Қалмақ қырылған обада жатқан Жабағы батыр

Қостанай өлкесінде Аят деген өзен бар. «Әйет деген кісінің құрметіне қойылған» деседі жұрт. Міне, кезінде осы Аяттың маңынан өткен кез келген керуен немесе жолаушы міндетті түрде өзеннің басына түнеген екен. Оның негізгі себебі – Аят өзенінің сол жақ бетінде өз заманының ержүрек батыры Жабағы деген  бабамыздың зираты бар.
Сол кісінің басына дұға қылмай өткен жолау­шы­лардың жолы болмайды деген түсінік қалыптасқан. Біреулері түйеден аударылса, енді біреулерінің арбасы сынған, әйтеуір, зиратқа бас бұрмағандар әлдебір сәтсіздікке ұшырайтын болған. Жабағы батыр жайлы ел арасында түрлі аңыз әңгімелер бар. Жаугершілік заманда өмір сүріп, елін-жерін өмір бойы қалмақтардан қорғап өткен бабамыздың күштілігі сондай – тіпті ешқандай қарусыз, жалаң қолымен-ақ қасқыр соғып алатын болған.
Жабағы батыр жолаушылап жүрсе не жорықта болса, міндетті түрде қорым басында түнейді екен. Себебі сол заманда ен далада қалса, өз қауіпсіздігі үшін жолаушылар зират басына қонатын болған. Осын­дай жорықтардың бірінде Жабағы батыр жолдастарымен қорым басына түнейді. Көзі іліне бергенде ырылдаған дыбысты құлағы шалған батыр «бұл не болды екен?» деп, қамшысын алып, зират ішіне кіреді. Жан-жағына зер салып аңдыса, ағараңдаған әлдебірдеңені көзі шалады.
Әлгі мақұлық бір моланы қазып, соны айналшықтап, ырылдап жүр екен. Ит пе, қасқыр ма, белгісіз, әйтеуір қазған орына қайта кіріп, әбігерленіп жатқан ма­құ­лықты Жабағы батыр құйрығынан ұстап жерге алып ұрады.
Келесі күні таң ата батыр бабамыз қа­сын­­дағы жауынгерлеріне: «Кеше зират ішін­де бірдеңені алып ұрдым, не екенін біліп келіңдерші», – деп жібереді. Жауын­гер­лер келсе, дәу ақ қасқыр өліп жатыр екен. Сол кезде жартылай қазылған моланың ішінен дауыс шығады: «Мен осы маңда тұратын бір дәулетті адамның ұлы едім. Талықсып кетіп, біраз уақыт ес-түссіз жатқандықтан, мені өлдіге санап, жерлеп қойыпты. Мына қасқыр көрімді жартылай қазып, мені мүжімек болған еді, қайта-қайта тепкілеп, әрең қорғанып жатыр едім, түнде әлдебіреу қасқырды өлтіргенге ұқсайды. Сіздер барып, менің әкеме хабар беріңдер, мені алып кетсін», – дейді. Мұны естіген Жабағы батыр көрдегі жігіттің көзін ашқызбай, ақ киізге оратып, қараңғы киіз үйге әкелдіреді. Және жанарын жарыққа жайлап үйрету керек екендігін ескертеді, әйтпесе бәлен күн көрде жатқан жігіт көзінен айырылып қалуы мүмкін еді. Ал әлгі ауылдың адамдары көптен бері ұстай алмай жүрген үлкен ақ қасқырды жалаң қолмен соғып алған батырға таңғалысады. Өлі қасқырды аттың үстіне артқанда, бір жағынан құйрығы, бір жағынан тұмсығы жер сүйреп келе жатыпты.
Сол бір кезеңде қазақ жеріне қызыққан қалмақтардың соғыс үстінде оққа ұшқан өліктерін оба қылып үйіп көмген екен. Жабағы батыр  ажалының алдында жұр­тына: «Мені қалмақтар қырылған обаның басына қойыңдар, өлгенде де жау­ла­рым­ның кеу­де­сінен басып жатайын», – деп аманат айтып кеткен екен. Қазір осы өжет баба­мыз­дың зиратын Аят өзенінің бойында ор­наласқан Таран ауданындағы Журав­лев­ка деген ауыл­дың қасындағы қырдан табуға бо­лады. Жабағы батырдың аруақты екенін бі­летін адамдар әлі күнге дейін осы зират­тың басына түнеп, дұға қылып, шер-мұң­да­рын тарқатып, құран оқиды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста