Қытай мұрағатынан Қазақ хандығы туралы тың деректер табылды

Түпнұсқа қолжазбалар қытай емес, көне манжу тілінде жазылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 31 арнаға сілтеме жасап.

 

Тарихшы, аудармашы Тұрсынхан Зәкенұлы «Айқын» басылымында жарық көрген сұхбатында Қытай мұрағаттарынан мәліметтері әлі алына қоймаған екі тарихи кезеңді атады.

 

Олар:

Көне Түркінің мұралары. Қытайдың орталық аймағында Ордос үстіртінің оңтүстігіндегі Қытайдың байырғы астанасы болған, қазіргі Сиань қаласы төңірегінде көптеген түркілерге қатысты көптеген мұра – тас ескерткіштер, мүсіндер, заттай мұрағаттар табылған орындар.

 

«Осылардың ашыққа шыққандары бар. Алайда жария етілмеген, жабық жатқан түркі дәуірлік ескерткіштер өте көп. Бұл – шамамен VI–IX ғасырға дейінгі кезеңдер. Археологиялық жәді­герлер қазып алынған қалпы мән берілмей қоймаларда қалып, әлі зерттеуге шығарылмай жатыр. Тас ескерткішке қытайша жазылған мәтіндер бар. Ол кезде түркілер мен Тань династиясы өте тығыз қарым-қатынаста болған», – дейді тарихшы.

 

Бейжіңдегі Гугун мұражайындағы Қазақ хандығы дәуіріне қатысты мұралар. Мұнда Қазақ хандығы кезеңіне жататын дипломатиялық хаттар мен императордың қазақ жеріне байланысты, ойрат пен Жоңғарияға қатысты көптеген қаулы, жарғысы сақталған.

 

«Солардың бір бөлімі аударылды. Алайда көп нәрсе ресми хат пен жылнамаларға түспей қалғаны анық­талып отыр. Әсіресе, манжу тілінде жазылғандар. Білесіз, манжу тілі – өлі тіл, маньчжурлар ұлт ретінде жойылып кетті. Осы манжу халқының тілі – Манжу империясының қарым-қатынас тілі болды», – дейді ғалым.

 

Тұрсынхан Зәкенұлының айтуынша, Қазақстан тарихшылары қол жеткізген жазбалардың бәрі манжу тілінен қытай тіліне аударылған мәліметтер. 

 

«Қытайшаға аударғанда тәржімашылар кезде түпкі мәтінді байытып, сөздерді, тіркестерді қосып аударады екен. Содан түпнұсқа өзгеріп кетіп отырған», – дейді Тұрсынхан Зәкенұлы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста