Қыпшақ қызынан туған орыс княздары

 Бұрын бірнеше княздіктерден тұратын Русь, 1547 жылы Иван Гроздный өзін патшамын (царь) деп жариялаған соң, Ресей (Россия) деген атқа ие болды. Моңғол шапқыншылығына дейін Русь жері бір-біріне бағынбайтын бытыраңқы дербес княздіктерден құралды. Алайда, толарсақтан саз кешіп, ауыздықпен су ішкен, ел басына күн туған кезеңдерде ғана олар орталарынан сайланған ұлы князьге бағынғандығын да ескеру керек. Моңғол шапқыншылығы тұсында Владимир князь Ярослав Вселодович орыс халқының тарих сахнасынан жойылып кетпеуіне бірден-бір себепкер болды. Осы ретте орыс тарихында айрықша із қалдырған бұл әулеттің (Владимир Мономахтан Александр Ярославович Невскийге дейінгі) қысқаша шежіресін аттап өте алмаймыз.

Владимир Мономах. 1053 жылы туған – 1125 жылы қайтыс болған. Киев князы, 1113-1125 жылдарда ұлы князь, Юрий Владимирович Долгорукий – 1090 ж.т. – 1157 ж.қ.б., Суздаль князы, 1155-1157 жылдарда ұлы князь, Москваны салдырушы. Әйелі – қыпшақ қызы.

Вселовод Юрьевич Большое Гнездо – 1154-1212. Владимир князы. 1176-1212 жылдарда ұлы князь. Әйелі – қыпшақ қызы. 12 ұл туған, Большое Гнездо (үлкен ұя) атауы содан шыққан.

Александр Ярославович Невский 1220-1263 аралығы. Новгородта, Киевте, Владимирде князь болған, 1259-1263 жылдарда ұлы князь.

Бұл шежірелік көрсеткіштер эмиграцияда (Аргентина) өмір сүрген аса көрнекті орыс тарихшысы М. Д. Каратеевтың (1904-1978) «Русь и татары. Княжесткие роды. Династические таблицы» атты еңбектерінде (Москва, 1994ж) және С.М. Соловьевтің 30 томдық шығармалар жинағында (2 том, Москва, 1988 ж) көрсетілген бұлтартпас жылнамалық деректер негізінде құрастырылады.

Орыс жасағы Бату әскерінен ойсырай жеңілді. Осындай елінің болашағынан үміті үзілген тұста Владимир князі Ярослав Вселоводич Ордаға Батуға аттанды.

«Татары оставляли в покое только те народы, которые признавали над собою власть их; надобно было покориться, надобно было изьявить эту покорность лично перед ханом.

Батый по словам летописца, принял Ярослава с честью и, отпуская, сказал ему: «Будь ты старший между всеми князьями в русском народе. Вслед за Ярославом отправились в Батию все родичи его» – деп жазады. Соловьев (көрсетілген еңбек, 146-147 беттер). Бұл сапар шамамен 1240 жылы болды деп болжам жасайды ол.

Осы жерде қарақты көзге бірден байқалатын қайшылық бар. Өткені, Ярослав 1238 жылдан ұлы князь (шежірелік көрсеткікке көз салыңыз – Қ.А.). Оны Соловьевтің өзі жазып отырғандай бұл лауазымға Батухан тағайындаған. Сондықтан Ярославтың Ордаға ең алғашқы сапары 1238 жылы болды деп нақтылап айтуға толық негіз бар. Ярослав ұлы князь тізгінін қолына ұстаған кезде оның барлық туыстары Батуға бас иіп келген. Олардың арасында 18 жасар Александрдың (Невский) болғандығы да ақиқат.

«Сын Батыя Сартак побратался с Александром Невским» (200 бет) «Александр Невский – анда (побратим) Сартака, пасынок Батыя» (297 бет)- деп жазады Л. Гумилев (Древняя Русь И Великая Степь, 2 том, Москва, 1997 жыл).

Бұл кезде батыраңқы орыс княздіктерімен Европа бағытында соғыс жалғасып жатты. Кейіннен барып Батуға астана болған Сарай-Бату қаласы әлі салынбаған еді. Сонда Александр Невский қайда келді, Батухан оларды қай жерде қабылдады деген заңды сұрақ туады. Оның орыс тарихшылары назар аудармаған, немесе аударғысы келмеген нақты жауабы тек біреу. Бұл оқиға Жошы ұлысының кіндігіндей Ұлытаудағы Қиян, Домбауыл, Басқамыр, Аяңқамыр сияқты қаптаған қалалардың бірінде өткен. Қалай болғанда да, бүгінгі ұлыс атасы – Жошының мазарынан алыста емес.

Батудың Ярославқа үлкен сенім білдіріп, бүкіл орыс тайпасын басқарушы ұлы князь етіп тағайындауында да, оның баласы Александрды туған ұлы Сартакпен тең ұстап, өкіл әке ретінде (бұл жайында кейінірек баяндалады – Қ.А.) қамқорлық жасауында да терең негіз жатыр. Оның тамыры – қандастық пен туысқандықта! Үш атадан бері қыпшақ аналарының, ана болғанда да текті ханшайымдардың ақ сүттерін еміп өскен ұрпақтың туған нағашыларының салт-дәстүрін, таным-талғамын, тілін білмеуі мүмкін емес.

Түрік (қыпшақ) тілі – Моңғол империясының қалыптасқан мемлекеттік тілі. Империя құрамында қазақ этносын қалыптастарған керейт, жалайыр, қоңырат, найман т.б. көптеген тайпалар бір тілде сөйлейді, әдем-ғұрпы, тәрбие-тәлімі, тәптір-заңы ортақ болды. «Шыңғысханның түрік екендігін, қазақтардың өз бабасы екендігін тарихшылар әлдеқашан дәлелдеп шыққан» (Казахстанская правда №1, 1998 жыл). Олай болса, Бату да түрік ұлы.

Сол жылдарда солтүстік-батыста Моңғол империясына кірген Руське шведтер мен левон рыцарлары крест жорығын жариялап, Новгород пен Псков қалаларын басып алды. Шамасы, Батухан осы жағдайға байланысты Александрды аманатта жүрген жерінен босатқан болуы керек, қыпшақ қолын бастап Руське аттанған ол, 1240 жылдың саусымның 15-де Неваның Ладога көліне құятын сағасында шведтер пен немістердің әскерін талқандап, сол үшін Невский атанды (С.М.Солвьев, 3-том,148 бет). Александр бастаған әскер ұзақ шайқастан кейін, келесі 1241 жылы Новгородты крестоносецтерден тазартты. Мұздай темір құрсанып, католицизмнің үстемдігі үшін басын тіккен рыцарлармен шайқасу Невскийдің қолын әжептәуір әлсіретсе керек, оның үстіне соғыс шығынсыз болмайды ғой. Псковты дұшпан қолынан босату оңайға соқпады. Қосымша күшті қажет етті. Соловьев былай дейді: – «но нельзя было так скоро освободить Псков, только в следующем 1242 году, сьездивши в Орду, Александр выступил по Пскову и взял его» (көрсетілген кітап, 150 бет). Бұл – Александр Невскийдің Ұлытау аймағына екінші сапары.

Бұдан кейін де Александр Моңғол империясына ең кемі 4 рет сапарға шыққан. Оның үшеуінде (1248, 1252 және 1262 жылдары) Қарақорымдағы ұлы қағандардың ордасына дейін барып, Русь және өз тағдыры үшін аса маңызды мәселелерді шешкен (көрсетілген кітап, 151-155 беттер). Бұл жолдары да оның Жошыханның үлкен ұлы, әкесінің орнына әке болып, бауырына тартқан Батудың туған ағасы Орда-Ежен басқарып отырған Ұлытаудағы Көк Ордаға соқпай өтуі мүмкін емес. Реті де осы, Қарақорымға жол да осы аймақтың үстімен өтеді. Бұл тұжырымға Плано Карпини мен Гильом Рубруктың империя астанасына барып-қайтқан сапарлары жөнінде қалдырған жазба деректері бойынша құрастырылған карта дәлел.

Біздің санамызда орыс және Александр Невский деген ұғымдар егіздің сыңарындай болып қалыптасты. Солай оқытты, солай сіңірді, солай ұғындырды, солай үйретті. Александр Невскийдің орыс жұртын қалыптастырудағы және моңғол шапқыншылығы тұсындағы ара ағайыншылық қызметін барынша бағалаған шіркеу оны саусақпен санарлықтай ғана киелі әулиелер (соңғысы Николай – ІІ) қатарына қосты. Қасиетті Ұлытауда аманатқа қалдырылған балаң жігіт туған жеріне есейіп, шыңдалып, төмен түскен еңсесі көтеріліп, Батуханның баласы болып оралды. Моңғол империясының бір қанатын (Русь князьдіктерін) сыртқы жаулардан қорған, өшпес даңққа бөленді.

Әңгіменің ашығын айтсақ, орыс халқының мақтанышы – Александр Невскийдің Ұлытаудың Дешті қыпшақ аруының бұрымындай бұрала тарқап ағатын 98 сала өзендерінің талайында шомылып, талайының суымен шөлін басқан өз бабамыз, өз бауырымыз деп қабылдағаннан қазақ ұтпаса, ұтылмайды. Қатарынан үш ұрпақ бойы (өзі, әкесі, атасы) бізге жиен болып келетін әулеттен шыққан Александрдың тамырларында генеративтік әдіспен есептегенде қыпшақ қаны 87,5 пайызға жеткен екен (атасында – 50, әкесінде – 75, өзінде – 87,5). Олай болса мұндай адам бізге қалайша бөтен болады?!

Қуаныш Ахметов
Инфо-Цес №12, 28 наурыз 2003 жыл.

namys.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста