ЖІГІТТІ ЖЕРГЕ ЖЫҚПАС ЖЕТІ МІНЕЗ
1. Сабырлы болу &ndash сабырсыз жігіттің табаны сазға, қолы тазға тиеді.
2. Табанды болу &ndash жігерсіз жігіт өзін де, өзгені де дегеніне жеткізбейді.
3. Тұрақты болу&ndash тұрақсыз жігіттің қонысы әрдайым бұлақсыз болады.
4. Талапты болу &ndash талапсыз жігіт табан астына өзі барып түседі.
5. Туысшыл болу&ndash туысына жат жігіт, ту көтеріп жарытпас.
6. Табысты болу&ndash табыссыз жігіт үйде есек, түзде тезек болады.
7. Намысты болу&ndash жігіт намыссыз болса, тірідей өлді, өзін-өзі көмді де.
ҚЫЗДЫ СҮЙІКТІ ЕТЕР ЖЕТІ БАЙЛЫҒЫ
1. Пәк болу &ndash қыздың пәктігі Алла берген ең үлкен қазынасы.
2. Әдепті болу &ndash қыз әдепті болса, көзің қуанып, жүрегің жылиды.
3. Таза болу &ndash бойы таза болмаса, жақсы әйел болмақ ойы да тазармас.
4. Пысық болу &ndash жеті жұт салақпен сегіз, олақпен тоғыз болады.
5. Ұстамды болу &ndash өзін ұстай алмаған, келген бақты ұстап тұра алмайды.
6. Ұқыпты болу &ndashжоқтан бар жасай алмаған, барды ұқсата алмайды.
7. Иманды болу &ndash иман осы алтауының түп негізгі бастауы, алтын тірегі.
ЖЕРГЕ ҚАРАУДАН ҚОРҒАП ҚАЛАР ЖЕТІ ҚАСИЕТ:
1. Көркем мінез - өміріңнің айнасы.
2. Ақ ниет &ndash Аллаһтан аларың.
3. Тазалық - иманыңның жартысы.
4. Ұқыптылық &ndash Аллаһтың аманаты.
5. Еңбек &ndash түбі зейнет.
6. Құлшылық - өзіңді қорғау.
7. Білім - жарық сәулең.
- Мінезі жаман адамнан жақсы адамдар алыс жүреді, сол себепті көрер жақсылығы да аз болады. Мінезі қырыс болса жолы да қырыс, айналасы тар, арты құз, алды жар болады.
- Ниеті бұзық пенде онысын айналасынан жасырғанмен Аллаһтан жасыра алмайды, ал несібе таратушы оның ниетіне сай етіп ырзық пен қайғы, қуаныш береді.
- Тазалық бар жерде жақсылық бар. Лас жерден періштелер қашып, шайтан шырмау салады. Әр адам өзінің бойы мен айналасын таза ұстауы керек.
- Маңдай теріңмен келген Құдайдың ризығын ысырап қылып, орынсыз шашу немесе тиімді жарата білмеу шөл далада ауызыңа тамызар суды аяқ астыңа ағызғанмен тең.
- Еңбек ету мұратыңа жетудің жалғыз жолы. Еңбексіз масыл сананың өлген денеден айырмашылығы жоқ. Еңбек табысқа ғана емес тиімді нәтижеге бағытталуы керек.
- Құдайыңа құлшылық жасау өзіңнің кім екеніңді, не істеу керектігіңді, кімге баратыныңды ұмытпаудың жалғыз анық жолы. Құлшылығы бардың, жүрегінде тыныштық бар.
- Білім көзге көрінбес мықты қаруың, алысты жақын етер дүрбің, қараңғыңды жарық етер сәулең. Білім алдыңғы алты қасиеттің көкжиегін кеңейтер негізгі тірегі.
Ә. Ержан.
Maksat Skakov
Фейсбуктегі парақшасынан