Қостанай өңіріндегі құнды мұралар

Қостанай өңіріндегі құнды мұралар

Қазақ даласының топырағын түрте қалса­ңыз, бағзы кезеңнен шежіре шертетін қанша­ма құнды қазынаны табуға барлық мүмкінді­гі­ңіз бар. Бұл біздің туған өлкеміздің тарихы тереңнен тамыр тартатынын айғақтай түседі. Шындығын айтқанда, кейбір шетелдік ғалым­дар оны көзге ілгісі келмей, қазақтың өткен өмір жолдарын бергі кезеңдегі төрт-бес ғасыр­дан бастағысы келеді. Бүгінгі күні жер көле­мі жөнінен әлемде тоғызыншы орын ала­тын Қазақстан жерін кезінде ата-бабалар үнемі аттың үстінен түспей, кірпік қақпай, түн ұй­қысын төрт бөліп, бүгінгі ұрпаққа аманат етті емес пе?
Бұл тек мақтаныш емес, біз сол жердің тарихын түгендеп, кешегісі мен бүгінгісін таразылап, жұртшы­лық­қа кеңінен насихаттауға жол ашуға тиіспіз. Мәсе­лен, қазақ даласында грек тілінде жаңа тас дәуірі деп аталатын неолит кезеңіне жатқызылған ескерткіштер де кездеседі. Аталмыш кезең шамамен біздің зама­ны­мыздан бұрынғы 5500-3000 жылдарды қамтиды. Жал­пы алғанда, неолиттің қалыптасуы мен аяқталу мерзімі дүниежүзінде әртүрлі жағдайда өрбіді. Оның өту кезеңі де түрліше болды. Еуразия мен Африка құр­лық­тарының көптеген табиғи-климаттық аймақтарын­да, негізінен, неолиттің хронологиялық шеңбері біздің заманымыздан бұрынғы 6-4 мыңжылдықтарда бас­тал­са, сол дәуірдегі 3 мыңжылдықта аяқталды деуге бо­лады. Қазақ даласындағы неолит заманын­дағы мә­дени мұралар қатарында Қостанай өңіріндегі Мақан­жар мәдениетіне жатқызылатын ескерткіштер сана­лады.
Аталмыш ескерткіштер Торғай иіні аймағында орын тепкен. Бұл бағалы дүниелер 1970-1990 жылдар аралығында Қостанай және Торғай археологиялық экспедициясын басқарған В.Н. Логвиннің зерттеуі барысында жалпақ жұртқа мәлім болды. Негізгі деректер Мақанжар, Тұздыкөл-2, Екідің-24 қоныстары бойынша анықталған. Археологтер Мақанжар мәде­ние­тіне жататын ескерткіштер саны 16 екенін айтады. Олар­дың арасында 13-іне қазба жұмыстары жүр­гізіл­ген. Мәселен, мұндай орындар қатарында Алқау, Аман­­гелді, Бестамақ, Түрлі, Дүзбай, Екідің, Қа­рамыр­за, Сұлукөл секілді орындар бар. Айта кетерлігі, ескі за­ман­ның тынысын білдіретін ескерткіштердің барлы­ғы өзен жағалауында орын тепкен. Өкініштісі, олар­да құ­рылыс іздері сақталмаған. Тек Дүзбай ма­ңын­дағы мәдени мұраларды зерттеу барысында тікбұ­рыш­ты тұрғын үйдің орнының бір бөлігі көзге ұшырас­қан.
Мақанжар мәдениетіне жататын ыдыстар өте жұқа болып келеді. Олардың көпшілігі ұзынша етіп жасалған. Ыдыстардың сыртына өрнектер салынған. Өрнектер, негізінен, тарақ сияқты өткір затпен тігінен немесе тол­қын секілді етіп көлденең түсірілген. Сондай-ақ тас құралдары сұр түсті екені аңғарылады. Олар кварцит, кварцитті құмтастардан дайындалған. Зерттеушілер сол маңнан сүмбі (конус), кеспел (призма) тәрізді өзек­тастардың өзгелеріне қарағанда басым екенін айтады.
Сол кездегі адамдар кәдеге жаратқан құралдар екінші мәрте өңдеу және егеу арқылы жетілдірілгенге ұқсайды. Ғалым­дар Екідің маңынан үш балтаны тапса, Тұздыкөл аумағынан ұршықтың тастан жасалған басын тапты. Бұл дүниелерден өзге тас тіліктері, үшкір тастар, бүйірлі кескіштер, қырғыштар, дән үккіштер, шабу құралдары мен сүйектен жасалған бұйым­дар жер астынан қазылып алынған. Ғалымдардың жорамалынша, сол кезеңдегі адамдар құлан, бөкен, жылқы және өзге де құла дүзде жортқан аңдарды аулап, оларды өз қажеттеріне жаратқан. Сонымен қатар, Екідің және Бестамақ секілді қоныстардан балық сүйектері де зерт­теушілер қолына ілікті. Бұл дүниелер мақанжарлық адамдардың балық аулап та күнелткенін айғақтайды. Осындай қан­шама мұраларды зерделей келе мамандар бұл аумақта адамдар біздің заманымыздан бұрынғы 7-6 мыңжылдықтар мен 4 мың­жылдықтар аралығында өмір сүрген деген болжам жасайды.
Аталмыш археологиялық дүниелер Қостанай облысының Меңдіқара ауда­нындағы Мақанжар көлі маңынан табылған. Сондықтан оған Мақанжар мәдениеті атауы берілген. Одан табылған ыдыстар Қазақстандағы белгілі ыдыс­тардың ішінде ең көнесі болып табылады. Ыдыстар аса ұқыптылықпен жасалғаны көрініп тұр. Бұл сол кезеңнің өзінде елдің арасында қолы алтын шеберлердің болғанын дәлелдей түседі. Қыш ыдыстар неолит дәуірінде екі түрлі әдіс бойынша әзірленген көрінеді. Оның алғашқысы лента арқылы болса, келесісі қалыпқа құйылған пішіндеу арқылы жүзеге асырылған. Ғалымдар жасаған жорамалға сүйенсек, алғашқы әдіс негізінде ыдысты сомдау үшін сазбалшықтан жіңішке лента­лар әзірленіп қояды. Ленталардың түйіскен тұстары өте мұқият түрде тегістелгені аңғарылады. Ондай ыдыстарды сынды­ратын болса, төмендегіше жағдай көрініс береді. Бұл сәтте ыдыс лента жабысқан жерден жарылады екен. Келесі әдіс бойынша ең алдымен қалып дайындалып қояды. Мақанжар маңынан табылған ыдыстардың пішіні өте күрделі болып келеді. Сондықтан осындай ерекшелігін ескере отырып, оларды жасау барысында иілгіш материал қолданылған деген тұжырым бар. Зерттеушілер қалыптың матадан немесе былғарыдан әзірленгенін түрлі дүниелер арқылы болжап отыр. Олардың іші құммен немесе топырақпен толтырылғанға ұқсайды. Пішіні келтірілген қалыпта ыдыс кептіріледі. Содан кейін оның ішіндегі құм қағылып, матасы алынады. Содан кейін ыдыс жақсылап кептіріледі. Отқа күйдіріледі. Мақанжар ыдыстарында өрнек басып салынған. Оны жасаушы шеберлер әлі кебе қоймаған балшыққа кейде таяқша арқылы, кейбір жағдайда кертпе тілігі бар ағаш немесе сүйек пластинамен салғанын байқау қиынға соға қоймайды. Өрнек геомет­риялық элементтерден тұрады. Негізінен, көбіне сынық сызықтар болып келеді.
Қазіргі таңда біздің елімізде неолиттік және энеолиттік дәуірге жатқызылатын 600-ден астам ескерткіш бар. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына байланысты бұлақтық, өзендік, көлдік және үңгірлік тұрақтар деп төрт түрге бөлінеді. Негізінен ғалымдар өзендік және көлдік тұрақтардан едәуір мол мұраларды қолға іліктірді. Осыған байланысты зерттеушілер мұндай жерлерде адамдардың тұрақты түрде қоныстанып, ұзақ уақыт өмір сүргенін болжайды.
Қазақстан аумағында бұлақтық тұрақтардың анағұрлым көбірек тарағаны аңғарылады. Оған себеп те жоқ емес. Себебі шөл және шөлейтті аймақтарда өзендер аз болатыны белгілі. Бұлақтар маңындағы қоныстар көп жағдайда аң аулаушы адамдардың уақытша мекен еткен жерлері болып табылады. Шөл даладағы неолиттік ескерткіштердің ерекшелігі ретінде ашық үлгідегі тұрақтар болғанын айта кетуіміз қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста