Құлпытастың құпиясы

Құлпытастың құпиясы

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы – бұрынғы Бөкей хандығының тарихи-мәдени жәдігерлерін көздің қарашығындай сақтап отырған өңір. Сондай жәдігерлердің қатарына құлпы­тастарға араб қарпімен жазылған хұснихаттарды да жатқызуға болады. Күні кешеге дейін оларда не жазылғанын бүгінгі ұрпақ білмей келген едік. Тарихтың бір ақтаңдақ бетін қалпына келтіру жұмысын аудандық мешіттің имамы Мұратбек қажы Жахатов қолға алғанын естіп, қуанып отырмыз.
«Стамбул қаласында білімімді жетілдірген кезімде хұснихаттарды оқып үйренуге мән бердім. Елге ке­лісімен Жәңгір ханға қойылған құлпытасты оқи бастадым. Ондағы жазулар Құран сүресінен басталады екен. «Күллә мән аләйhә фәни, уә иәбі қоуәжіhү. Раббикә зүлджәләәли уәл икрам» дегеннің ма­ғынасы: – «күллі жаратылыс уақытша, қалатын – Алла тағала ғана, Раббымыз ұлы әрі жомарт». Одан сәл тө­мен­де «Дешті қыпчақ ханы хан Әбулхаир оғлы Нұралы хан­ның нибересі хан Жиhангир Букай ханның нұрдиде» деген бар. Содан соң «фрзендесі дар­фанадин дарба­қоир рахлит илады» деп жазылған сөйлем «уақытша өмірден мәңгі өмірге барады» дегенді білдіреді. Оның астында «Қаалууу иннәә лилләәhи уә иннәә иләйhи раажи ууун» деген Құран аяты басылыпты. Мағынасы: «мұсыл­мандар айтады «Біз Алла үшін жаралдық және Аллаға кері қайтарыламыз», – дейді Мұратбек қажы.
Кесенеде «Жәңгір хан 1801–1845» деп жазылған. Ал құлпытастың арабша жазуында жаңағы аяттан соң «42 яшнде 1260–мухамадиеде, 1845–масихиаде Сүмбіленің 11–інчі ...» деген жазу бар. Қазіргі 32 жастағы адам хижрамен 33 жаста болады. Өйткені хижра бір айда – 29, кейбірінде 30 күннен тұрады. Бір жылда 354–355 күн бар. Мухаммадие дегені осы хижрамен жыл санауы. Құлпы­тастарды жазатын татарлар ай күнтізбесін «Кояш» күнтізбе дейді. Пайғамбарымыз с.ғ.с. Меккеден Мәдине қаласына хижрат еткен, яғни көшкен күн 622 жылдың 16 шілдесі. Сол күннен мұсылманша жыл санауы басталады. Жоғарыда айтып өткендей, 32 жастан асқан адам қайтыс болғанда, мұсылманша есеппен оның жа­сын бір жасқа өсіріп қояды. Хижра жылын миләдиге айналдыру үшін мына формула қолданылады. Мысалы, былтыр хижрамен 1433 жыл болды. Сол себепті 1433–ті 33-ке бөлеміз, бөліндіні 1433–тен алып тас­тай­мыз. Айырмаға 622–ні қосамыз, шық­қан нәтиже миләди жылын көрсетеді. 1433–(1433/33)+622=2011. Бұл жерде ескертетін нәрсе, дөңгелектемей, қалдық сандарды толық бөлу керек.
Екі күнтізбенің айырмашылығы, бір жылда 10 күн 80 минутқа ай күнтізбесі ерте бітеді. Сонда Жәңгір хан 1803 жылы дүниеге келген болып шығады. Сүмбіле айының 11-і , қазіргіше он төртінен бір жаңа деп санағанда 24 тамыз. Жиырмаға толар-толмаста хан болуы Жәңгірдің тағы бір қырын ашпай ма. Ал қазіргі жиыр­мадағы жігіттерден не сұрайсың?!
Басқа бір құлпытаста былай жазылған: «hәзәл қабр, әл мархум, әл мыдфун». Мағынасы –  қабыр иесі қамқорлық, мейі­рім­ділік көрсетер жердегі, өмірден өткен.
«Кічі юз қазақ юртының ханы Әбулхаир оғлы Нұралі хан оғлы Орхан сұлтан оғлы Чинғали сұлтанның қызы Ермекжан ха­ным, сұлтан Сейткерей Жиhангир оғлының заужаты офат 31 яшнде 1850–інчі ил, әсет». Құдайдың соңғы жазасы – өз иелі­гін­де. Нұралы ханның Ырыс атты қалмақ әйелінен туған ұлы Орман сұлтанның азан шақырып қойған аты Орхан деп ойлаймын. Қияметте махшар алаңында азан шақы­рылған атпен шақырылатын болғасын құлпытасқа дұрыс есімін жазуы да түсінікті. Мирзоянды Мырзажан деп жүрген біздің қазақтың өз тіліне қарай бұрмалайтыны да, төрелердің қараға қыз бермейтіні де белгілі. Нұралының екі немересі Жәңгір хан мен Шыңғали төре құда болғанын осы құлпытас айтып тұр емес пе.
Қорымдағы тағы бір құлпытастың жа­зуы «Ләә иләәhә иллаллааh, Мухаммәдәр расуулуллааh», яғни «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деп баста­лады. Одан әрі «Дешті қыпчақ ханы Букай ханның оғлы Жиhангир ханның нұрдиде фрзендесі Заhре, шейхул исламы Мухам­меджан небиресі жалғаннан бақиға көшті 14 яшнде 1844–илде» деп жазылған. Бұл Жәңгір ханның Фатимадан туған қызының құлпытасы екен. Және бір құлпытаста «Һәзәл қабр зәужәт Әділ сұлтан, исме Хануат бинт Бабас» деген жазу бар. «Қабір иесі Әділ сұлтанның әйелі есімі Бабас қызы Хануат». «Раууаhүллааhә рухhәә уә нур қабр уә атуhәә 48 яш, 18–хамал». Мағы­насы оның рухын және жарық қабірін еске сақтаймыз. 48 жасында 18 сәуірде. «Уә сәнәт 1248–мин хижри әл Мухаммәдиәти фи руми» деген «Мұхам­мед, Рим жыл са­науынша» екендігін аңғар­тады. Пайғамба­рымыз с.ғ.с. қабір басына бару ахиретті еске салатынын айтып кеткен. Қазіргі за­ман­да адамдардың тұрғызған қабірлеріне қарап, бір-бірінен асып түсу­ге, құлпытасқа орнатуға тыйым салынған фотосуреттерін әдемілеп қоюға тырыса­тындары көрініп тұрады. Бұған қарап, тірі кездерінде өмірге не үшін келгендерін білмегенімен қоймай, өлгенде де байлық­тарын көрсеткісі келетін­дей әсерде қала­сың. Ал Жәңгір хан қайта­рынан бір жыл бұрын, 1844 жылы қызы Заhренің құлпы­та­сына «Ри уафағат саға­дат уғдат салта­нат» деп жазғызған. Ол «Би­лік­тің қуанышы аз ғана уақыт рақат» дегенді білдіреді.
«Мекке мен Медине қалаларында болғанда құлпытас көргенім жоқ. Ал Түркияның Бурса, Стамбул қалаларында Осман, Орхан сұлтандардан бастап, барлық тарихи тұлғаның құлпытастарын нөмірлеп, мемлекет күтімге алған. Бізге де осы бағытта жұмыстану керек сияқты. Қазір әр ауылда молда бар, құлпытастарды соларға оқытып, анықталған мағлұматтар мұражайларға жасақталуы керек. Өйткені құлпытастар жыл өткен сайын тозып бара жатыр. Бірнеше жылдан соң оқуға кел­мей­тін болады. Күлтегін, Білге қағандар жаз­балары сияқты құлпытастар да біздің еште­ңемен өлшенбейтін байлығымыз» – дейді Мұратбек қажы Жахатов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста