Аңыздан ақиқатқа айналған ақ үй

Аңыздан ақиқатқа айналған ақ үй

Қызылжар қаласындағы тарихи маңызға ие сәулет ескерткіштерінің ішіндегі ең құндысы – Абылай ханның ақ үйі. Сондай-ақ бұл кешен шаһардағы ең көрікті орындардың бірі болып табылады. Отау құрған жастар да, қалаға келген қонақ та осында ат басын бұрмай кетпейді. Алғашында ақ үй туралы ел аузында аңыз көп болатын, кейін аңыз ақиқатқа айналды.
Кейінгі жылдарға дейін «Қызылжар қаласын салған орыстар, бұл жерді қазақ мекен етпеді» деген жел сөзге сенушілер көп еді. Сондықтан да болар, қалада үш жүздің басын біріктірген ұлы ханның резиденциясы орналасқан дегенде жұрт жымиып қана қоятын. Нақты дерек болмаған соң, әрине. Ал ақсақалдар Абылайдың ақ үйі туралы аңыздарды көп айтатын. Ғимараттың талай зұлматтан аман қалғаны жайында айтылатын. Бұл мекеннің киелі екені де тілге тиек етілетін. Ол жайында ақын-жазушыларымыздың шығармаларында да көп кездеседі. Бірақ көбі ел аузындағы аңызға негізделгендіктен, оны дерек ретінде қабылдау мүмкін болмады. Мысалы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәді төре Жәңгірұлы, Үкілі Ыбырайдың жазғандарында кездеседі.
«Абылайдың ақ үйі
Қызылжар деген қалада.
Жарға жақын салынған,
1824 жылында...».

Үкілі Ыбырайдың бұл өлеңі 1926 жылы «Бостандық туы» газетінде басылған екен. Ақын бұл үйде кейін қазақ балалары оқығанын да айтқан.
Ал Шәді төре Жәңгірұлы өзінің «Тарихат» атты дастанында «Бұл кезде Қызылжарда бір сарай бар, «Абылайдың ақ сарайы деп айтылар» деп жазады.
Жазушы Сәбит Мұқанов та «Өмір мектебі» кітабында «Ол үш қабатты, бір орамды тұтас алған үлкен үй, іші толған бытықы-шытықы көп бөлме» деп жазады.
Бүгінде 70-ті алқымдаған қызылжарлық ақын Мүтәллап Қанғожин да «Абылайдың ақ үйі» атты толғауында, хан сарайы жайлы аңыздар көп болғанын келтіреді.
... «Ақ үй» жайлы қазақта
Ертегі көп, аңыз көп,
Хан ордаға лайық –
Үй десе, үй нағыз деп.
Тұғыры да биіктен,
Тұрысы да тым асқақ,
Сырлар тартып ширатып,
Сөйлемеген абыз жоқ...
– деп жырлайды Мүтәллап ақын.
Абылайдың ақ үйінің Қызылжарда орналасқанын зерттеп, Петербордағы мұрағатқа дейін барып қайтқан журналист Жақсыбай Самрат өзінің «Абылайдың ақ үйі» атты кітабында Фазыл есімді ақсақал­дың балаларына айтқанын келтіреді: «Ұмытпаңдар, анау – Абылайдың ақ үйі. Сол жерде талай ата-бабаларыңның ізі бар, ханға сәлем беруге, ақыл-кеңес алуға, мәслихат құруға кең даладан келген кілең жақсылар мен жайсаңдардың ізі бар», – дейді екен.
Бұл айтылғандардан аңыз-әңгіме ақырында ақиқат болып шықты. Нақты дерек Мәскеу мұрағаттарынан табылды. Нақтырақ Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігі арқылы жеткен хатта Абылай ханға 1762-1765 жылдары үй са­лын­ғаны туралы айтылып, оның жоспары және тағы да басқа құжаттар жіберілген болатын. Халық арасында «Ақ үй» аталып кеткен ғимарат Ресей патшайымы Екатери­на ІІ-нің бұйрығымен салынған екен. Ханның сарайымен бірге кеңсе, монша, қонақтарға арналған бөлмелер болған. Алайда дөң үстіндегі бір қабатты бөрене­ден өрілген ғимарат өртеніп кетіп, кейін оның орнына екі қабатты үй бой көтереді. Бізге жеткені сол.
Қызылжардағы хан үйі «Мәдени мұра» бағдарламасына енгізіліп, қалпына кел­тіріл­ді. Қазір «Абылай ханның резиденция­сы» мұражай-кешен ретінде жас буынға қыз­мет етуде. Шаһардың сәні мен мәнін кір­гі­зіп тұрған да осы үй десек қателеспес­піз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста