Халқының қалаулысы Қалжан ахун

Алыс-жақындағы жұрт Сыр топырағын киелі санайды. Айтса айтқандай, бұл қасиетті мекенде талай танымал тұлға ғұмыр кешкен. «Жақсының аты өшпейді» дейді қазақ. Елге шапағаты тиген елеулі азаматтар әрдайым естен шықпайды. Бұл біздің халқымыздың бойындағы асыл қасиеттерінің бірі болса керек. Қарапайым қараша жұрт қадір тұтқан адамдардың бірі Қалжан ахун да дария бойында мәңгілік мекенін тапқан. Жалпы, ахун деген атақтың ешкімге тегіннен-тегін беріле салмайтыны бесенеден белгілі. Ерекше қасиетімен дара, ғұлама қабілетімен дана атанған ардақты азамат жайлы күні бүгінге дейін ел-жұрттың арасында аңыз бен әпсанаға бергісіз әңгімелер айтылады.
Қалжан атамыздың азан шақырып қойған есімі Қалмұхаммед болған. Ол кісінің әкесі Бөлекбай халық құрметтеген ержүрек батыр болыпты. Әкесі Қарақал­пақстан жеріндегі туыстарына барып, сол жерде отау кө­теріп, сондағы қазақ жұртына басшылық жасайды. Хиуа хандығының белгілі бегі де болады. Жарық дүние есігін сол жерде ашқан Қалжан ахун беріде Сыр өңірі­нің Жалағаш аймағына бір қауым елді бастап келеді.
Осындай өнегелі отбасынан тәрбие алған Қалжан ахун жастайынан оқу-білімге зеректігімен көзге түседі. Зейінді бала кішкентай кезінен діни оқу орындарына барып, Хиуа, Бұқара қалаларында білім алады. Сондай-ақ Көкілташ медресесін де тамамдап, Құран сүрелерін жетік меңгереді. Сондай-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінде сөйлеп, жаза білуінің нәтижесінде сол тілдерде қағаз бетіне түскен дүниелерді қазақ тілі­не тәржімалаған. Дін ілімін жоғары деңгейде мең­гер­ген қайраткер қалың елді ислам дінінің имандылығына ұйытқан екен.
Өткен ғасырдың басында діндар атамыз Сыр жерінде мешіт-медресе салуға кіріседі. Жергілікті жұрт оның бұл бастамасын толық қолдап, діни орынның іргесі қалануына құлшына кіріседі. Әркім қолдан келгенше қаржысын беріп, құт мекеннің тез арада бой көтеруіне ықпал жасайды. Қазіргі таңда облыстың Сырдария мен Жалағаш ауданы аралығында алыстан менмұндалап тұрған зәулім ғимараттың сол кезде осылайша іргесі қаланған еді. Дәулетті кісілер үйір-үйірімен жылқы беріп, асарға келген ағайынды қымызбен үздіксіз қамтамасыз еткен көрінеді. Игілікті істің ойдағыдай жасалуына барша жұртшылық атсалысыпты. Тіпті бірнеше жыл бойы ешқандай ақы алмастан, тегін жұмыс істеген адамдар да аз болмаған.
Осы кезеңде Сыр өңірі аумағынан Түрксіб теміржолы тартылып жатқан кезең болатын. Жергілікті тұр­ғын­дар оны салушылардан арнайы қондыр­ғы­ны сатып алады. Сол жердің топырағынан қыш құ­йы­лып, оны мешіттің қабырғасын өруге пайдаланады. Содан бері бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, өрілген қыш­тар әлі сапасын жоғалтпай, сол күйінше сақталып келеді.
Құрылыс Көкілташ медресесінің үлгі­сінде салынады. Онда түрлі көлемдегі оқу, дәрісхана, жататын орын секілді мақсаттарға арналған барлығы 33 бөлме бар. Мешіт үйі бірнеше жыл бойы салынады. Көнекөздердің айтуынша, бұл ескі ғимарат өткен ғасырдың 20-жыл­дарына дейін толықтай біткен екен. Кезіндегі солақай саясат салдарынан атал­мыш ғимарат түрлі мақсаттарға пайдала­нылған. 1926 жылы онда бастауыш мектеп қоныс тепсе, одан кейін «Ақжол» мектеп-интернатына айналған. 40-жылдарға дейін сол мектептен талай оқушы білім алып шыққан. Одан берідегі уақытта сая­сат­тың сойылын соққан шолақ белсенділер оның сәулетін бұзудан да арлана қоймаған. Ондағы күмбездер бұзылып, дарбазасы жермен-жексен болған. Бұл жерде астық қоймасы да орын тепкен. Тіпті кезіндегі діни орын мал қамайтын жер де болған екен.
Қашанда қасиетті жерлердің қадірін білмеген адамдар өмірінің қайғылы аяқ­талып жататыны белгілі. Мұндай оқиғаны көрген көпшілік ондай адамдарды «Құдай­дың қарғысына ұшыраған ғой» дейді. Мешіт-медресені түрлі мақсатқа пай­далануға жол берген кейбір кісілер осындай жағдайды бастан өткізгенге ұқсайды.
Жергілікті жұрттың айтуынша, мешіт-медресенің біршама ерекшелігі болған екен. Жауынды күндерде ол жерге бір тамшы да су тамбай, халықтың діни рәсім­дерді жасауына ешқандай бөгет болма­ғанға ұқсайды. Осының өзі бұл мекеннің ерекше қасиетті болғанын айғақтайды.
Саясаттың салқынынан қорыққан жұрттың ол орынды күтімге алуға жүрегі дауаламаған. Осының салдарынан біраз уақыт бойы әбден күтімсіз қалған мешіт Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін қайтадан қамқорлыққа алынды. Бүгінгі таңда мешіт-медресені тарихи ескерткіш есебінде сақтауға баса назар аударылып отыр.
Әрине, қандай заман болса да, қара­пайым халық Қалжан ахунды ешбір жадынан шығарған емес. Әркім өз жүрегінде ол кісіге деген құрмет сезімін сақтап жүрді. Бұл жерді қасиетті орын есебінде бағалап, бақилыққа аттанған ет-жақын бауырларын сол жерге алып келіп, жерлеген. Осының нәтижесінде діни орын айналасы кейіннен қорымға айналған.
Ол кісіге ахун атағы Көкілташ медресе­сін бітіргеннен кейін берілген. Аталмыш оқу орнының заң саласын бітіргеннен атамыз бұл салада білгір азаматтардың бірі болған. Оқу орнында асқан зеректігімен көзге түскен ол кісіні талай адам көре алмаған деседі. Осының салдарынан Қалжан атамыз өзі қоныс етіп отырған мекенді тастап, қалың қазақтың ордасы саналған Сыр жеріне келеді. Өмірінің қал­ған бөлігін дария жағасындағы мекенде өткізіп, жергілікті жамағатты дін жолына шақырып келген.
90-жылдардың басынан өшкеніміз жанып, өткенімізді бағалауға қол жетті. Қанша қыспақ болса да, елдің алғысы мен қошеметіне бөленген қадірлі азаматтар қайтадан ортамызға оралды. Оларды дәріптеуге жол ашылып, дінімізді де өз деңгейінде құрметтей бастадық. Соның нәти­жесінде жамағат бұрынғы діни орын­дарды түгендеп, олардың сақталуына көңіл бөліп отыр. Қазіргі күні Қалжан ахун мешіт-медресесі көпшіліктің сәждеге бас қойып, намаз оқитын, діни рәсімдер өткізетін орнына айналған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста