Қытайда ақпен соғысқан қазақ

Қытайда ақпен соғысқан қазақ

Қазақстанда туып, Қытайда қаза тапқан Зуқа батырдың 150 жылдығы Алматы облысында өтіп жатыр. Тарихшы ол кісіні «әділетсіздікпен күрескен адам» деп сипаттайды.

Зуқа батырды еске алу биыл қаңтарда Түркияның Стамбул қаласында басталып, кейін Австрия, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей және Қытайда өткен. Солардың қорытындысы есебінде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қырғауылды ауылында өтіп жатқан шараға марқұмның Еуропа елдерінде тұратын ұрпақтары да келді.

Зуқа батырдың 150 жылдық мерейтойына арналып тігілген киіз үйлер. Алматы облысы.

Қазақстандағы жиынға Қытайдан келген жазушы Баяхмет Жұмабайұлы 1866 жылы Зайсанда туып, 1929 жылы Алтайда қаза тапқан Зуқа батырдың өмір жолы жайлы айтты.

Азаттық: – Зуқа Сәбитұлының Қытай бетіне өтуіне не себеп болған?

Баяхмет Жұмабайұлы: – Зуқа Шығыс Қазақстандағы Зайсан өңіріндегі Сайхан тауының ішіндегі Абызқора деген жерде дүниеге келген. Үлкен атасы Нұрмұхаммед абыз атанған адам. Ал әкесі Сәбит Хиуа мен Уфадан білім алған, тоғыз жасынан 25 жасына дейін оқудың соңына түскен оқымысты адам болған. Зайсаннан Алтайға дейінгі аралықта жеті медресе ашып, 553 шәкірт тәрбиелеген. Әкесінен оқыған Зуқа жеті жасында қари атанып, Құранның 30 парасын жатқа білген.

Зуқаның арғы бетке өтуіне әділетсіздік себеп болса керек. Ол кезде ел басқару жүйесі болыс арқылы жүргізілетін еді ғой. Зуқа ел басқарып отырған болыстардың әлсізге зорлық қылып, әлдіге жақтасқанын көріп, патша атына арыз жазады. Осы арыздан кейін Зуқаға қысым көрсетіле бастады да, ол кісі амалсыз туыс-туғандарын бастап, 15-16 жасында Қытай жеріне өтіп кеткен.

Азаттық: – Қытайға кеткен Зуқаның артта қалған елімен байланысы болған ба?
Баяхмет Жұмабайұлы: – Зуқа батырдың өмір сүрген кезеңі қазақ даласын патшалық Ресейдің басып алуымен, одан кейінгі қызыл большевиктік үкіметтің орнауымен тура келді. Сол тұстағы қиян-кескі күрестер мен озбырлықтарды көзімен көрді, соған қарсы күрестерді басынан өткізді. Оны саяси тұлға ретінде қарауға болады. Қазақ даласында өткен алғашқы құрылтайға да келіп қатысқан. Ол туралы мұрағаттық құжаттар бар. Сондай-ақ кезінде Алаш үкіметі мен Зуқа батырдың арасындағы байланыс туралы деректер бар. 1920 жылдары қызылдардың қудалауынан ығысқан Алашорда үкіметінің азаматтары Зуқа батыр ауылын паналаған.

Азаттық: – Ол кісі Қытайда кім-кіммен соғысқан?

Баяхмет Жұмабайұлы: – 1920 жылдары қызылдан күйрей жеңілген ақ армиясының 1500-дей әскері Іледен өтіп, Қытай жеріндегі Шонжыға дейін барды. Ал 11 мың әскерді бастаған генерал Анд­рей Бакич Тарбағатайдан өтіп, Алтайға жетті. Олардың сол жердегі халыққа көрсеткен қиянатын айтып тауыса алмайсыз. Тіпті Алтай аймағын басқарып тұрған губернатордың жүрегі қорқыныштан жарылып кеткен. Сол кезде ақтарға қарсы шыққан жалғыз адам Зуқа батыр еді. Ол ақтардың бетін қайтарды.

Сол тұста Маньчжурия үкіметі өте әлсіз еді. Соның салдарынан бір жағынан патшалық Ресейдің әскері кіріп ойран салып жатса, екінші жағынан Моңғолия мен ағылшын әскерлері де озбырлықтарын жүргізіп жатқан. Моңғол әскерінің шабуылын Зуқа батырдың қосыны бес мәрте тойтарған.

Азаттық: – Зуқа батырдың көбіне ақтармен және моңғол әскерімен соғысқанын айттыңыз. Бірақ ол кісіні қытай билігі өлтіртпеді ме?

Баяхмет Жұмабайұлы: – Ол кісі биліктің әділетсіздігіне қарсы тұрды. Үкіметтің жергілікті тұрғындарға салған алым-салығына қарсы шығып, оларды алдырмай қойды. Сол себепті үкімет бұл кісіге қарсы болды, жиі-жиі қақтығысып қалып отырды. Қытай үкіметі Зуқа батырдың басын алғаннан кейін халыққа сұс ретінде Алтайдағы қара көпірге 14 күн іліп қойды. Бірақ бұл жұрттың еңсесін баса алмады, керісінше ыза-кегін арттыра түсті. Зуқаның артында қалған ұлдарына қауіп төнді. Батырдың үлкен ұлы Солтаншәріп бастаған тұтас ауыл алдымен Баркөлге қоныс аударды. Бірақ кейін орнаған Шыңсысай үкіметінің қудалауы ақыры оларды Гималай арқылы Үндістанға, одан Түркияға қоныс аударуға мәжбүр етті. Қазір батырдың ұрпақтары Еуропада тұрады.

azattyq.org
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста