Қожа, Төре, Сунақ... Үш жүзге де кірмейтін рулардың тарихы қандай

Қожа, Төре, Сунақ... Үш жүзге де кірмейтін рулардың тарихы қандай

Үш жүздің құрамына кірмейтін рулар ел арасында жиі кездеседі. Sputnik Қазақстан олардың тарихы жайлы мамандардан сұрап білді. Қазақтың үш жүзінен тегі мен мәртебесі жағынан оқшау тұратын рулар бар. Олардың шыққан тегі мен бір кездері Қазақстан жеріне не себепті келгеніне қатысты тарихшылардың пікірі көп жағдайда бір жерден шығады. Бірі исламды насихаттау үшін келген десе, енді бірі хан сайлануға құқығы болғандар. Мұндай руларды этнология ғылымында субэтникалық топтар деп атайды.
Жүзге кірмейтін рулар қайдан тарады
Тарихшы Жақсылық Сәбитовтің айтуынша, қазақтардың рулық құрылымы ерте кезден басталады.
"Менің ойымша, жүзге бөліну Ұрыс ханның кезінде немесе оның немерелері Жәнібек пен Керей кезінде басталған. Ол тұста жүздер қазақтардың бір қанаты – Алаш мыңына кірген. Ал қазақ жүздерінің құрамына кірмейтін руларға Төре, Қожа, Сунақ, Төлеңгіт, Ноғай қазақтары, Шала қазақтар жатады. Мұнда әр ру жеке дара және әрқайсы егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді. Оның ішінде популяциялық генетика әдістерін қолдану қажет", - дейді тарихшы.

"Қазақ" сөзі қалай пайда болды

Оның сөзінше, ноғай қазақтары қазақтармен шатысы бар ноғайлардың ұрпағы. Ал төлеңгіттер әртүрлі ұлттан құралған, оның ішінде қалмақтар мен жоңғарлар басым болған. Қожа – сопылықты, ислам дінін насихаттаушылардың ұрпағы. Төре – Шыңғысханның ұрпағы. Қожалардың шығу тегіне назар салсақ, оның тек қазақтар арасында ғана емес, Орта Азия халықтары арасында да тарағанын байқаймыз.
Мысалы, өзбек, түрікмен, тәжік, татарлар арасында өмір сүреді. Оларды шартты түрде сол ортасына қарай қазақ қожа, өзбек қожа, түрікмен қожа және татар қожа деп атау қалыптасқан.
Қожалар өзін Мұхаммед пайғамбардың алғашқы серіктері, исхабтан тараған деп санайды. Қожалар Мұхаммед пайғамбардың ең жақын 4 серігінен тараған болса, соның ішінде Әбубәкір, Омар және Әзіреті Әліден тараған ұрпақтары Қазақстан территориясын мекен етіп, қазақ руларының бірі болып өмір сүріп келеді. Ал әуесқой шежіреші Қайыр Рысбаев руға бөліну ұлттан бұрын қалыптасқанын айтады.
"Барлық халық руға бөлінген, мысалы Шотландияда әлі руға бөлінеді. Әуелі руға бөліну болған, ал француз не қазақ деген ұлт ұғымы 17-18 ғасырда пайда бола бастады – рулық-тайпалық бірлесудің орнына ұлттар қалыптаса бастады. Қазақ тайпалары Алтын Орда ыдырап, бір бөлігі Қазақ жеріне келгеніне байланысты жүзге бөлінді. Әсілінде қазақ тайпаларының көбі бір кездері жеке-жеке мемлекет болған. Найман, Қыпшақ мемлекеті болған, бірігіп Қазақ мемлекетін құрған", - дейді ол.
Оның айтуынша, қазақтардың Ұлы, Орта және Кіші жүз болып бөлінуіне қатысты тарихшылардың пікірі әртүрлі. Нақты шегелеп айтатын нұсқа жоқ. Мысалы қырғыздар үшке бөлінеді. Біз де үш жүзден тұрамыз. Мұны әскермен байланыстыратын пікірлер де бар. Атты әскер оң қанат, сол қанат және орталық деген үш бөліктен тұрады. Соған байланысты Ұлы жүз – оң қанат, Кіші жүз – сол қанат, Орта жүз – орталық әскер болуы мүмкін. Қазақ пен қырғыздың тарихында ортақ тұстың көп болуымен де осылай байланыстыруға болады".

Ұлы жүз рулары туралы қызық деректер

Қазақтар "ақсүйек" және "қарасүйек" болып бөлінеді. Төреден елді басқаратын сұлтандар, хандар шыққаны белгілі. Дін таратушы ретінде қожаларды да "ақсүйекке" жатқызады. Қалғанын "қарасүйек" деп атайды.
Сунақтарды "ақсүйекке" жатпайды дейді, бірақ олардың да арабтан тарағаны айтылады. Сунақтардың шығу тегі туралы мәлімет аз. "Ақсүйек" және "қарасүйек" деп бөлінген кезде Төрелерге қызмет атқарған төлеңгіттер болды. Олар тұтқынға түскен қалмақ немесе басқа ұлт өкілдері болуы мүмкін. Бірақ қазақтың ішінде кей ру төлеңгіт болып күнелткен деген де дерек кездеседі", - дейді Рысбаев.
Тарихи деректерге сүйенсек, төрелердің тұқымы бір жерде емес, әр жерде болған. Бір жерден он, он бес үйден артық болмаған. Оған себеп – ертеде Мамай хандық құрған кезде қарадан хан қойса, қан төгілді, тек төре тұқымынан ғана хан болуы керек деген. Сондықтан төре тұқымынан ғана болып, ол жетіспесе, жаңа туған ер балалардың бесігін кертіп, түбінде біздің елдің ханы болады деп белгілеп кететін болған. Сондықтан төрелерді қазақ, моңғол, арабтан деп те айтуға болады.
Ал төре руы қазақ арасында монғол-татар шапқыншылығынан кейін тарай бастады. Ал оларға қызмет еткен төлеңгіттер уақыт өте келе қазақ жүздерімен бірге өмір сүріп, солардың құрамына кіріп кеткен.
"Үш жүзге кірмейтін рулардың нақты өмір сүрді деп көрсететін жерлері жоқ. Солтүстікте, Қарағандыда қожалар бар, алайда олардың көп бөлігі елдің оңтүстік бөлігінде мекендеген. Жазу-сызуға үйрету, ағартушылық мақсатында олар оңтүстік өңірден басқа аймақтарға арнайы шақыртылған. Олардың басқа үш жүз сияқты тұрақты орналасқан жері жоқ. Арабтар дін таратқанда ең алдымен Оңтүстік Қазақстанға, Қызылордаға келген. Қазірдің өзінше сол жерлерді мекен етіп қалған", - дейді ол.
Тарихшы Талас Омарбековтің еңбегінде төлеңгіттер туралы былай дейді: "Алғашқы орта ғасырларда Алтайда өзіндік тайпа бірлестігін құрған төлеңгіттер моңғолдарға қызмет ету барысында ыдырап кетті".
Кей деректер олардың Шыңғыс хан әскеріне бейбіт жолмен беріліп, сол себепті ерекше мәртебе алғанын меңзейді.
Рудың адам психологиясына әсері қандай
Адамның ата-бабасының басынан өткізген қиындықтары оның кейінгі ұрпағынан көрініп тұрады. Мұндай пікірді тектанушы-психолог Әлия Сағымбаева айтты.
Маманның пікірінше, 20 ғасырдың 1917 жылынан азаматтық соғыс, азаматтардың мүлкін тәркілеу, ашаршылық, репрессия, Отан соғысы – ата-бабамызға қатты соққы болды. Соның салдары қазірдің өзін көп адамның мінез-құлқынан көрініп, білінеді. Көп жағдайда қорқыныш және үрей ретінде байқалады.

Орта жүз рулары туралы деректер

Әлия Сағымбаева жүзге жатпайтын руларды тарихи фактілермен байланыстырып, психологиясына талдау жасады.
"Қазан төңкерісіне дейін қоғам да өзгеше, адамдардың ойлауы да басқа болды. Сол кезеңде қожалар тек бір-бірімен немесе төрелермен отбасы құратын. Бұл олардың өз заңы ретінде қабылданды. Бірақ 20 ғасырда ұрпақтары бұл заңдылықты бұза бастады – үш жүздің руларымен отбасы болып, шаңырақ көтерді. Ондай некені де қабылдамаған жағдайлар бар. Мысалы қожаның қызы басқа руға шыққаны үшін, атасы батасын бермеген. Оның бәрі ұрпаққа әсер етеді", - дейді ол.
Төрелер де дәл солай. 1937 жылдары төрелерді жою қарқын алды. Сондықтан көп төре, қожа өзінің шыққан тамырын айтуға қорықты. Мұны тектен келе жатқан қорқыныш деуге болады. Бұл – сол кезде қуғынға ұшырағандардың бірінші және екінші ұрпағындағы психологиялық күй.
Ал олардың үшінші немесе төртінші ұрпағы өзінің қай тектен шыққанын ашық айтады, дейді Сағымбаева. Қоғамнан өзін іштей шет ұстау сунақтарда да кездеседі, дейді маман.
"Қоғамда сунақтарды өзбек ұлтымен шатысы бар деген ой айтылады. Демек қоғам "біз қазақпыз, сендер сунақсыңдар" деп оларды қабылдамайды. Олардың ұрпақтары да өздерін солай қабылдамайды деп ойлайды. Жұмысқа барған кезде сол ішкі ұстаным алдынан шығып тұрады. Психология жағынан жұмыста бастық пен әріптестер қабылдамайды деген ой болады", - дейді ол.


Кіші жүз рулары туралы қызық деректер

Маман қазір қоғамның өзгергенін, бұрынғыдай руға, шыққан текке аса мән берілмейтінін алға тартты.
"Алайда қазір заман басқа. Қазір бұрынғы қазақта болған дәстүрлер өзгерген. Ата-әженің қолында өсіп, сол Кеңес одағында өмір сүрген адам ретінде мен үшін қожа мен төренің ерекшелігі бар. Ал оларды артық деп санамаймын. Оларды артықшылығы бар деп емес, ерекшелігі бар деп қабылдамаймын. Ал қазіргі жастарға адамның қожа не төре болғанынан келіп-кетер ештеңе жоқ. Қожа болса, не болыпты дейді. Қазір біздің қоғамда солай қалыптаспаған, демек көпшілік үшін ол ел қатарлы қазақ", - дейді ол.
Маман бір кездері ата-бабасы шыққан тегін бұғуға мәжбүр болғандардың қазіргі ұрпағы менмендікке салынғанын да жасырмады.
"Кей жерде көпшілік ортасында үлкен мен кішілердің "мен қожамын, қалғаның қарадан шыққансың" деп айту кездеседі. 20 ғасырда Кеңес үкіметі кезінде қожаларды қатты қудалады. Демек, Кеңес Үкіметі оларды мойындаған жоқ. Кеңестік дәуір кезінде олардың ұрпағының бәрі мойындамау күйін бастан өткерді. Бізді мойындамайды, қабылдамайды деген оймен бір ұрпақ өтті. Біз егемендік алғаннан кейін қазақтың салт-дәстүрін жаңғырта бастадық. Қожа мен төрелерге биліктен шыққан текке қатысты ешқандай қауіп болмаған соң қазір ұрпағы ата-бабасын мойындамағанның орнын толтыруға тырысып жатыр. Сондықтан кейбірі "мен қожамын, мен төремін, басқалар ешкім емес" деуге тырысады. Алайда көпке топырақ шашпаймын, мұндай қылықтың өзі үйдегі тәрбиеден басталады", - деп түйіндеді маман.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста