенасының» түйіні
«Ата-анам сыйға жіберді» деп Анарға сари (үнді елінің ұлттық киімі) сыйлап, жүрегін ұсынған күйеужігіт Хуррам қазір қазақ жерінде алшаң басып, бизнесін дөңгелетіп жүр. Қазір Анардың баласын бауырына басып, соған лайық әке болуға серт бергенін, Анардың туыстарының алдынан өтіп, төс жегенін ұмытты ма екен, ол? Ұмытқан шығар, өйткені біздің солқылдақ заңдарымыз Хуррамдарға бар мүмкіндікті жасап қойған. Біз мұны бір ғана Анардың емес, мыңдаған Анарлардың көз жасы деп білеміз. Сіз не дейсіз?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста