"Қазақ жігіттері жалқау, топас....." деген сөз - оттаған сөз

"Қазақ жігіттері жалқау, топас....." деген сөз - оттаған сөз

Бекболат Қаржанның іскер қазақ жігіті туралы посты қолыма еріксіз қалам алдырды.
Жақында машинемнің астын тарс еткізіп бір - ақ соқтым. Соққан соң оның дауысы дарылдады да қалды. Салған жерден "глушитель кетті" деген ой келді. Жұбайымды үйге тастадым да СТО қайдасың деп тарттым. СТО ға келсем бір қаба сақалдар жүр екен, сөйтсем күрдтер екен. Қарап шығып "глушитель тесілген" деді. Содан олар бір сағат тұрбаны кесіп сваркілеп түк нәтиже шығара алмады. Сәлден соң "бұл глушительдің анадайы, оны біз істей алмаймыз" деді әлгі күрдтер.
Олардың қасында бір қазақ жігіті отырған, "маған бер, мен істейін, менің СТО м қасымда" деді. Мыналар әбден басты қатырып тұрғанда бұны маған құдай айдап келгендей болды. Расында осы қазақ жігіт глушительді қайта шешіп қатырып істеп берді.
Мен одан соң күрд жігіттерге қайта барып, "е ағайындар, басты қатырмай ақшаны қайтарыңдар, сендерге бекер төледім, түк пайдаларың болмады " деп табандап тұрып ақшаны қайтарып алдым. Ана қазақ жігітіне риза болып, алғысымды айтып кете бердім. Маладес ей, ризамын. Бірақ мен "күрд жаман" деп айтудан аулақпын ей.
Ал бірақ бұл жағдай керісінше болса бар ғоя, біздің закомплексованный тобыр "күрд керемет, қазақ сорлы" дегенді от души айтып қазағын тағы бір тебер еді.
Бұл жәй ғой. Осыдан үш - төрт жыл бұрын машинам сынып соның запчастін таксимен іздеп жүргенде, әңгімеден әңгіме шығып таксистпен сөйлесіп отырып, ақыры сол таксист капоттың асты үстіне түсіп маған стартердің щеткасын айырбастап берген еді. Өзі Шымкенттің жігіті екен. СТО ға беремін деген ақшаны соған беріп аң - таң боп қала берген едім. Ойпырай ол жігіт машинаны рас шашады екен, "моторды да қопарам" деді. Онысына сендім де мойындадым. Онысы қайбір жетіскеннен дейсіз, СТО ға ақша қимай жаман иномаркаларін шұқылай - шұқылай ас боп алған ғой бұлар.
Байқағаным, қазақтар әр салаға сыналап кіріп өз күшімен түрлі саланы меңгеріп жатыр екен. Бұған ана Германия, Жапонияда адамға мұнтаздай комбинезон кигізіп қойып айлап, жылдап оқытады емес пе.... Ал бізде мыналар өздері...
Оқу демекші...

Осыдан он жылдай бұрын, жұмыстан біліктілігімізді шыңдау курстарына жіберген еді. Курста отыз адам оқыдық. Бұл курс кәдуілгі эксперимент тәрізді болды. Құдая тоба, сіздерге өтірік маған шын, он бес қазақ пен он бес казахстанец оқыдық. Орысша.
Сонда он бес қазақ жастарынан он оқушы үздік боп шықтық. Басым көпшілігі орыс пен украин болатын казахстанецтер намыстана жүріп үш - төртеуін әрең шығарды. Оның өзін оқытушымыз Васильевич намысқа салып жүріп әрең шығарды.
Ал ана қазақ жастары сұмдық оқыдық, жастары 23 пен 30 арасындағы жігіттер оқытушы сабақ түсіндіргеннен кейін, лезде қағып алып қол көтеріп тақтаға шығып зырылдатып айтып шығатын зерек болатын. Өзара қазақша сөйлесіп отыратын едік, бірақ сонда сабақ орысша, жігіттердің орысшаға тілдері жатық болмаса да сілтей беретін.
Сонда орыстілді казахстанецтер өзге тіл тұрмақ өз ана тілдерінде (орысша) сабақ айта алмай отыратын. Оны көріп Васильевич қатты намыстанып оларға ерекше зығырланатын. Қалай дегенмен қанына тартады да...
Ұзын сөздің қысқасы, меніңше қазақ жігіттері туралы қалыптасқан жаман стереотиптердің көбісі жалған стереотиптер. Нақтырақ айтсам "қазақ жігіттері жалқау, топас....." деген сөз - оттаған сөз. Бұндайға сенбеймін мен.
Әрине бізде де көкжалқау, тоғышар, жігіттер бар, бірақ тап сондай жігіттер, сондай шамада басқа халықтарда да бар.
Ал оларға бола күллі халықты қаралау ақымақтық болар еді.
Жетекке алып жолына салса жүрмейтін, шыңдалмайтын халық жоқ. Бекболат Қаржан дұрыс айтып жүр, қазақ жігіттеріне бағдар берер саясат, яғни түзу жол, соны салушы білікті басшы керек.

Олжас Әбіл
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста