Қазақты қырғынға ұшыратқан қанішер Голощекин қалай өлді?

Қазақты қырғынға ұшыратқан қанішер Голощекин қалай өлді?

Қазақтың қас жауы, көзіне қан толған қанішер, геноцид жасаушы жауыз әрі сайтанның сыңары Голощекинді білмейтін қазақ жоқ шығар.

Көріңде өкіргір Филипп Исаевич Голощекин 1876 жылы Витебскіде өмірге келген еді.

Өмірінің сан жылын Ресейдегі революциялық қозғалыстарға арнаған ол, 1924-1933 жылдар аралығында Қазақстанның Компартиясының бас хатшысы (бүгінгі тілмен айтқанда президенті) қызметін атқарады.

Осы жылдар аралығында аса жауыздық пен қатыгездік саясатын ұстанған ол, ұжымдастыру саясатын күшпен жүргізді. «Кіші қазан» идеясын ұсынып, сол әрекетін іске асыру жолында байлар мен қарапайым халықты қанады.

1928 жылдан бастап ол саясатын қанмен асыра бастады. Қарсы шыққанды атты, асты, түрмеге жапты. Қазақтың саяси элитасы мен зиялыларын қудалап, қуғын-сүргін саясатын іске асырды. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов және өзге де ұлт зиялылырының артына шам алып түсіп, қудалады.

1931-1933 жылдар аралығында елімізде Голощекин саясатының әсерінен ашаршылық орнап, Қазақ халқының 75 пайызы немесе 3 млн халық қырылып қалды. Миллиондаған халық босып, Қытай мен Өзбекстан, Монғолия мен Ресей және өзге де аймақтарға қоныс аударды.

1933 жылы Қазақстандағы аштықтың деңгейі орасан зор және шығынының алпауыт болуына байланысты, оны орнынан алып тастап, КСРО-ның бас арбитрі қызметіне тағайындады.

1933-1937 жылдары сол қызметті атқарған әлгі Голощекин қанішердің өзі саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Сөйтіп ұлтымыздың ұландарын жалмаған саясаттың құрбанына өзі айналды. «Халық жауы» атанып, ол шын мәнінде жалғыз әділетті айыпталған халықтың шынайы жауы еді.

Сөйтіп, 1941 жылы 28 қазанда Куйбышевте атылды.

Солайша көріңде өкіргір жалмауыз ажал құшты. Алайда қазақты қырған қаніпезерді 1961 жылы КСРО ақтап шықты.

Алайда ол қанішерге қазақ халқы ғасырлар бойы лағнет айтатын болады.

arhar.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста