Айғаным ханшаның қонысы

Қызылжарда көз тартар керемет жерлер өте көп. Солардың бірі «Айғаным ханшаның қонысы» деп аталады. Сырымбет тауының етегіндегі бөренеден салынған ғимараттар көрген адамды еріксіз елітіп әкетеді. Тылсым күштің әсерімен табиғи апаттардан аман қалған бұл қоныс коммунистердің қолымен жермен-жексен етілген-ді.
Айғаным қонысы туралы айтқанда алдымен оның немересі, қазақтың соңғы ханзадасы атанған ғалым, саяхатшы, этнограф Шоқанға тоқталмай өту мүмкін емес. Ауыл ақсақалдары Шоқан Құсмұрында емес, осы Сырымбеттің етегінде туған деген әңгімені көп ай­татын. Бірақ тарихшылар ден қойып зерттемеген соң, бұл уәж тек аңыз болып қала берді. Қазір де қазақтан шыққан тұңғыш ғалымның өміріне байланысты осы бір дерек көп айтыла бермейді. Ал тарихи дәлел керек бол­са бұл жайында әйгілі саяхатшы П.П.Се­­­менов-Тянь-Шаньскийдің жазғанын келтіруге бо­ла­ды. Ол өзінің кітабында: І Александр «Уәли ханның же­сіріне үлкен ілтипат көрсетіп, қырғыз даласындағы бі­рінші үйді салдыртып беруге әмір еткен әрі Шоқан Уә­лиханов сонда туған» деп жазады.
Бұл қоныстың салынуы ХІХ ғасырдың басына тұспа-тұс келеді. Патшаның арнайы бұйрығы бойынша құ­ры­лыс жұмыстарына 5 мың сом бөлінеді. Патша бұй­рығында құрылысты жедел жүргізу жағы көр­се­тілгенімен, оны салу 1824 жылдан 1834 жылға дейін со­зылған. Айғанымның өтініші бойынша үйдің жа­ны­нан мектеп, медресе, мешіт, монша, қонақүй, тұр­мыс­қа қажетті диірмен, аткерме сияқты ғимараттар са­лынады.
Мекенжайдың айнала төңірегін мұқият зерттеп, то­пы­рағының малға жайлы, жайылымды, құнарлы, егін­шілікке де тиімді, яғни отырықшы тұрмысқа ың­ғай­лы екенін аңғарамыз. Бұл Айғаным ханшаның біл­гірлігін көрсетеді. Кейін аталмыш жер нағыз сұлу қо­ныс­қа айналып, әсіресе ұрпақтары мен сол жерді ме­к­ендеушілердің жүрегінен берік орын алғанын бай­қаймыз.
Оның Шоқанның өміріне ғажайып әсер еткендігін айтсақ та жететіндей. Сырым­беттің сұлу табиғаты Шоқанға шабыт беріп «Сырымбеттегі Айғаным мекенжайы», «Мекенжайдың шығысынан қарағандағы көрінісі», «Ханшаның ескі үйінің сипаты» деген суреттер салынғаны тарихтан белгілі. Бұларға қосымша «Сырымбет тауы», «Сы­рым­бет тауы мен оның төңірегінің схема­лық картасы» аталатын топографиялық жұ­мыстарды да ғалым осы жерде жаз­ған.
Ханшаның үлкен ауылы болған бұл ме­кен заманында бірнеше зұлматты басынан өткізеді. Халықтың аузында жүрген көп аңыздардың бірінде Сырымбет түгел отқа оранғандығы айтылады. Тілсіз жау төңірек­ті тегіс жалмап өткен екен. Тек осы Айға­ным­ның қонысы ғана құдіреттің күшімен дін аман қалған дейді. Бұл жерде Айғаным ханшаның діндарлығы, Аллаға деген бек сенімі жайында айтуға болады. Қоныстағы ғимараттардың ішіндегі ең сәндісі де мінәжат жасайтын мешіт болған.
Ал тарихқа жүгінетін болсақ, Кенесары ханның көтерілісі кезінде қыстақ жартылай жанып кетеді. Дегенмен үйлердің бөрене­лері көп сыр бере қоймаған. Бірақ табиғи апаттардың талайына төтеп берген қасиетті қоныс коммунистер қолынан құтыла ал­мады. 1930 жылдары қызылдар оны түгел дерлік жоюға кіріседі. Төңіректе ағаш құ­рып қалғандай бөренелерін бұзып алып, маңындағы кеңшарлардың бірінде мәде­ниет үйі, екіншісінде клуб тұрғызады.
Жұртына жусан өсіп, ханша қонысының орналасқан жерін де жұрт ұмыта бастайды. Зерттеушілер көнекөз қариялардың ай­туы­мен 1980 жылы ғана қыстақтың жұрты­нан үйлердің  іргетастарын тапқан. Сол ір­ге­тастардың үстіне бөренеден қиылып үйлер тұрғызылды. Тарихи жәдігерді қал­пына келтіруге Шоқанның салған суреттері көп көмек болғанын айта кеткен жөн. 1993 жылы қайтадан ашылған Айғаным қонысы бүгінде аспан астындағы мұражай қызметін атқарып тұр. Шоқандай тұлғаны тәрбие­леген Айғаным ханшаның қонысы қазақ үшін қасиетті болып қала бермек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста