Қытайлардың тегі кім?

Қытайлардың тегі кім?

Қытай Халық Республикасы ‎ — Жұңxуа Халық Республикасы — Азия құрылығында орналасқан мемлекет. Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. 14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Вьетнам.
Қытайларда өз тегінің бастауын Манқыстаудан алады. Оларда Манның ұрпақтары, яғни Манғыт тайпасынан тараған. Бұл жерде «Ад»-қа «ай» деген көпше жалғау жалғанып, Адай сөзінің дүниеге келгені сияқты, «Манғытқа» да «ай» жалғауын жалғасақ Манқытай болып шығады да, «Ман» мен «Ад»-тың бір мағынада екендігіне байланысты (ақиқатында Ад - Манның атасы), алдыңғы Ман деген атасы айтылмай «Қытай» болып шығады. Міне осылайша, «қытай» таза қазақ сөзі. Орыстардың «Орыс (Рус)» деген сөздің шығу тегі мен мағынасын білмейтіні сияқты, бүгінгі Қытайлықтар да бұл сөздің шығу тегі мен мағынасын білмейді. Қазақтар оларды күні бүгінге дейін Қара Қытай деп те атай береді. Олар ерте замандарда Маңғыстаулық Қарақан қағандығынан бөлініп шықты, тіпті күні кешеге дейін қазақтың ұлы қағаны Шыңғысхан құрған алып империяның құрамында болды.
Маңғытай (Маңғыт, Маңғыбай) тайпасы Адайдың шежіре дерегі бойынша былайша таратылады: «Адай – Құдайке – Қосай – Байбол – Қадыр Қилыбай – Маңғытай» («Манқыстау энциклопедиясы» Алматы, 1997. 198-199 беттер).
«Қазақ қарттың баласы
Елеу менен қырғызды
Елеу ердің баласы,
Маңғыбай менен алаш-ты» (Ыбырайым Ахұн Құлбайұлы. «Алтынды Орда қонған жер» Ақтөбе-1994. 13 бет). Қытайлардың қазақ шежіресіндегі тегі осы.
Адамзат мәдениетіндегі ең көнесі, ең ұзаққа жалғасатыны, арада сан мыңдаған жылдар өтсе де қалпы біршама жақсы сақталып келе жатқаны да тіл екендігі белгілі. Сондықтан, тіл қазір де адамзат тарихы мен мәдениетінің жүйесін қуалауда ең сенімді құралдардың бірі саналады.
«Қытай тілі қалыптасу барысында түркі тілдерін (қазақ тілін М.Қ.) өзінің лексикалық қайнары еткен. Қазіргі қытай тіліндегі көптеген түбірлер баба түркі тілінен (қазақ тілінен М.Қ.) барған. Бұл осы екі тілдегі жер, су, топырақ, жапырақ, күн, таң (аспан), жар, үй, саусақ, тыңда, көр, жүр, кел, кет, жүз, сой, үйрен, жебе, қап, қой, кент, ұлу (айдағар) сияқты ең байырғы жүздеген негізгі түбір сөздерде байқалады» (Я. Құмарұлы: «Алыстағы ата мұра», Ұлттар баспасы, 2003 ж. 41 бет).
«Бұл кезде (Х111 ғасырдың басы М.Қ.) бүкіл Орта Азияға қарақытайлықтар иелік ететін. ...Қарақытайлықтарды моңғол шапқыншылығынан кейін бір жаққа қоныс аударып, ауып кетті деуге негіз жоқ екенін айта келіп, өзі тапқан екі дерекке назар аударады. Оның бірі Құрбанғали Халитовтың «Тауарих Хамсасы», екіншісі шүршіт тайпасынан шыққан Темірбай Бектасовтың жаздырған шежіресі. Ол, мынандай: Найман, одан Белгібай, одан Елте (Ел-ата), Бағаналы, Балталы, Сүгірше, Сүйініш, осының Сүгіршесінен Сарыжомарт пен Төлегетай, Төлегетайдан Қытай, одан Қарагерей, Матай, Садыр, Төртуыл тарайды.
С.Аманжолов осындағы Қытайды тайпалар одағының аты деп қабылдайды. Т.А.Жданконың деректеріне сүйене отырып, Х11 ғасырдан бері олардың қазіргі Талдықорған облысының терістік шығысы мен Шығыс Қазақтан облысының оңтүстік шығысын мекендегенін анықтайды. Сөйтіп қарақытайлар сол кезеңнен бастап қазіргі наймандардың бір бұтағы болып келеді деген тұжырым жасайды. Оған мынандай дәлелдерді негіз етеді:
бірінші, Орхон-Енесей жазба ескерткіштерінде қазіргі ұғымдағы қытайларды табғаш немесе тавгаш деп атайды. Сонда басқа түркі тайпаларымен бірге, мысалы, усундармен, қырғыздармен, татарлармен, ашиналармен (Алшындармен М.Қ.) үш құрықандармен қоса қытай атауы да аталады. Бұл басқа емес, осы Садыр, Матай, Төртуыл және Қарагерейден тұратын тайпалар одағы. Қытайлар бұған дейін өз алдына жеке дербес болғанымен, Х11 ғасырдан кейін наймандар одағына қосылған;
екінші, Махмұд Қашқаридың «Диван Лұғат-ат-түрк» (Х1 ғ.) атты шығармасында қытайлар түркі тайпаларына жатқызылады;
үшінші, академик В.Бартольд: «Мұсылман тарихшылары Хижраның 408 жылы (жыл санауымыз бойынша 1017-18 жылдар) мұсылман емес түріктер қоныс аударғанда арасында қытайлардың болғаны жөнінде айтады...
төртінші, Г.Е.Грумм-Гржимайлоның мәліметі бойынша Садыр тайпасының қытайша шато болып аталатынын көруге болады. Шатолар Шығыс түріктерінің өмірінде үлкен роль атқарады. Мұның сыртында Орхон-енисей ескерткіштерінде аталатын чуй тайпаларының бірі чуэ казіргі Садырлардың арасында бар. (М.Тынышпаев ұсынған кестеде Садырдан Тон Чуе және Сарыжетім, осының Чуесінен Итемген, Дегенші және Шағыр тарайды).
Бесінші, қытай деген тайпа атауы өзбектердің арасында да сақталған. Өзбектерде қытай атауы қосарланып (қытай-қыпшақ) аталатындықтан, олардың бүкіл Орта Азияға үстемдік етіп тұрған кезінде Қазақстанның шығыс облыстарынан келгенін аңғаруға болады. Осы орайда қытай тайпасы атауларының теңеулерінің мысалы, череуші-қытай, мәнжулі-қытай, аралбай-қытай, қайшылы-қытай, қазаяқты-қытай, қайын-қытай, екішейх-қытай болып келуі ерекше назар аударады. Қытай башқұрттар мен қарақалпақтардың арасында да бар.
...Қытай атауы тек наймандарда ғана емес, қазақтың біраз ру-тайпасында бар. Айталық, жоғарыда айтылған қыпшақтар арасындағы қытай-қыпшақ, сары-қытай, құлан-қытай жалайырлардың шуманағындағы маңғытай, қоңыраттардың көтеншісіндегі маңғытай керейлердің абағындағы шереуші-қытай және басқалар. Осының бәрін кездейсоқ ұқсастық деп қарауға бола ма? Тарих дерегіне қарасақ, батысқа не шығысқа қоныс аударып, ауып кеткен, болмаса қырғынға ұшыраған қарақытайлықтар және байқалмайды. Сонда бір кезде көшпелі империя дәрежесіне жеткен қара қытайлықтар қайда кетті? Көкке ұшты ма, әлде жер жұтты ма? Егер осының бірі де болмаса, сөз жоқ, онда олар көрші тайпалардың құрамына кіріп, сіңісіп кеткен болады ғой. Ендеше бұл да халқымыздың көне тарихын уақыт талабына сай жаңа бағытта зерттейтін ғалымдардың назарды баса аударар бір үлкен мәселесі болуға тиіс. Бұл арада қарақытайлықтардың тегі қытай емес екенін де есте ұстаған жөн. Осы айтылған әңгімелерден менің бір байқағаным қазақ халқының құрамына енген қай тайпа туралы сөз қозғасақ та, әлі күнге біреуінің не атаулық мәні ашылмаған, не шығу тегі нақты көрсетілмеген, бәрі де шамасы осылай деген болжам төңірегінде. Сонда қазақ халқының көне дәуірінің нақты тарихы қалай жазылмақ? Бұл шамасы таяу уақытта бітпейтін шаруа болса керек? (Салғараұлы Қойшығара «Қазақтың қилы тарихы» Алматы-1992. 257-259 б.б.). Бұл сұрақтардың жауабы төмендегіше:
- Қытайлықтардың өз тегін Маңғыстаудан шыққан Маңғыт тайпаларынан алатынын жоғарыда айттық. Бұған басқа дәлел іздеп бас қатырудың да қажеті шамалы. Манғыттың да, Манқыстаудың да бастау алар жері Ман атамыздың атынан шығады.
- Қарақытай атауындағы Қара сөзі де өз бастауын Манқыстаудың ең түкпіріндегі Түпқарағаннан (Қараған түп, Қараған түбек) алады. «Түп» сөзі кез келген ұғымның бастау алатын жерін білдіреді. Мысалы, қазанның түбі, құдықтың түбі, теңіздің түбі, түп ата, осыған сәйкес сөз түбірі (өз түбі, өз атасы) т.т. болып жалғасып кете береді. Осындағы Қара сөзінің түбірі бүкіл әлемге Ар деген ұғымды да, осы есімді өздеріне атау етіп алған елдердің бәрінің шыққан тегі мен жерін білдіреді. Олардың қатарына Қазақтың үш арысы, Сегіз Арыс Адайлар, яғни Адайдың сегіз немересі, Үнді – Арийлер, Парсылар, Арап елдері т.б. жатады.
- Бұны түсіну үшін Қаз (ан, ар, ақ, ия, стан) атанған елдің бүкіл әлем елдерінің бастау алатын ел екендігін мойындауымыз керек. Бұл жерде шындығында адам түсінбей, бас қатырардай дәнеңе де жоқ. Себебі, бүкіл әлем елдерінің түп атасы қазақтың ру, тайпа аттарында әлі сол бұрынғы бастау алған күйінде сақталып қалып отыр. Бұны толық түсіну үшін Қазақ елін Адам атаның қара шаңырағы екендігін мойындасақ жетіп жатыр. Қазақтың ежелгі шежіре, жыр-дастарындағы Өзбекті де, Қарақалпақты да, Қырғызды да тіпті бәрі-бәрінде өз ағам деп атайтыны осыдан. Бүкіл әлем елдері мемлекеттерінің дүниеге келуі, қазақ отбасыларының дүниеге келуімен бірдей. Айталық, бір Атамыздың он екі баласы бар. Атамыз ең бірінші, ең үлкенін үйлендіріп, еншісін бөліп беріп, бөлек отау етіп тігеді. Қалған онын да осы ретпен отау етіп шығарады. Атамыз ең соңында кенже баланың қолында қалып, ол үй Қарашаңырақ немесе Ошақ деп, ал балаларының ең үлкені Тақ мұрагері деп аталады. Қазақтың Отбасы Отанның шағын макеті, Отан отбасыдан басталады дейтіні осыдан. Міне осылайша, бүкіл әлем елдері қазақтан бөлініп отау тікті. Бөлінбегендері қара шаңырақта қалып 105 таңбалы бүгінгі қазақ мемлекеттігін құрап отыр. Бүгінгі әлем елдері атауларының барлығы дерлік қазақтың ру, тайпа атауларында сақталып қалғанының сыры осы.
- Қытайлықтар Манқыстаудан кеткен жеті жұрттың бірі ретінде Түмен Балтабасұлының «Маңғыстау» атты жырында аталады:
...«Бұл жерден кімдер кетіп, кім қалмаған?
Қара жер қаза жетсе кімді алмаған?
Қызылбас, Қытай, Қыпшақ, Қырым, Қырғыз,
Айладыр алтау болса, қалмақ жетеу -
Ерлерден ертедегі қалынған жер» (Ә.Қонарбаев «Түмен Балтабасұлы» Алматы-2009. 22 бет). Өздеріңіз көріп отырғандай аттары аталған елдердің ешқайсысы Маңғыстауға жаулаушы болып келген ел емес, отау болып кеткен ел ретінде жырланады. Әйтпесе, олар Ер (батыр) деп дәріптелмеген болар еді. Мысалы, Алтын Орда мен Осман империясын күйреткен Темірді, мына көрші өзбектер Әмір, Көреген, Сақыпқыран деп үлкен құрметпен атаса, біздің аталарымыз оны ауыл, үйдің тентек баласы іспетті, жай ғана Ақсақ Темір деп атаған. Қазақта дені дұрыс, құрмет көрсететін адамының дене кемшілігін есіміне қосып атамайды. Әйтпесе, ежелгі қазақта дене кемшіліктері (соқыр, шолақ, бүкір т.т.) бар билеушілер (хандар мен қағандар) аз болмаған.
Армян тарихшысы Егише Вардапет 450 жылы былай деп жазыпты. «Ү ғасырдың 50 жылдарында Ақхұндар іргелі елге айналып, парсыларды ығыстырып, олардың шабуылына тойтарыс беріп, ата қоныс көршісі Қытайға 456 жылы тұңғыш елшілігін жөнелтті. Бір кезде өздерін мекенінен қуған Қытаймен қарым-қатынас жасамақ болғаны, ең әуелі, қыр көрсету ғана емес, өзінің әлемге әйгілі тұлғалы ел болғанын Иранның Сасанит әулетінің патшасы Перозды (459-484) күйрете жеңуі негізгі себеп болды» (Б.Қ.Албани «Қазақия» Алматы. 1998. 75 бет).
Қытай елінде біртұтас дін қалыптаспаған. Дао (даосизм) дінінің қағидаларын халықтың көпшілігі мойындамайды. Әрі дін, әрі философиялық ілім болып саналатын конфуцийшілдікті (конфуцианство – жуцзяо) көбінесе билеуші және зиялы қауым өкілдері ұстанды. Б.з. 2 ғасырында Орталық Азиядағы Кушан патшалығынан Шығыс Түркістан арқылы Қытайға будда діні таралған. Буддизм қытай мәдениетіне, философиясына, әдебиетіне, архитектурасы мен бейнелеу өнеріне күшті ықпал етті. Орта ғасырлар мен жаңа заманда қытайға арагідік зороастризм, ислам, христиан (католик, несториан, манихей) діндері де таралып, өріс жайды. Олар да біздер сияқты ата-баба аруағына мінәжат етеді.
Қытайдың қазіргі астанасы Пекин ежелде Хан балық деп аталған. Қытай астанасының Ханбалық аталу себебі, ол кезеңде олар да Алашқа жатқан алты елдің бірі болып Балықшы атанған. Ал, Балықшы руы Адайдың шежіре дерегі бойынша Адай – Келімберді – Балықшы болып таратылады. Қытайдың қазіргі астанасы Пекиннің ежелде «Ханбалық» деп, аталып жүргенінің сыры осы. Ежелгі аталарымызда осындай, яғни астанасына руының атын қоятын дәстүр болған. Мысалы, Шыңғыс қаған құрған ұлы империяның астанасы Қарақұрым болатын себебі, Қара да, Құрым да оның арғы аталарының аты болатын. Астанасы Баласағұн деп аталған мемлекетті де осы балықшылар құрған болатын. Балқан (Оқ Балқан) тауларының атауы да солардан қалды. Адай шежіресіндегі Мұңалдың ұрпағы Қиан, Қиат, Қидан, Қыпшақ, Қытай атауларының бір түбірден (бір атадан) болатыны да осыдан. Олардың өздерін Жұң деп атап жүргендері де осыдан. Жұңхуа мен Мұңал түбірлес болып тұр. Айырмасы, мұңалдар Келімбердіден тараса, қытайлар Құдайкеден тараймын деп отыр. Қаз Адайдың рулық шежіре дерегі Құдайке мен Келімбердіні бір атаның ағалы-інілі екі баласы деп дәлдеп тұрып көрсетеді.
Бүгінгі Қытайдың ресми дерегі бойынша да б.з.б. 140 – 87 жылдары конфуцийшілдік ресми идеологияға айналған. Хань әулеті тұсында бірыңғай қытай халқы қалыптасты. Халық өзін ханьдықтармыз деп атады. Бірақ 184 жылы 20 жылдан астам уақытқа созылған көтерілістен Хань әулеті құлап, үш патшалық құрылды. Солтүстік Қытайды көшпелі тайпалар басып алды. Елде түрлі кезеңдерде қытайлық емес 16 патшалық құрылды. 589 жылы ел Суй әулетінің төңірегіне қайта бірікті. 618 жылы оның орнына Тан әулеті келді. Қытай елі қайта гүлденді. Империя түрлі бағытта басқыншылық соғыстар жүргізді. 630 жылы Шығыс Түрік қағандығын жойды. 8 ғасырдың бас кезінде Жетісуға басып кіріп, 751 – 52 жылы Атлах шайқасында арабтар мен жергілікті түркі тайпаларының одағынан күйрей жеңілді. 10 ғасырдың басына қарай Тан империясы ыдырап, 960 – 1279 жылы Оңтүстік Қытайды Сун әулеті біріктірді. Солтүстікте, солтүстік-шығыста, солтүстік-батыста көшпелі тайпалар билеген мемлекеттер өмір сүрді. Олар бір-бірімен және Сун әулетімен үздіксіз соғыстар жүргізді. 13 ғасырдың бас кезінен Қытайды Шыңғыс хан билеген түркі-моңғол (қазақ-мұңал М.Қ.) тайпалары жаулап ала бастады. 1271 жылға қарай Шыңғыс ханның немересі Құбылай бүкіл Қытайды өзіне бағындырып, Юань әулетінің негізін қалады.
Б.э.д. III мыңжылдықтағы Қытайдың ежелгі тұрғындары Хуанхэ өзенінің (Сары өзен) орта және төменгі ағысында тұстарын, Боқай шығанағының жанындағы жазықтықты, және Қытайдың басқа аумақтарының кең жазықтарын мекендеген. Бұл аумақтарда өмір сүрген тайпалар түрліше аталған: солтүстікте — «ли», шығыста — «и», батыста — «жун» немесе «цзян», оңтүстікте — «ман». Ежелгі халықтар тайпаларға біріккен рулық қауымдармен өмір сүрген және ортақ шаруашылықты жүргізген. Шамамен б.э.д. 1600 ж. шығыс «й» тайпалары Солтүстік Қытайдың үлкен аумағын жаулап алып, өз қарсыластарын жеңді де, Шан (инь) мемлекетін кұрды.
Міне бүгінгі Қытайды құраған елдердің сол өңірге қазақ даласынан барғандықтарының айдай айғағы. Қытайдың негізін қалаған Хан әулеті дегеніміз, Маңғыстаулық Қаңға бабалықтар (Қан аға) болып табылады. Олардың өздерін Хандықтармыз деп атап жүргендерінің сыры осы. Қытай жеріндегі жер-су, ру, тайпа атауларының бәрі-бәрі қазақи атаулар. Ал, олардың өздерін «Й» деп атайтындары, бұл Атаның (Аданың) баласымыз дегені. «Ман» мен «Жүнге» келсек, Манымыз сірә Ман (Манқыстау), ал Жүн (Жун), бұл Күн елінің ұрпағы, яғни мал баққан елдің ұрпағымыз дегендері болып табылады. Күн, Жүн, Мұналдың түбірлес, яғни бір атадан болатыны осыдан.
«Қытай тарихшылары өз елінің ең ежелгі тарихын былай бастайды: «Қытайлармен алғашқы байланысқа түскен Сиуңнулар мен Қытайдың алғашқы билеуші әулеті бір әулеттен болатын». Немесе қысқаша айтқанда «Қытайлардың алғашқы билеуші әулеті көшпенділер әулетінен шыққан» деген сөз. Қытайдың алғашқы билеуші әулеті де, көне Қытайдағы бірнеше княздіктің басын біріктіріп, «Аспан асты империясын» құрған Ши Хуан-ди патша да көшпенділер әулетінің өкілдері. Осы жерде түрік императорлары өздерін «Көктің ұлы», «Тәңір құт» деп атағанын айта кеткен жөн. Түріктердің ұстанатын діні – Тәңір діні десек, түріктер Тәңір құдайдың мекені аспанда, зеңгіркөкте деп есептеген. Ал, өздерін тәңірдің жердегі өкілі – Көктің ұлы деп атаған. Сондықтан да, олар құрған империя Көктің ұлы империясы – Аспан асты елі деп аталған.
Қанша ерте дамыған дегенмен қазіргі ғылымға белгілі қытай жазба тарихы б.д.д бірнеше ғасырдан ғана осылай басталады» (Бекжан Бейсенбай, отырартанушы «Пирамидаларды салған кім?).
«Кезінде біздің бабаларымыз Қытайларды «жиырма төрт шүршіт», үнділерді «он жеті делдір» деп атаған екен. Соншама көп халықтың тек жиырма неше фамилиядан құралатындығын олар сол кезде-ақ білген. Солардың бір бөлігі болып келген Алтынхан елі ежелгі найман-керей хандықтарымен іргелес отырғандықтан әрі наймандардың сол кезде ең үлкен хандық екендігін білгендіктен оның ханын «Дауаң» (үлкен князъ) деп, ал Керей ханын «Уаң» (жай князъ) деп атаған. Қытайларда «Да» деген әріпті «Дай» деп те оқиды. Осылайша «Дауаң» біртіндеп «Дайуаң» онан барып «Тайан» болып қалыптасқан. Ал Керей ханы «Уаң» (жай князъ) біртіндеп «Уаң хан Тұғырыл» болып өзгерген. Оны тіпті Европаның миссонерлері «Иван поп» деп атап кеткен». (Зейнолла СӘНІК, зертеуші, Үрімжі қаласы).
Зейнолла замандасымыздың бұл сөзі Адайдың шежіре дерегімен және олардың сөз жасау қағидасымен де толықтай сәйкес келеді.
- Адай (Атай) - Ад (Ат), Ада (Ата), Ай және Дай (Тай) біріккен сөздерден тұрады.
а. Ад - ең алғашқы мәдениет деген ұғымды дүниеге әкелген қауым. Қасиетті Құран Кәрімде Адтықтар жайлы аяттар бар.
ә. Ат – адамның аты (есімі). Атың кім?
б. Қолға үйретілген мініс аты. (Ат ердің қанаты). Мініс атының авторы осылар.
г. Ата, өз атаңнан бастап түп атаңа, яғни Адам атаңа дейінгі жиынтық атау. Адаға жалғанған «Й», баласы, ұрпағы деген мағына береді. Ежелде аталарымыз қазіргі «ов» пен «ич» тердің орнына осы «Й, И, Ы, І» дыбыстарын қолданған.
Атам Қазақта сонау Адам атадан бері Қожа Ахмет Иассауи, Ахмет Иугінеки, Әл-Фараби, Әлішер Науайи, Фирдауси (Шахнама), Әбдірахман Жәми (парсы-тәжік әдебиетінің классигі), Қадырғали Жалайри, Жары Адай, Жүсіп Баласағұни т.т. деп қолданылып келеді. Бұл қағида қазақта күні бүгінде қолданыста бар. Мұстафа Шоқай, Ғабдолла Тоқай, Тұңғышбай Әл Тарази, Әнес Сарай, Ислам Жеменей, Ордалы Қосай, т.т. болып кете береді. Бұл ұғым бастауын Ада (й), яғни Ата (Ада) деген ұғымымызға «й» дыбысын жалғаған жерден алады, яғни Адай - Атаның баласы, ұрпағы деп отыр. Қазақ шежіресінде Адайдың ең соңында тұруы, Адайлар Адам атаның да, бүкіл Қазақтың да кенжесі, «қарашаңырақ» иелері деген сөз. Мұны мойындау да, мойындамау да әркімнің өз шаруасы.
Тарих тағлымы: Әркім өз санасының, яғни ақылы мен білімінің жеткен жерінің қонағы болмақ.
ғ. Әлем тарихындағы аттары аңызға айналған Дай тайпасы. Бүкіл әлем тарихшыларының бүгінгі қазақтарға қатысы жоқ деп жүрген Дайлары осы. Ақыл-есі дұрыс жандарға сол ежелгі Дайлардың қазіргі қазақтар мекендеген жерді қоныстануы және Дай атауының Адай Ата есімінің құрамында болуы, олардың тегінің қазақ екендігінің айдай айғағы болмақ. Еске ұста! Сөз түбірі (өз түбі) ешқашан жаңылысқан емес.
д. Адай екі буыннан тұрады, Ад және Ай. Ад – атаң, Ай – анаң. Аспанда Ай, жерде әйел (бәйбіше), негізінен бұл есім әйел адамдарға тән. Ай аспанда жердің серігі болса, жерде әйел ердің серігі. Демек, Адайдың тағы бір мағынасы Ер адам мен әйел адам деген сөз.
Ад-Ат, Ада-Ата, Адай-Атай, Адам-Атам, МАД-Мат (Мәд, Мат, араптың Меке, Мәдинесі мен орыстардың анасын «Мат» дейтіндері осыдан), Мадай-Матай (Алтайлықтардың Маадай-Қара дастанын еске алыңыз), Дай-Тай («Адтың орнын Дай басар, Аттың орнын Тай басар», Алтай атауының тегі осы) деген атауларды (ел есімдерді) дүниеге әкелгендер бүгінгі Қазақтың ата-бабалары, яғни олар осы ұғымдардың бәрінің Атасы, яғни бүгінгіше айтқанда «авторы». Бүгінгі Қаз Адайлар Адам атаның қарашаңырағының иесі болып табылады. Сондықтан да, Адам ата ұрпақтарының 70 000 жылғы шежіре-тарихы Адай ата ұрпақтарының арасында сақталып отыр.
Бұл күнде Қытайға қола қорыту техникасының да, қола қаруларды өндіру өнерінің де қазақ даласынан, қазақ елінен барғандығы археологияда дәлелденген шындық.
Қытайлар тегінің Ман Адайдан тарайтынын олардың ақшаларының «Юан» деген атауынан да айқын көре аламыз. Ман мен Юанның «ан» деген бір түбірден болатыны осыдан.
Қытай ақшасында таңбаланған Қытайды құраушы ең негізгі төрт ұлт бар. Олар қытай, мұңал (моңғол), жуаңзу, мәнзу. Қытайлар мұңалдар құрған патшалықты өз хандығымыз деп санап, оларды толықтай мойындап отыр.
1279 жылы Шыңғыс қағанның немересі Құбылай өзін «Юан Шызу» деп, Юан патшалығын құрып, бүкіл Қытайдың басын қосып, екінші рет қытай жерін біріктірді.
Міне осылайша, қытайдың да ата-тегін қуаласақ, бәріміздің арғы тегіміз бір болып шығады.
Қазіргі қытай ежелгі түп тарихын (өздері шыққан көшпенді елінің шежіресін, тілін, дінін, салт-дәстүрін т.б.) түгелдей ұмытқан десе де болады. Қытайға қатысты қазақ та мынадай сөз бар. «Қара қытай қаптаса, сары орысты әкем дерсің» деген. Себебі, олармен жақын араласқан елдер «теңізге тамған тамшыдай» жоғалып кетіп отырған. Ашығын айтқанда жұтып қойған. Сондықтан, Қытайлықтардың тегі кім екенін және олардың қайдан шыққанын естеріне салып қойғанымыз артық болмайды.
Біздің бұл қауіпіміз негізсіз емес. Қытай төрағасы Дың Шаупың таңдамалы шығармасында: «Батысқа қарай мың бес жүз шақырым жеріміз бар, бірақ ол ойланатын мәселе» деп жазды. Олардың ара-тұра «Балқашқа дейінгі жер біздікі» дейтіндерін де әлдеқашаннан бері естіп келеміз. Олардың мектеп оқулықтарындағы картасын да қазіргі қазақ жерінің біраз бөлігі қытайдың жері деп сызылған. Демек, олар өз ұрпақтарының санасына осы пиғылды мектеп партасынан бастап сіңіріп жатыр деп, батыл тұжырым жасауымызға негізіміз бар.
Демек, Қытаймен қарым-қатынасымызда өзімізге қауіпсіз болатындай дәреже де ара-қашықтықты сақтағанымыз жөн.
Тарих тағлымы: Атадан қалған ұлы сөзді басшылыққа алып «Ел ішіне қара қытайды қаптатуға болмайды».

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім,

Маңғыстау
Abai.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста