Мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың басты міндеті – азаматтарға заңдарды дұрыс түсіндіру

Мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың басты міндеті – азаматтарға заңдарды дұрыс түсіндіру

 Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жеке тұлға ғана емес, сонымен қатар, жалпы ұлт та бәсекеге қабілеттілігін дамыту арқылы табысқа жете алатынын айтып өткен. Әлемнің дамыған 30 елдерінің қатарына кіру үшін бәсекеге қабілеттілікті экономикалық тұрғыдан дамытып қана қоймай, рухани байлығымызды да күшейтуіміз қажет. Кімде кім еш уақытта өзінің бастауын ұмытпау керек. Туған өлкенің тарихын, ата дәстүрін ғұрыптау, Алаш елінің көрнекті тұлғаларымен мақтан тұтып, жастарымыздың арасында патриотизмді тәрбиелеу біздің алдымыздағы басты міндет. Конституцияда айтылғандай, «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып...» құндылыққа бағалаған мыңдаған жылғы тарихымызды ұрпақтарымыздың бойына сіңіріп қана қоймай, әлемнің халықаралық тілдерінде күллі әлем жұртшылығына паш етуіміз қажет.
Осы орайда, Елбасы ХХІ ғасырға тән бәсекеге қабілеттілік білімнен, оның ішінде компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу және сананың ашықтығынан тұратынын атап өткен.
Елбасының болашағы жарқын Қазақстанға апаратын мақсаттары көрсетілген мақаласында елдің ұлттық санасын жетілдіруге, оның ашықтығына ерекше назар аударылған. Бүгінгі таңда жастардың құқықтық санасын қалыптастыру іс жүзінде және теориялық тұрғыдан да өзекті мәселе болып табылады. Адамды құқық пен заңды құрметтеуге тәрбиелеу – әр мемлекеттің басты міндеті.
Бұл ретте, барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар азаматтарға өз құқықтарын, елде қабылданып жатқан заңдарды дұрыс түсіндіру, қоғамдық талқылау тәжірибесін белсенді жүргізу, қоғам және халықпен өзара байланысты нығайту мақсатында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қатар, жастар мен балалар арасында да құқықтық түсіндіру жұмысын белсенді жүргізу керек.
Басты міндет – азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, құқықты жоққа шығаруды жою, заңды құрметтеу дәстүрін қалыптастыру және уақтылы құқықтық ақпараттандыру.
Тәуелсіздік жылдарының ең қиын тарихи кезеңінде Елбасы Қазақстан халқын біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар, жаңа ұлттық заңнаманы қалыптастыру жолында басымдықтарды орната білді.
Ағымдағы жылдың 10 наурызында елдің басқару жүйесін жаңғыртуға бастайтын, билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ете отырып, өкілеттіктерді қайта қарауға бағытталған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданып, Әділет министрлігінің бастамасымен заңнамалық актілерді Конституциядағы түзетулерге сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы аясында қолданыстағы 7 кодекс пен 46 заңға өзгерістер енгізіледі.
Олардың ішінде Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі), Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы, Азаматтық процестік кодекстері және Қазақстан Республикасының Әділет органдары, Ұлттық банкі, Дипломатиялық қызметі және т.б. заңдар бар.
Бұдан басқа, Елбасы тапсырмасымен әлемнің көшбасшы 30 елінің бірі болуға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында ұлттық заңнамаға бұрын-соңды болмаған ауқымды өзгерістер енгізіліп, ел дамуының жоғары әлемдік стандарттарына қол жеткізуіне ықпал ететін бірқатар заңнамалық актілер жұмыс істей бастады.
Олардың қатарына заң жобалау қызметі тетіктерін жетілдіруге бағытталған ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңын жатқызуға болады. Аталған Заң Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бағыттарының аражігін ажырата отырып, нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік емес құқықтық актілердің құқықтық мәртебесін айқындады.
Дауларды шешудің баламалы тәсілдерінің бірі болып табылатын дауларды соттан тыс шешу жүйесін дамытуға бағытталған ҚР «Төрелік туралы» Заңы қолданысқа енгізілді. Аталған заң мүліктік дауларға қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау тиімділігін, келісім дербестігін, құпиялылық қағидатын, дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндігін бере отырып, ұлттық экономиканы ынталандыру мен нығайту, елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды жақсартуға септігін тигізеді.
Ұлт Жоспарының 99 қадамына сәйкес қоғамға есеп беретін ашық мемлекетті қалыптастыру мақсатында ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданып, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын талқылау бөлігіндегі орталық мемлекеттік органдар мен әкімдер жанындағы Қоғамдық кеңестердің рөлдері күшейтілді.
Қоғамдық кеңестердің басты міндеті - азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, мемлекеттік органдармен шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде азаматтардың пікірін ескеру, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара байланысын дамыту, мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.
ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты жергілікті атқарушы және өкілді органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобалары міндетті түрде қоғамдық кеңестерде талқыланатын болды.
Осы орайда, ағымдағы жылы әділет департаментінде тіркелген 139 нормативтік құқықтық актінің барлығы да облыс, қала, аудандардың маслихаттарымен құрылған қоғамдық кеңестердің ұсынымдары ескеріле отырып қабылданған. Оның ішінде күн көрісі төмен отбасылар, мұқтаж азаматтар, мүгедектер, жұмыссыздардың әлеуметтік жағдайын қолдау мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеуден өткен.
Ұлт Жоспарының 27 қадамы аясында мемлекеттік сот орындаушыларын кезең-кезеңімен қысқарту арқылы жеке сот орындаушылар институтын дамыту жоспарланып, аталған бағытта бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Өткен жылы қолданысқа енгізілген ҚР «Атқару өндірісін жетілдіру және ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес атқарушылық құжаттардың басым бөлігі, атап айтқанда әлеуметтік маңызды санаттағы - алимент, еңбекақы, зейнетақы мен жәрдемақыны өндіріп алу, өмірі мен денсаулығына келтірілген залалды өтеу баламасыз негізде тек жеке сот орындаушыларымен орындалатын болды.
Бүгінде облыста 38 жеке сот орындаушысы жұмыс жасауда. 2015 жылмен салыстырғанда жеке сот орындаушылар саны 2 есеге өскен.
Ағымдағы жылдың 4 айында мемлекеттік сот орындаушыларының өндірісінде болған 3 936 атқарушылық құжаттарының 1324 өндіріспен аяқталды. Оның ішінде мемлекет пайдасына өндіру жөнінде атқару құжаттың 622 немесе 82% өндіріспен аяқталып, 447 немесе 27% құжат нақты орындалған. Жеке сот орындаушыларының өндірістерінде болған 29 754 атқару құжатының 4 429 орындалып, өндіріспен аяқталды.
Мемлекеттік және жеке сот орындаушыларымен мемлекет пайдасына 159 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді.
Әкімшілік жауапкершілікке 127 борышкер және алимент төлемдерін орындамаған 96 борышкерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс сотқа жолданды. 615 борышкерге ҚР аумағынан шығуға уақытша шектеу қойылды.
Жылдан жылға жеке сот орындаушыларына түсетін жүктеме артуда, бұл ретте әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Министрлікпен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе атқарушылық әрекеттерді барынша автоматтандыру жүзеге асырылды. Бұл өз кезегінде сот актілерін жедел әрі уақтылы орындауға оң нәтижесін беруде.
Бәрімізге белгілі ХХІ ғасырдың ортасына қарай Қазақстан әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруді мақсат етіп, оған қол жеткізу үшін бірнеше халықаралық рейтингтердің қатысушысы болып табылады.
Еліміздің халықаралық рейтингтердегі позицияларын жақсарту бағытында аумақтық әділет органдары жүктелген міндеттерін мінсіз атқарып келеді. Бүгінде әділет министрлігі жауапты орындаушысы болып табылатын Дүниежүзілік банктің «Douing bussines» рейтінгіндегі «Кәсіпорындар ашу», «Меншікті тіркеу», «Келісімшарттарды орындау» және Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі «Меншік құқығы», «Әкімшілік дауласуды реттеудегі заңнаманың тиімділігі», «Даулы сұрақтарды шешудегі заңнаманың тиімділігі», «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторларының ұстанымдарын насихаттау бойынша тұрақты негізде кең ауқымды құқықтық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Өткізілетін іс-шаралар азаматтар мен бизнес субъектілерінің құқықтық хабардар болу деңгейін көтеруге бағытталып, департамент басшылығына тікелей өтініш жасауға, толғандырған сұрақтарға жауап және құқықтық сипаттағы құжаттарды дайындауда мамандардың білікті көмегін алумен қатар, әділет департаменті қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Ата Заңымыздың 13 бабына сәйкес әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Өз кезегінде, мемлекетпен кепілденген заң көмегін өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар және заңдармен белгіленген жағдайларда адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары да көрсетеді.
Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде даму жылдарында жекеше нотариустар, бағалаушылар, жеке сот орындаушылар институттары құрылып, мемлекеттің саяси және құқықтық қолдауының нәтижесінде өз аяқтарына нық тұрды. Бүгінде аталған қызметтер еліміздің кез-келген аумағында барлық азаматтарға қолжетімді.
Құқық қорғау институттары жүйесінде алдыңғы қатарда азаматтарға білікті заңгерлік көмек көрсететін адвокатура қызметі. Осы орайда, мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында облыстың 423 азаматқа, оның ішінде қылмыстық істер бойынша – 346, азаматтық істер бойынша – 6 және әкімшілік істер бойынша – 10 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді.
Жастардың санасы сырттан келетін әсерлерді тез қабылдағыш болып келеді. Бүгінгі жастар ертең елімізді басқаратын азаматтар.
Осы орайда, Елбасымен ұсынылған бес маңызды реформаның бірі - кәсіби мемлекеттік аппаратты құру. Еліміз әлемнің дамыған елдерінің қатарына енуі үшін қазақстандық қоғамның алдына қойып отырған міндеттері мемлекеттік қызметшіге жүктелетін жауапкершілікті еселей түспек. Сондықтан осы саладағы жаңғыртулардың маңыздысы мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға және мемлекеттік қызметшілердің қоғамға қызмет етуіне бағытталып қана қоймай, болашақ ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастыру. Ал ол өз алдына кәсіби білікті, өз ісін жетік меңгерген адал мемлекеттік қызметшілердің қатарын көбейту арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда меритократиялық қоғам(link is external)ы қалыптасқан елдер ғана алдыңғы қатарларда болады. Өйткені, мемлекеттік орган қызметіне тек сауатты, білікті кадрларды іріктеу арқылы толтыру ең алдымен сыбайлас жемқорлықты тамырымен жоюдың бірден бір негізі.
Атап өту қажет, әділет департаменті басшылығымен кадрлық саясатты жүзеге асыру барысында меритократия, кадрлық іріктеу, кадрлық резервті толықтыру, ортаға жаңа қызметкерлердің бейімделуі және тәлімгерлік, еңбекті ынталандыру жүйесі, қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидаттарының басым бағыттарына ерекше назар аударылады.
Сондай-ақ, кәсіби біліктілігі мен тәжірибесін саралай отырып, ақылы қоғамдық жұмыстар негізінде қызмет ететін мамандарды жеке еңбек шартына өткізіп, бос орындар болған кезде конкурстан өту арқылы штатқа қабылдау тәжірибесі жолға қойылған.
Соңғы 4 жыл ішінде ішкі жоғары лауазымға 58 қызметкер тағайындалды. Олардың ішінде жетекші маманнан бас маманға – 36, бөлім басшысы лауазымына - 13, басқарма және аумақтық бөлім басшысы – 6 және департамент басшысының орынбасары лауазымына – 3 қызметкер.
Бұдан басқа, әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру бағытында тұрақты негізде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы өкілетті органмен бірлесе қызметкерлер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде департамент қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту деректері және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар орын алған жоқ.
Елбасымен ұсынылған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуден бастау алып, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды көрінісі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының электронды Үкіметті дамыту рейтингінде Қазақстан 2008 жылғы 81-ші орыннан 28-ші орынға жоғарылап, бұл көрсеткіштерге қол жеткізуге мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдар өз үлесін қосты.
2007 жылдан бері мемлекеттік қызметтер реестрі 5,6 есеге ұлғайды. Республика бойынша соңғы 5 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар 11 есе, мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтер 133 есе азайды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тізіліміне сәйкес әділет министрлігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 53 түрі тіркелген. Оның ішінде 21 қызмет тікелей аумақтық әділет департаменттерімен көрсетіледі.
Жыл басынан облыс тұрғындарына әділет департаментінің құрылымдық бөлімшелерімен шамамен 28 мың мемлекеттік қызмет көрсетіліп, бюджетке 54 млн. теңгеден астам баж алымы түсті. Департаменттің лауазымды тұлғаларымен қолданыстағы заңнама нормаларын бұзғаны үшін 590 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 504 жеке тұлғаға қатысты іс қысқартылған тәртіпте қаралып, мемлекет пайдасына барлығы 8,5 млн. теңге қаражат өндірілді.
Бүгінде тіркеу рәсімдерін жеңілдету, әкімшілік кедергілерді азайту, сонымен қатар, қағазбастылықты жою мақсатында мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды түрде көрсетіледі.
Айта кетсек, 2015 жылдан бастап нотариустармен куәландырылған жылжымайтын мүлікке құқықтар баламасыз түрде 1 күн ішінде электронды форматта тіркелуде. Осы жылдың 4 айында электрондық форматта жылжымайтын мүлікке 7756 құқық тіркелді. Бұл көрсеткіштер жылдан жылға өсуде.
Заңнамаға енгізілген өзгерістер нәтижесінде коммерциялық ұйымдарды құру тәртібін электронды форматқа өткізу арқылы жеңілдетіп, тіркеу рәсімі 1 сағатқа дейін қысқартылды. Бұдан басқа, заңды тұлғаны қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына толықтыруларды және таратуды онлайн режимде тіркеу тәуліктің кез-келген уақытында мүмкін болды. Онлайн режимде 242 заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өтті.
«Электронды үкімет» порталында бизнес-процесстер мен мемлекеттік қызметтерді толықтай автоматтандыру жұмысы жалғастырылуда. Алдағы уақытта «Мобильді үкіметтің» толық іске қосылуы күтілуде.
Республика аумағында «Электронды мұрағат» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қалыптастыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Тәуліктің кез келген уақытында қол жетімді болатын электронды мұрағат жүйесінің қалыптасуы
азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыруға, жеңіл әрі жедел алуға мүмкіндік береді.Мұрағат құжаттарының электрондық жүйесін қалыптастыру мақсатында облыстың азаматтық хал актілерін тіркеу мұрағатында сақтауда тұрған 1937-2008 жылдар аралығындағы актілік жазбалары және Ақтау қаласы әділет басқармасының мұрағатындағы жылжымайтын мүліктің тіркеу істері сканерленді.
Сонымен қатар, 4 мемлекеттік мекемені біріктіру арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылды. Болашақта ол мемлекеттік қызметті көрсететін бірден-бір провайдерге айналады.
Атап өту қажет, аталған жаңашылдықтар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасауға, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырумен қатар, еліміздің дүниежүзілік рейтингтердегі позицияларын жақсартуға бағытталған.
Жылдың басынан жалпыұлттық талқыға салынған конституциялық реформа мен Елбасының Қазақстан халқына арнаған мақаласы қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға және елдің әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мақсатталып, ойластырылған стратегиялық қадам болып табылады.

Бүкіл халық болып қолдаған мемлекет Басшысының бастамасы Стратегия-2050 мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының табысты іске асырылуын жалғастыруға мүмкіндік беріп, сыртқы сын-қатерлерді еңсеріп, алдағы онжылдықтарда саяси жүйенің тұрақты дамуының сенімді негізін қалайтынына сеніміміз мол. 

Бақтыгүл Сапарқызы Атағазиева

«Қазақстан Заңгерлер Одағы» РМҚ МОФ-ның төрайымы
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста