Зиялы қауым өкілдері Шәмші Қалдаяқовты "Халық Қаһарманы" атағына ұсынды

Зиялы қауым өкілдері Шәмші Қалдаяқовты "Халық Қаһарманы" атағына ұсынды

БҮГІН 4 МАУСЫМ –  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ 30 ЖЫЛ

Сонымен қатар, Мемлекеттік Әнұран музыкасының авторы, ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың дүниеден өткеніне биыл 30 жыл толып отыр. Осыған байланысты еліміздің бір топ зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жолдап отыр.

Хат авторлары Мемлекет Басшысының бағытын айқындап, бедерін белгілеп берген «Жаңа Қазақстанды» құрып, жарқын күндерін жақындату жолындағы жүргізіп отырған саясатын толықтай қолдайтынын айта келіп, елді 5-ші маусым күні өтетін Референдумда бір кісідей дауыс беруге шақырған.

«Биыл Сіздің тапсырмаңыз бойынша жұртымыздың жан-жүрегіне жақын ақжолтай жаңалықтар жария болды. Ұлтымыздың ұлы тарихы басталатын Ұлытау, адамзаттың ақылманы атанған Абай, жер жәннаты Жетісу облыстарының жаңадан ашылуын халқыңыз қуанышпен, қошеметпен қарсы алды. Осы үлгілі үрдістің жақсы жалғасы болса, ол Тәуелсіздік тарихының да тамаша беттері болатыны даусыз.

Осы орайда, біздер Өзіңізге арнайы өтініш хатты жолдай отырып, төмендегі ұсыныс-тілектерімізді жеткізуді жөн көрдік:

Халықтың патриоттық сезімін оятып, отанын ерекше сүюді, туған жерді әнмен де қорғауға болатындығының озық үлгісін көрсеткен, композитор Шәмші Қалдаяқовқа, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнінің 30 жылдығына орай, «Халық Қаһарманы» жоғары атағын,  сондай-ақ, ұлы сазгер дүниеге келіп, халық махаббатына ерекше бөленген, өлмес шығармалар туындатқан Шымкент қаласындағы бір ауданның атын беруді ұсынамыз. Жеткізуші біздер болғанмен, бұл жалпыұлттық өтініш деп қабылдасаңыз деген тілек бар. Біздер, туған еліміздің туын көтерген Шәмші Қалдаяқовтай тұлғаның қадірлі есімі халқымен бірге мәңгі жасай беретініне сеніміміз мол» деп ұсыныс айтады хат иелері.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Қ.К.ТОҚАЕВҚА

 

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Ұлттық руханиятымыздың, мәртебелі мемлекетіміздің даму тарихында, әлемдік өркениет өрісіне халықтық қолтаңба салып, елдік ерекшелік  көрсетуде, санагер отаншыл сезім мен парасатты патриоттық пафос танытуда, жердің де елдің де намыскер мерейін өсіруде ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өлмес өнері, өміршең әндері тарихи құндылық болып, Тәуелсіздікке қалтқысыз қызмет жасап келе жатқанын Өзіңіз терең танып, барынша бағалайтыныңызды білеміз. Қазіргі кездегі геосаяси жағдайда, өзгермелі әлемнің, дүбірлі дүниенің  күрделенген кезеңінде сәруар сазгердің ұлық шығармасы – «Менің Қазақстаным» гимні егемен еліміздің рухани паспортына айналды. Қазақстан халқы осынау тарихи туынды орындалғанда қолдарын жүрек тұсына қойып, тікесінен тік тұрғанда  бірлік пен берекенің, ынтымақ пен татулықтың серпер сезімі Отанымыздың өткеніне құрметпен қаратып, бүгіні мен болашағына баянды кепілдік береді.

Өзіңіз бағытын айқындап, бедерін белгілеп берген «Жаңа Қазақстанды» құрып, жарқын күндерін жақындату жолындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-рухани жаңғыртулар жағдайында туған еліміздің тарихи тұлғалары тудырған ұлы туындылар да Тәуелсіздікке талмай жұмыс жасайды. Осы орайда Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» шығармасы ресми түрде мемлекеттік гимн болып қабылданғалы ел өміріндегі ең елеулі сәттер мен салтанаттар мемлекет тарихының жарқын беттерін жазып келеді.

Патриоттық патетика мен рухы жоғары гимннің авторы Шәмші Қалдаяқовтың әз есімін ұлықтауда талай тамаша іс-шаралар атқарылды, жұрт жүрегінен орын алатын игілікті бастамалар жүзеге асты.  

Оның бәрі Мемлекет Басшысы – Сіздің қолдауыңыздың нәтижесінде атқарылып жатқанын біз ілтипатпен айта жүреміз. Біздің қолдауымыз - ел тарихындағы ерекше оқиға – 5-ші маусымда болатын Референдумда Сіз жүргізіп жатқан сындарлы саясатқа бір кісідей сенім дауысын береміз.

Биыл Сіздің тапсырмаңыз бойынша жұртымыздың жан-жүрегіне жақын ақжолтай жаңалықтар жария болды. Ұлтымыздың ұлы тарихы басталатын Ұлытау, адамзаттың ақылманы атанған Абай, жер жәннаты Жетісу облыстарының жаңадан ашылуын халқыңыз қуанышпен, қошеметпен қарсы алды. Осы үлгілі үрдістің жақсы жалғасы болса, ол Тәуелсіздік тарихының да тамаша беттері болатыны даусыз.

Осы орайда, біздер Өзіңізге арнайы өтініш хатты жолдай отырып, төмендегі ұсыныс-тілектерімізді жеткізуді жөн көрдік:

- Халықтың патриоттық сезімін оятып, отанын ерекше сүюді, туған жерді әнмен де қорғауға болатындығының озық үлгісін көрсеткен, композитор Шәмші Қалдаяқовқа, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнінің 30 жылдығына орай, «Халық Қаһарманы» жоғары атағын,  сондай-ақ, ұлы сазгер дүниеге келіп, халық махаббатына ерекше бөленген, өлмес шығармалар туындатқан Шымкент қаласындағы бір ауданның атын берсеңіз деп сұраймыз.

Жеткізуші біздер болғанмен, бұл жалпыұлттық өтініш деп қабылдасаңыз деген тілек бар.

Біздер, туған еліміздің туын көтерген Шәмші Қалдаяқовтай тұлғаның қадірлі есімі халқымен бірге мәңгі жасай беретініне сеніміміз мол.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста