Шыңғысхан туралы шындық араб және парсы ғалымдарының жазбаларында көрсетілген

Шыңғысхан туралы шындық араб және парсы ғалымдарының жазбаларында көрсетілген

Шыңғыс хан есімі соңғы сегіз ғасыр аясында әлемге ең кең тараған есім. Оның ұлы империя құрған даңқты қолбасшы болғандығын дүниежүзі мойындайды. Бүгінде оның жеке басы туралы талас көп. Әсіресе қазақ қоғамында оны бірқатар қазақ рулары өзіне теліп алғысы келетін тенденциялар байқалуда. Ал зерттеушілер болса бірі оны қанішер десе, екінші біреулер теңдесі жоқ кемеңгер деп бағалайды. Нақты тарихи деректер Шыңғыс хан көптеген халықтарды жазықсыз қынадай қырғанын көрсетеді. Мұндай тұжырымдар жалаң болмас үшін Шыңғыс хан туралы тарихи жазбаларға сүйеніп нақты құжаттарды ұсынғым келеді.

Ұлы Шыңғыс хан және оның ұрпақтары туралы 1230 жылдардан бері қарай Бейжің, Теһран, Лондон, Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Новосібір, Ташкент, Алматы және 70-тен астам ірі мемлекеттердің кітапханаларында шамалауымша, 100 мыңнан астам үлкенді-кішілі кітаптар бар сияқты (әрине оны санап шығу оңай емес). Бүгінде кітап оқуды ұмытқан кейбір жастар, орта жастағылар (1991 жылдан кейін туғандар) «интернетте бәрі бар» деп кеңірдектерін созады. Өздері соның бірін де оқып көрген емес. Көптеген кітаптардың электрондық нұсқалары жоқ, тіпті интернет тізімдерінде қамтылмаған. Ертеде ауылды жерлерде жазылған, қолжазба күйіндегі кітаптар көпшілікке тараған жоқ. Оны қалай есептейсіз. Сондықтан менің есептеуім де шамамен туған.

Ұлы Шыңғыс хан және оның ұрпақтары туралы шындықты алғаш араб және парсы ғалымдары жазып қалдырған. Оны әр мемлекеттің жаһандық ғалымдары мойындады. Олардың ішінде Фарс қаласында туған Абдуллах ибн Омар Байдалинді айтуымызға болады. Сол сиқты Құранның атақты тәпсіршісі, парсы тілінде қалам тербеген Ала-ад-дин Туси (1277 жылы қайтыс болған), Абу Сүлейман-ибн-Дауд Бенакети (1329 жылы қайтыс болған) есімдері де белгілі.

Абдал Ибн ал Асыр (1160-1234 жж.) өзінің 12 томдық аса көлемді арабша жазылған тарихи жинағында моңғол әске­рінің шапқыншылығын сипаттаған тұсында сол шапқыншылық соғыстың ішінде бол­ған адамдардың өз көздерімен көрген деректердің негізінде жазған. Соларға сүйене отырып аса ірі тарихшы-ғалым В.Бартольд былай деп жазады: «Официальная лесть, совершенно необходимая для властолюбивого сановника, желавшего сохранить свое положение и влияние при Ильханском дворе. Из переписки Рашид-ад-дина мы убеждаемся в том, что в основу Газанхановых реформ положены политические идеи самого историка – необходимость для монгольской государственности сближения с феодальной верхушкой персов и азербайджанцев и усвоения «иранских» политических традиций, необходимость возрождения разрушенного прежней налоговой системой сельского хозяйства и, в этих целях, облегчения налогового бремени крестьянства, защиты его от притеснений монголо-тюркской военно-кочевой знати, оздоровления аппарата финансовых чиновников; 1(59) необходимо пишет наш автор, амшей (финансовых чиновников) из числа людей сытых и богатых, дабы они не покушались на имущество ракиятов 2(60) алшей – гвозди от веревок, удерживающих шатер державы (хеймэйи-даудет), если гвозди крепки, шатер удержится на месте, если гвозди слабы – не удержиться».

Сол сияқты, Рашид-ад-диннің және басқа авторлардың деректерінде Шыңғыс ханның өзбектер, тәжіктер, парсылар, әзірбайжандар, армян, гүржі, орыс және басқа халықтарға жасаған жорықтарындағы қырғындарды жасырмайды. Шыңғыс ханның және оның қолбасшыларының одан бұрынғы замандардағы жорықтардағы қырғынға ұқсамайтынын ашық жазған. Шыңғыс хан, оның мұрагерлері басып алған жерлерде тірі адам қалдырмауға тырысады. Ұйымдасқан түрде халықты қырғынға ұшыратады. Осы арқылы әлі бағына қоймаған бейбіт халықты қорқытып, зәрелерін ұшыруды жоспарлады. Шыңғыс ханның бұл саясатын үлкен ұлы Жошы да қолдаған жоқ.

Рашид-ад-дин былай дейді: «Очень нередки были случаи, когда чингизиды полководцы производили поголовную резню всех без исключения жителей городов и даже целых округов. Так было, например, в Отраре, Ургенче, Нишапуре, Термезе, Балхе, Херате, Мерве, Туса, Рейе, Мараге, Ардебиле, Нахчеване, Бейпакане и других городах. Всеобщая резня производилась так, жителей делили между воинами, каждый воин ставил доставшихся на его долю людей на колени, затем срубал им головы своей кривой саблей».

Енді бір жерінде Шыңғыс ханның өзі осы жауыздығын мақтаныш көргенін айтады. Ол туралы былай депті: «Что сам Чингиз хан гордился своими жестокостями, можно судить по любопытному рассказу очевидца Вахид-ад-дина Бушенджи казия Гарчистанского в передаче персоязычного историка Джузджани 3(129). Этот казий во время первой осады Херата монголами (в 1221 г.) попал в плен к монголам. Чингиз хан взял его в свою свиту и заставил докладывать через переводчика нужные ему сведения о мусульманских государствах и о тюркских племенах. Новая карьера казия казалась обеспеченной. Но однажды Чингиз хан в кругу придворных расхвастался по поводу того, что вот он, Чингиз хан перебил такое огромное множество людей – от этого его слава будет вечной. Казий не вытерпел:
– Если хан дарует мне аман (пощаду), то я скажу об этом словцо.
– Говори!
– «Если хан и его слуги – сказал казий, – перебьют всех людей, среди кого же будет жить его слава?»

Чингих хан побагровел от злости и выронил из рук колчан со стрелами, но сдержал свое раздражение и только сказал: «Я считал тебя человеком умным и проницательным, а от этих твоих слов стало ясно, что настоящего ума у тебя нет, и мысли ума твоего малы. Государей в мире много. Я творил всеобщую резню и разрушение повсюду куда ступали копыта коней войска Мухаммеда Огузского (Хорезмшаха). А остальные народы, что находятся в странах других государей, сложат рассказы во славу мою». Казий после этого попал в опалу.

Рашид-ад-диннің және басқа да тарих­шылардың деректері бойынша фео­дал­дардың атақтыларының (көшпелісі, көшпелі еместері де) көпшілігі жауға қарсы халық күресін ұйымдастырып, басшылық жасауға қабілетсіздік көрсетті. Тіпті түркменнің жауынгерлері Шынғыс ханның әскерлерінен әлдеқайда батыр, қайратты болса да оларды басқаратын қолбасшы шықпады.

Рашид-ад-диннің және басқа да авторлардың деректі зерттеулерінде, Орта Азия, Иран, Әзірбайжан, Арменияда шапқыншыларға қарсы тұрған тек қана қарапайым халық деп ашық көрсетеді. Олар жан аямай соғысты. Жауыздардан жеңілген жағдайда барлығын қырып тастайтындарын да естіп жатты. Ал феодалдың атақтылары олардың қарсыласуына қарсы болды. Бірақ халық оларды тыңдамай соңғы демдері таусылғанша соғысқанын ашып айтады.

Ортағасырлық парсы тарихшыларының ішінде Газан ханның тапсыруымен Рашид-ад-дин жазған кең көлемді тарихи еңбек «Джами-Ат-Таварихтың» шежірелер жинағы аса жоғары дәрежеде бағаланады.

Осы парсы ғалымдарының ішінде Рашид-ад-дин жалпы тарихты тек қана мұсылман мемлекеттерінің тарихшылары ғана жазады деген ертеден қалыптасқан көзқарастан бас тартты. Ол тарих сол кездегі барлық халықтардың ортақ тарихы деп аталып, батыстағы «франктерден» бастап Шығыстағы Қытайға дейінгі тарих деп есептелуі керек деген ойды бірінші болып көтерді. Рашид-ад-диннің алға қойған мақсатының бірі – моңғол халқының тарихын өте ертедегі дәуірінен бастау еді. Ал ондай мақсатты орындау бір адамның қолынан келуі мүмкін емес. Сол себепті Рашид-ад-дин өзіне көмекшілікке әр халықтың тілін, тарихын жетік білетін мамандарды тартты. Оның ішінде екі парсы, екі қытай, кашмирлік үнділік болды. Ал моңғол мен түрік тайпаларының тарихы туралы жазғанда моңғолдың ерте дәуірдегі тарихын өте жақсы білетін моңғолды көмекке шақырған болар. Осындай білімді ғалымдардың ішінде Газан хан да болды.

«Джами-ат-Тауарих» еңбегін жазу Газан ханның «Тарих и Газани (Газан тарихы) атты кітабын жазған кезде басталған. Онда Моңғол мен Түрік тайпаларының тарихы Шыңғыс ханның және оның ең жақын мұрагерлерінің мемлекетті басқару әдісінің тарихы, Моңғол империясынан бөлініп кеткен ұлыстардың тарихы, Ирандағы (Хулагиттер) моңғол ұлыстарының Газан-Хасанның (1304ж.) өліміне дейінгі тарихы. Ал екінші томға мұсылман емес мемлекеттер мен халықтар – Қытай, ерте дәуірдегі Еврей, Франк (Батыс Европа мемлекеттері), Рум папасы, Рум (бабылдықтар яғни византиялықтар) және қасиетті римдіктер немесе германдықтар) императорлары, Үндістан мемлекеті туралы жазды.

Үшінші том «Дүниежүзіндегі жеті ауа райы» арқылы жағрапиялық шолу болуы керек-ті. Амал не, ол еңбегі жойылып кеткен болуы керек. Кейбіреулер: Рашид-ад-диннің кітапханасын тонағандар құртты ма, әлде әлі жазып үлгермеді ме? – дегенді айтады.

Енді Рашид-ад-диннің «Джами ат тауарих» атты кітабын негізге алып Шыңғыс ханның өмірбаянына шолу жасайық.

Өйткені Рашид-ад-діннің кітабі осының бәрінен де артық, шындығы мол еңбек.

Шыңғыс хан хижра жыл санауы бойынша 547 жылы (1152-1153 жж) Тайчуит тайпасы Борджигин руында, көшпелі феодал Есугей-баһадүрдің отбасында дүниеге келді. Бұл доңыз жылы, шамамен 1153 жылғы 28-қаңтар мен 26-ақпан аралығында екен. Осы кезде оның әкесі Есугей баһадүр тірі. Ол Шыңғыс хан 13 жасқа келгенде немесе 1166 жылы қайтыс болды. Оның заманында астрологтар оның туған күнін анықтайтыңдай дәрежеде емес еді, ал шежірешілер өз кезінде туған күні мен айын шамалап есептеді. Ал барлық мұрагерлері, әмірлер мен бағыныштыларға (айан) анық белгілі болғаны оның 72 жасқа аяқ басқанда өмірмен қоштасқаны. 41 жасына дейінгі өмірінің жартысы балалық шағына жатады, ал қалған жылдары өмір толқынының ауыр кезеңдеріне арналды. Шежірешілер ол жылдар туралы нақты ештеңе жаза алмаған.
Әкесі Есугей баһадүр абыройдың жоғары сатысында болды. Өмірдің тәтті күндерінің жоғарғы шыңына жетті. Ол құдіретті орында болып, тайпаларды басқарушысы (хакім) және қожайыны атанды. Көптеген тайпалар оның бұйрығын тыңдады, онымен санасты, бағынды. Ал татар және кейбір тайпалар қарсы шықты. Олармен өзара шайқастар жиі болып тұрды.

Шыңғыс туған жылы Есугей баһадүр татарлармен соғысты. Оның әйелі Оэлун-экэ Шыңғыс ханға жүкті болатын. Татарлардың басшысы Тәмуджин Угэ мен Кори бұқа еді. Есугей баһадүр оларды жеңді, өзіне бағындырды. Ол жеңімпаз атанып қайтып келді. Татарлардың дүние-мүлкін, малдарын талан-тараж етті. Ол қайтып келе жатып Дәлун-булдан деген жерге аялдағанда өзінің ұлды болғанын білді. Ол оң жақ қолының алақанында қоюланған қанның ірігін ұстап туыпты. Ол құрғап қалған бауырға ұқсаған. Ол дүниежүзін жаулап, үлкен державаның иесі болады деп жорыды. Осы жері былай суреттеліпті: «Он держал в ладони правой руки небольшой сгусток запекшей крови, похожий на кусок ссохшейся печени; на скрижали его чела (были) явными знаки завоевания вселенной и миродержавия, а от его лика исходили лучи счастливой судьбы и могущества. Когда у Есугей бахадура случилась победа над татарами и покорение их государя Тәмуджин Угә, происшедшее около этой поры, и он одержал победу над врагом (то), сочтя этот случай за счастливое предзнаменование, он нарек свое царственное дитя Тәмуджином по имени государя татар, о котором упоминалось».

Осыдан кейін Есугей бахадүр 13 жыл бойына ешкімге бет қаратқан жоқ. Оның батырлығы, абыройы көптеген тайпалардың өзіне бағынуына себепші болды. Мезгіл-мезгіл оғыз түріктерге қарсы жорыққа да шығып тұрды. Осы арада барлық халықтарға тән, оның ішінде біздің қазақ халқына да таныс мына бір Есугейдің жаулары кім екенін жазған тұсын орыс тілінде берейін.

«Однако группа родичей, согласно (поговорке): «Люди близкие – скорпионы», по причине злобы и ненависти, порожденных и внедренных в (самой) их природе, завидовали ему, а так как они не имели достаточной силы и мощи для сопротивления, то до конца его жизни сеяли в сердце (своем) семена мести и вражды. Когда Есугей бахадур в молодые годы скончался, племена Тайджиут, которые принадлежали к числу его двоюродных братьев и родичей его предков (Хишан-и-подаран), были наиболее сильными (племенами) и обладали наибольшим (количеством) подчиненных (таба) и войск, а их предводители были пользующимися значением государями. Хотя во времена Есугей Бахадура (эти племена) были (ему) подчинены, дружественны и покорны, но в конце его правлении и в момент его кончины они выказали (ему) неповиновение и враждебность».

Темучен әкесінен айрылып, өзінің бауырларымен бірге қиын жағдайға душар болды. Өйткені әкесінің нөкерлері Есугейдің отбасын тастап кетті. Темучэн керейттердің Ван ханының қолдауымен және өзінің жеке басының дарынды қабілеті арқасында маңайына нөкерлер жинай бастады. Олар феодалдардың басты топтары еді. Осылайша біртіндеп күшейе түсті. Оның ұлысы талай қиындықтарды қорлықтарды басынан өткізіп аса ірі саяси күшке айналды.

Жоғарыда айтқанымыздай барлық ұлыстарды тас-талқан қылып жеңген соң, өзінің бала кезіндегі досы Жамұхамен де соғысуға тура келді. Оны да талқандап, дарға асып өлтірді. Сөйтіп енді жаулары қалмады. Тайджүктер Есугейдің балаларына бағынбай өз алдына аса күшті тайпаға айналды. Есугейдің өз жақындары да соған барып қосылды. Олардың кейбіреуі Хойан-Иргән тайпасына жататын. 85 үй орманның ішінде болатын. Ал Есугей бахадүр және оның балалары Онан және Керулен өзеннің маңында орналасқан. Есугейге бағынған тайпалардың көпшілігі олардан кетіп Тайджинмутерге көшіп кетті. Сондай-ақ Есугейдің тайпасының үлкені Тудан Какурчи да көше бастады.

Осы мезгілде Тәмуджин өзі ағасына келді. Өте кішіпейілділік білдіріп, мәдениетті түрде одан не болып жатқанын сұрады. Оның жауабын сол қалпында берейін: «В ответ тот сказал по-монгольски пословицу, смысл который таков: «Я принял твердое решение, и (другого) выбора (у меня) не осталось, возможность же колебания нелепа». Затем он сел верхом и отправился к Тайджиутам. Мать Чингиз хана Оэлун-экэ самолично села верхом, подняла Бунчук (Тух), посадила на коней войска и отправилась в погоню за беглецами дабы вернуть их назад. Когда они сошлись, с обеих сторон, построились в ряды в боевом порядке и начали сражение. В конце концов она вернула назад некоторую часть тех племен и своего улуса».

Ол шайқаста әмірлердің үлкені, қарт Чаранэ-Эбуген садақтың оғы тиіп, желкесінен жараланды. Осы шайқастан қайтып келгенде Шыңғыс хан оған барып не болып жатқанын сұрады. Чаранә былай деді: «После (кончины) твоего доброго отца наши племена и войска оказали тебе неповиновение и отпали от тебя. Я захотел стать им помехой, но небесное предопределение устроило засаду на мою жизнь, и мне не ожиданно нанесли удар».

Шыңғыс хан оның алған жарасының қатерлі екенін көріп, өкіріп жылады. Ол шығысымен Чаранэ қайтыс болады.

Бұл кезде Жамукэ-Сэчэн Нирук тайпасына жататын, ол сол тайпаның басшысы және жадзират тайпасының әмірі оның туысы такудачар болатын. Ол маңайындағы ұлыстарды тонай бастайды. Оның ішінде Шыңғыс ханның да қоластындағы ұлыстар да болды. Осы маңайда жалайырдың ханы Жошы Тармалдың ұлысы болатын. Такудачәр оның ұлысынан малдарды айдап кетіп жүр дегенді естіп Тармал оны аңдиды. Такудачәр кезекті шабуылға келген кезде оны Тармал атып өлтіреді. Ол Жамуханың туысы болғандықтан енді Шыңғыс ханмен жауласуға себептің бірі болды.

Шыңғыс хан олармен шайқасып жүр­генде барлық күшінен айырылып қалады. Олардың қолына тұтқындалады. Ол тұт­қыннан Сулдуе тайпасының адамы, Соркан-Ширә құтқарып алады.

Бірнеше жылдың ішінде талай қиын­дықтарды басынан өткізіп, Шыңғыс ханның төңірегіне біраз тайпалар топтасады. Осылайша бірігу басталады.

Ақырында Тайджиут тайпалары жасырын 30 мыңдай әскермен Шыңғыс ханның ұлысына шабуылға келе жатты. Ол туралы Шыңғыс хан ешнәрсе естімейді. Оның бағына қарай Икирас тайпасының Нэкун атты азаматы Тайджиут тайпасында болатын. Ал оның ұлы Бутук Шыңғыс ханға қызмет ететін. Нэкун Барулас, мүлкә, татана руының екі адамы арқылы Шыңғыс ханға хабар жеткізді. Шыңғыс хан Талан-Балджиус атты жерде жүрген. Аталған екі адам Алауут, тураут атты екі төбені өтті. Шыңғыс ханға хабар жеткізді. Бұл хабарды ести сала Шыңғыс хан да өзінің әскерін жасақтауға кірісті. Өзін жақтайтын тайпалар мен руларға хабарлады. Оны Хавакахтар да қолдады. Барлығы жиналған соң ол оларды туманға, мыңдыққа (хазара) және жүздікке (садә) бөлді.

Шыңғыс хан төңірегіне 13 мың сарбаз жинады. Дұшпандарынан екі еседен астам аз әскерімен 30 мың әскерді тас-талқан етіп жеңіп, жеңіске жетті. Шыңғыс ханның күн сәулесі түсіп тұрған бақытынан жаулар жан-жаққа қашып құтылды. Ал Удут және бурудут тайпалары бағынды.

Осы шайқас болған өзеннің жанына Шыңғыс хан 70 қазан орнатуды бұйырды. Сол жерде жауларын қайнаған қазанға тірідей тастап өлтірді. Оны естіген тайпалардың бірі жүрьят дереу бағынатынын білдірді. Олар Шыңғыс ханның жанына көшіп келді. Тауджуит тайпасы ең күшті және көп болған. Олар да быт-шыт болып тарап-тарап кетті.

Біраз уақыт өткен соң журьят тайпасының басшысы (бузург) болып Жамуха Сәчән болды. Ол ақылды, дарынды еді. Оған батылдық пен қабілеттілікті Алла тағала берген екен. Оның үстіне асқан ғажап сиқыр, алдау қабілеті де мол, сайқал арам жан болды. Шыңғыс хан оны өзінің бірге туған «туысы» деп атады (андэ). Жамуха Шыңғыс ханның «ең жақын досымын, туысымын» деп бер жағынан оны қолдаған түр білдірді. Ар жағынан арам ой жеңіп, ол бірнеше рет көтерілісшілер жағында болып «қарын бауыры» Шыңғыс ханмен соғысты.

Біраз уақыт өткен соң бұл тайпа бірімен-бірі қырқысты. Олар: «Таш Чуиттің әмірлері бізді менсінбейді, қорлайды. Ал Тэмуджин хан өзінің киімін біреуге береді, өзі отырған аттан түсіп, оны да береді. Ол өзінің халқының тағдырын ойлайды. Әскеріне, жеріне көңіл аударады. Ұлыстағылар жақсы тұрады», – дейді. Біраз ойланып, ақылдасып, олар Шыңғыс ханға қосылды. Оған бағынды.

Сондай-ақ Сулдус тайпасынан Соркан Ширәнің ұлы Чилаухан бахадур, Исут тайпасынан Нирун тайпасының бір тармағы Тудай бағынды. Олар таиджиуттардың бір тармағынан. Осы рудың бір тармағының қолбасшысы. Кадан тайшының ұлы Тудайдан кетіп Шыңғыс ханның қоластына кірді. Чилаухан бахадур Шыңғыс ханды тұтқыннан құтқарып қалған болатын. Ал Жебе Таидша тайпасының күшін жоғалтқаннан кейін біраз уақыт не істерін білмей, әрлі-берлі тау тасты, ормандарды аралауда болды. Бұл жағдайдың ештеңе бермейтініне көзі жеткен соң Шыңғыс ханға келіп қосылды.

Баарин тайпасының бас әмірі Ширқат Эбудэн өзінің екі ұлы Ная және Абакты алып Шыңғыс ханға келді. Ная Угедей, Менгу Қагандар кезінде де тірі болды. 120 жас өмір сүрді. Меньгу Каган патшалық құрғанда ол: «Шыңғыс хан туғанда өткізген тойда тойып ет жедім» деген екен. Өз тайпасынан Хакачу бахадүрді тұтқындап және Тайджиуттардың басшысы Таркутай Кирилтүкті Шыңғыс ханға алып келген. Оларды біраз уақыттан кейін бостандық беріп Шыңғыс хан өз хандығында ұстап тұрады. Олар тағы да қашып кетті. Осы кезде Жалайыр ұрпағының дуланкат деген тайпасының басшысы Жошы Жауырқан өз елін Шыңғыс ханға ертіп келіп оған бағынатыңдығын білдіріп Туракут-Синкут деген жерде тұрақтады.

Шыңғыс хан татарлармен соғыста жеңіске жеткен соң тонаудан алған пайдаларымен юркин тайпасымен бөлісіп, өз жағына тарту мақсатымен оларға барып қайтуға шешім қабылдады. Бара жатқанда жолда юркин тайпасының бір бөлігі көтеріліс ашқан. Біраз адамдармен бірігіп Шыңғыс ханның әскерінен 10 адамды өлтіріп, 50-дей адамның аттарын тартып алып, киімдерін жыртқан. Ол хабар Шыңғыс ханға жеткенде ол былай депті: «Кеше олар қылышпен менің інім Балғытай нойонның иығын шауыпты. Енді біз: «келіңдер бейбіт өмір сүру үшін келісімге келейік десек», – олар бізді жау ретінде қабылдады. Енді еріксіз оларға қарсы шара қолдануға тура келеді».

Осындай ашу үстінде дала жолымен оларға қарсы шабуылға аттанды. Оларды Тулан булдақ деген жерде талқандап, көптеген халықты тонады. Сәча Беки және Тайчут отбасымен және аздаған адамдармен қашып кетті. Шыңғыс хан юркин тайпасын талқандап жеңіске жеткеннен кейін ол кереиттердің басшысы Он ханның інісі өз ағасынан кетіп қалған Жакамбуға шабуыл жасап, оны талқандады. Кереиттердің бір бөлігі тункаит руы. Біраз уақыттан кейін олар тарап кетеді: Жакамбаның жеңілісінен кейін олар: «Шыңғыс ханға бағынамыз», – деп өздері келді. Олар Шыңғыс хан мен Он ханның дос екенін білетін. Шыңғыс хан Танкаиттарды Он ханға қайтарып жіберді. Онан кейін біраз уақытқа дейін олар Он ханмен жақсы қатынаста болды. Тағы да Шыңғыс ханға қарсы көтерілді. Наймандардың ханы Таян ханның жағына беріле қоймады.

1206 жылы моңғол жерінде Онан өзені бойында құрылтайда (көшпелі феодал­дарның съезді) елу жастағы Темучин моң­ғолдың ұлы ханы болып сайланып «Шың­ғыс хан» деген есімге ие болды.

Осылайша моңғол мемлекеті құрылды. Феодалдық қарым-қатынас күшейді. Моңғол ұлтының қалыптасуына жеткізді.

Бұл мемлекеттің мынадай құрамдары болды. Мемлекеттің басында ұлы хан тұрды. Оны қаған деп атады. Ол Шыңғыс хан, оның мұрагерлерін шыңғыстықтар деп атады. Шыңғыс ханның тірі кезінде ұлыстар оның ұлдарына бөліп берілді. Олар ұлы ханның бағыныштылары деп аталды. Ал оларға көшіп жүрген барлық нояндар өз қамалдарымен нөкерлерімен бағынды. Шыңғыс хан мемлекетті 1206-1227 жылдары басқарды.

Бұл феодалдық мемлекет әрі әскери мемлекетке де айналды. Өйткені моңғолдар түріктердің ерте замандағы салт-дәстүрлері бойынша түмен, мыңдық, жүздік, ондық деп әскери әкімшілік бөлікке бөлінді. Олар әскерге 10 мың, мың, жүз және он сарбаздар беруге міндетті болды. Түмен, мыңдық деген атақпен ертеден келе жатқан тайпалар, рулар көсемдерінің ұрпақтары әрі қарай өмірлерін жалғады. Олар түмен, мыңдықтардың басшылары болып қалды.

Шыңғыс хан моңғол қоғамының көшпе­лілердің атақтылары мен ақсүйек­терінің ежелгі дәстүрлерін саналы түрде қолдап, қатардағы көшпелілермен олардың мырза­ларының арасындағы қатынасты мәңгілік байланыстырып заңдастырды. Шыңғыс хан моңғол қоғамында осы уақытқа дейін болған басқару жүйесіне феодалдық элементтерді өте нақты ұйымдасқан түрде заңдастырды.

Феодалдық жасақтардың жанында атақты онмыңдық гвардия (кешім) тұрды. Олар атақты феодалдардың ұлдарынан құралды. Бұл гвардия ерекше қамқорлықта болған. Олардан әскердің басшы командирлерін іріктеп алып отырған. Кейіннен олардың ішінен жаулап алып бағындырылған өлкелерге басшы қызметтерге жоғарылатылатын болды. Мемлекеттің негізгі заңы – ұлы Ясақ болды. Бұл кәдімігі құқық, тек қана атақты әлділердің тұрмыс салтына негізделіп жасалған патриархалды бүркемелеп жамылған шаруалармен қарым-қатынас туралы заң. Ол аса қатал әскери тәртіп орнатты.

Саяси бірлескен, қатал тәртіпке негіз­делген өте мықты моңғол әскері дү­ниежүзінің көпшілік жерін басып алуға мүмкіндік берді. Шыңғыс ханның жаулап алу саясаты осы елдің ауқатты адамдарының мақ­сатын көздеді. Табыстар (Исстар.1) тек қана араттарды қанаудан ғана құралған жоқ. Ол негізінен көрші елдерді тонау соғысынан тапқан табыстардан құралды. Моңғол мемлекеті құрылғаннан кейін ұлыстардың біріне-бірінің шабуылы тоқтады. Бірақ табыс көзін шетелдерді тонау арқылы толтырды. Ал соғыста жетістікке жету, табысты болу үшін өте күшті хандық қажет еді. Соңдықтан олар Шыңғыс ханға адал қызмет көрсетті. Олардың ортасынан өте қабілетті Джебэ, Субутай, Мухули, Шики Хутуку сияқты қолбасшылар шықты.

Шыңғыс ханның жаулап алу жорығының табысты болуы көшпелі моңғол әскерінің қатаң заңдарының өте дәлме-дәл ешбір өзгеріссіз, кешірімсіз, әділетті орындалуында. Теңдесі жоқ ұйымдастыру қабілеті мен тәртібіне негізделген өте жылдам қимыл­дайтын, тез қозғалыста болған көш­пелі жасақтар әскери тәртібі әлсіз, көшіп-қонуға бейімделмеген жер шаруашылығымен шұғылданатын оты­рық­ты феодалдық мемлекеттерді тас-талқан етіп жеңді. Көрші мемлекеттердің жеңілу себептерінің бірі ол енді феодалдық бөлшектенулерінен, бірін-бірі тыңдамауларынан, өзара ішара келіспеушіліктен де болды.

1209-1210 жылы Шыңғыс хан өзіне Си ся таягут (бүгінгі қытайдың Ганну провинциясы) және ұйғыр мемлекеттерін өзіне бағындырды. Моңғол әскері 1211-1215 жылдары арасында Қытайдың солтүстік бөлігінің көпшілігін басып алып, түк қалдырмай тонап, шөл далаға айналдырып жіберді. Қытайдың солтүстігінің қалған бөлігін оңтүстік Қытайды Шыңғыс ханның мұрагерлері бағындырды. Қытайды толық жеңіп бағындарған соң, Шыңғыс хан әскерлерінің басты күшін батысқа қарай бұрды. 1218 жылы Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін 1219 жылы әскерін Хорезмшахты жаулап алуға жұмылдырды. Олардың қоластында бүкіл Орта Азия мен Иран болатын. Ол елдерді басып алған соң олар өте мол дүние-мүлік байлығына және жаңа әскери техникаға ие болды.

Болатбек НӘСЕНОВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор

«Президент және Халық» газеті

Ұлт порталы 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста