Семейде "МҰХТАР МАҒАУИН" атындағы әдеби-рухани орталық ашылса...
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы құрметіне Семей қаласы ерекше мәртебеге ие болады. Тарихи бағасын алды.
Қарап отырсақ Орал қаласында Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы бар, Ақтауда Әбіш Кекілбаев атындағы (музей) орталық ашылды.
Енді, Семей қаласында Мемлекет сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы "МҰХТАР МАҒАУИН" атындағы әдеби-рухани орталық ашылса. Туған жердің талантты перзентіне деген лайықты құрметі болар еді. Асылымызды тірі кезінде ардақтап, бағаласақ, ғажап қой!!!
Екіншіден Семей қаласына (тарихи маңызы бар мекен) жоғарыда аталған (рухани-әдеби) орталық әбден керек. Бір-біріне міңгесіп отырған мекемелерді санасақ саусағымыз жетпейді.
Абай атамыздың мерейтойы аясында осындай иігі істер жасалса...(ән мен күй, форум, ас, бәйге сияқты кез-келген сәтте ұйымдасытра беруге болатын қызықтың астарында қалып кетпесек екен деймін)
Бүгін, қазақтың аяулы перзенті Мұхтар Мағауин 80 жасқа толып отыр. АБАЙ атаңыздың мерейтойында елге келіңіз, біржолата! Деніңіз сау, басыңыз аман болсын!!!
Мерей Қарт
Фейсбуктегі парақшасынан