Балқаш көлі Балқия қыздың көз жасы ма?

Балқаш көлі Балқия қыздың көз жасы ма?

Балқаш көлінің күнбатыс жағын мекендеген ертеректегі жұрт бұл айдынды «Ақ теңіз» деп атаған. Ал шығыстағы жұрт «Жұмбақ көл» атандырыпты. Бізге жеткен бағзы аңыздарға сүйенетін болсақ, бұл көлдің Балқаш атануы Балқия есімді арудың өзін осы шалқарға лақтыруымен байланысты екен.

Ертеде мыңғырған мал айдаған бір байдың Балқия деген айдай ару, күндей көркем қызы болыпты. Ел-жұрты Балқияның ақылы мен көркіне тамсанып, оны «Балқияжан, Балқаш» деп еркелетіп айтатын болыпты. Күндердің күнінде сол Балқаш қыз бойжетіпті. Бала кезінен атастырылған Балқаш қыз өзінің болашақ жары туралы ештеңе білмейді екен. Бір күні бесік құдасы байға кісі шаптырып, «келінімді алып кетуге барамын, дайындала берсін» деп хабар жіберіпті. Өзінің болашақ күйеуінің сақау әрі есерсоқтау екенін осы кезде ғана жеңгелерінен естіп-білген Балқаш қыз күннен-күнге солған гүлдей сарғайып, қайғыдан қан құса бастайды. «Бай баласы, ертең-ақ ел ағасы болады, қызымыздың да көңілі жайланар» деп ата-анасы бұған аса мән бермейді. Бірақ та жүрегі қаламаған жанға жар болмасқа бел буған Балқаш қыз ертеден өзі көңіл қосып, ұнатып жүрген Ерденге өзінің өтініш-назын жеткізеді. Ерден бұл елге сіңіп кеткен, сырттың адамы екен.
– Етегіңнен ұстадым, батыр-еке. Өмір-бақи алдыңнан шықпай, бетіңнен қақпай өтуге ант-су ішемін. Тек мені мына пәледен құтқара гөр.
Барар жер, басар тауы жоқ, артында тұрған қалың жұрты, арқа сүйер елі жоқ Ерден сонда қатты қысы­лыпты. Балқаш қыздың кім көрінгеннен бұлай өтіне бер­мейтінін, ғазиз тағдырын қолына бекер тапсыр­майтынын Ерден де жақсы біледі. Нартәуекел! Өткен жылы жоғалған бай жылқысын іздеп жүріп, қамыс қ­ұ­рақ­ты айдын көлге тап болғаны бар-ды. Күзді Бал­қа­ш­жанмен сонда өткеріп, қыс түсе көлдің беті қатқанда ар­ғы беттегі жұртқа өтіп кетсе, қауіп бұлты сейілер. Ел қор­ғауға жарар күші бар, ел ішіне сіңіп кетер. Қарға та­мырлы қазақ баласы сыртына теппес. Ер ойы осыған бе­кіді. Бір түнде ізім-ғайым жоғалған екі жасты іздеп, ел-жұрты сабылды да қалды.

Қоңыр күз түсті. Бұл кезде екі жас қалың қамыс арасында жасы­ры­нып жатқан болатын. Ерден күн­діз аң аулайды, үйрек-қазға тұзақ құрады. Ал Балқаш қыз болса, елін сағынып, ұшқан құсты, көл бетінде шолпылдаған шабақтарды қызық­тап күн өткізеді. Санаулы күндерден соң қытымыр қыстан да хабар бі­лініп қалар, көл бетіне мұз байлан­са, осы азаптан, қияметтен құтыла­мыз де­ген екі жастың да қуаныштары шексіз еді.
Қамыстан тігілген қос ішінде отырып, арқандаулы аттардың оқыс кісінеп, тыпыр­ши бастағанын естіген Ерден сыртқа атып шығады. Бұл кезде екі жылқыға қанды көзін қадап, азу тісі алмастай жарқырап дәу қара қабан шапқалы тұр екен. Аттан айырылса, ұшқан құс қанаты талатын қазақ даласының арғы бетіне өту мүмкін еместігін түйсінген жас жігіт қабанға қарсы ұмтыла­ды. Қайың сапты шоқпар болса ғой, қара бастан қақ айырып салатын. Жалаң қол мен азулы тіс айқасы әділетсіздікпен аяқталары белгілі. Шошына шыңғырып, бас жібін үзе қашқан қос жылқының соңы­на түскен қабан жа­йрап жатқан жас жігітті тастап, соңдарынан тұр­а қу­ады. Шыр-пыр етіп, шыбын жанын шүберекке түйіп тұрған Балқаш қыз ерінің басын сүйеп, қосқа кір­гізді. Киіз күйдіріп, жарасын таңды. Бірақ та күн санап денесі ісініп, өне бойына жа­йы­лған Ерден Балқаш қызды тастап, бақи­ға аттанып кете барады. Тағдыр ісіне амал бар ма? Қабырғасы сөгі­ле қайғырып, өз қолымен ерін жер­лейді. Жанынан өзіне де орын дайын­дай­ды.
Айырылдым айдалада Ерденімнен,
Соңынан қолын ұстап ергенімнен.
Болған соң тағдыр солай шара бар ма?
Көп еді көрмегенім көргенімнен.
Қош-сау бол, елім-жұртым, ата-ана,
Айдын көл, туған өлке, жалпақ дала.
Мен кеттім жас жанымды құрбан етіп,
Таба алмай өз ортаңнан ешбір пана.
Аққу, қаз қабіріме келе кетші,
Ғаріптің не болғанын көре кетші,
Тәнімді қарға-құзғын шұқымасын,
Сабалап қанатыңмен көме кетші, –

деп құсалы көңілмен өзін құрбан қылуға бел буып отырғанда аяқ астынан сау ете қалған атты адамдардың ортасынан өзінің туған-туысын, қайын жұртын көреді. Ме­нің ма­за­лы жүрегімді, жабырқау жанымды ешкім көрмесін, ешкім білмесін деген Бал­қаш қыз көлге қарай жүгіріп, өзін жартас­тан тастап жібереді. Саумал жел, сыңсыған ну, байтақ дала қасірет күйін тартты. Ас­пан­да құс, көлде балық атаулы адамзат­тың қай­ғы­сына ортақтасты. Бәрі-бәрі Бал­қаш қыз­ды жоқтап қала береді.
Содан бері көл бойын жағалай қонған жұрт айна бетіндей жарқыраған қасиетті ай­дынды «Балқаштың көлі» деп атаған екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста