Қашып жүріп соғысты: Құранды қазақшаға аударған Халифа Алтай жайлы не білеміз?

Қашып жүріп соғысты: Құранды қазақшаға аударған Халифа Алтай жайлы не білеміз?

Ол Пәкістандағы қазақтардың Түркияға көшін ұйымдастырған қайраткер ретінде танылды. Дін қайраткері, жазушы, құранды қазақ тіліне аударған ғалым Халифа Алтай туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

Ғалым, діни ағартушы ұстаз Халифа Алтай Ғақыпұлы 1917 жылдың 18 желтоқсанында Шығыс Түркістан аймағы Шіңгіл ауданының Жарынты өзенінің бойында дүниеге келген. Сауатын алғашында әкесі Ғақып Қаракеленұлынан, кейін ауыл молдасынан ашқан. Абақ керей ішіндегі Жантекей руынан шыққан.

Отбасылық жағдайы
Бірінші әйелі Үндістанда көз жұмған. Екінші әйелі – Бибәтіш Алтай Жүнісқызы.

Ғалымның Абдулсаттар, Абдулсамет, Абдуррахим, Аднан есімді ұлдары мен Шакира, Шекүре, Мешкүре, Айсен атты қыздары бар.

Қазақ көші
1933 - 1938 жылдары Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударды;
1940 жылы Халифа Алтай және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барды;
1941 жылы Кашмир өлкесінде тұрақтады. Кейін Үндістан мен Пәкістанға өтіп, онда арабша, урдуша білім алды;
1952 жылы Араб, урду тілдерін білген Халифа Алтай алғашында Пәкістанның Пешавар қаласында қызмет етеді. Кейін сонда құрылған "Шығыс түркістандық қазақ көшіп келушілері қоғамының" жауапты хатшысы болды;
1953-1954 жылдары Пәкістандағы қазақтардың Түркияға көшін ұйымдастырған қайраткер ретінде танылды.
Тар жол, тайғақ кешу
Дін қайраткері Алтай асып, Гималайдан өткен қатерлі де қайғылы көшті басынан өткізді. Жан сауғалап жүріп қашты, қашып жүріп соғысты, соғысып жүріп ауруға шалдықты. Көш ақырында Түркияға жетіп орнықты.

"Түркия қазақтарының көші қозғалғанда 20 мың адам еді. Содан 2 мың адам Түркияға тірі жетті. Бұл – үлкен трагедия", - дейді түрік жазушысы Исмаил Шынғыз.

Халифа Алтайдың шығармашылығы
Ғалым Түркияға келген соң, шығармашылықпен айналысты. Шығыс Түркістаннан басталған азапты сапар туралы "Естеліктерім", "Атажұрттан Анадолыға дейін", "Алтайдан ауған ел" атты өмірбаяндық кітаптар жазды.


1977 жылы Ыстамбұлда "Қазақ түріктерінің шежіресі" атты зерттеу еңбегін шығарды.
Түрік, татар, ұйғыр тілдерін жетік білетін Халифа Алтай "Құран-кәрімнің" өзге туысқан халықтарға жетуіне де өз үлесін қосты. Ол 1911 жылы Қазан қаласында "Ел-Итқан" деген атпен татар тілінде шыққан кітапты қайта қарап, қалыпқа келтірді. 1984 жылы аталған кітапты Ыстамбұлда басты.

1991 жылы Қазақстанға біржолата көшіп келді. Ислам дінін уағыздап, діни кітаптар аударып, таратуға еңбек сіңірді.

1992 жылы "Құран Кәрімнің қазақша мағынасы мен түсінігі" атты кітабын Түркиядағы Фахд баспаханасында 800 мың данамен шығарып таратты. Сонымен қатар "Кәләм Шарифді" қазақ тіліне тәржімалады.

Халифа Алтай Құранды қазақ тіліне 6 жыл аударған.

Сондай-ақ діни қайраткер Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жанынан құрылған "Инабат" имандылық тәрбие орталығының төрағасы болудан бөлек, ислам дінін уағыздап, діни кітаптар аударып, таратуға еңбек сіңірді.

1995-2000 жылдары Қазақ радиосынан әр жұма сайын ислам дініне байланысты арнайы хабар жүргізді.

1995 жылы "Сияр нәби" (Мұхаммед пайғамбардың (ﷺ) өмірбаяны) атты кітапты қазақшаға аударып, Түркияның дін істері басқармасының жәрдемімен Анкарада бастырды.

Дін қайраткері Қазақ елінің тәуелсіздігін қалай қабылдады
Журналист Ұларбек Нұрғалымұлы Халифа Алтайдың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет атанған сәттегі көңіл-күйін былайша баяндайды.


"1991 жылы желтоқсан айының ортасында Ыстамбұл көшесінде келе жатып, радиодан "Бүгін Қазақ елі тәуелсіздік алды, жер бетінде Қазақстан деген дербес мемлекет пайда болды!" деп түрік тілінде саңқылдап жатқан дауысты естиді. Естиді де, егіліп жылайды. Сол тұрған жерінде құбыланы тауып алып, сәждеге кетеді. Жаратқан иеден: "Иә, Аллам, қазақ деген халыққа ақыры еркіндік келді-ау, абырой бердің-ау! Айбарлы мемлекет қыла гөр! Ғұмырлы қыла гөр!" деп дұға тілейді. "Қуаныштан ыршыған көз моншақтарым тас еденге тырс-тырс тамады. Сәжде қылған жерімде ұзақ жатып қалыппын" деп естелік айтып еді ақсақал", - дейді журналист.
Халифа Алтай – әдебиет тарихында халықаралық "Алаш" сыйлығын алғаш иеленген қаламгер. Халқына қадірлі, еліне адал болған ғалым 2003 жылы 86 жасында Алматы қаласында дүниеден озды.

Ғұлама ғалымның есімі Өскемен қаласындағы мешіт пен Алматы облысының Қырғауылды ауылындағы жаңа мешітке берілді.

Дереккөз:

"Алтай Халифа Ғақыпұлы: Биобиблиографиялық көрсеткіш" кітабы; Құрастырған: Г.Н. Балтабаева, С.Е. Әжіғали, С.С. Қорабай, Ғ. Ғаббасұлы, Р.С. Қожахметов, К.М. Қоңырбаева, Абд. Х. Алтай;

Журналист Заңғар Кәрімханның материалдары;

"Қазақстан жазушылары: XX ғасыр", Анықтамалық, Алматы, 2004 жыл;

"Қазақстан": Ұлттық энцклопедия, Алматы, 1998 жыл;

"Қазақстан жазушылары", Анықтамалық, Алматы, 2009 жыл;

"Қазақ шежіресі", ІІ том, Орта жүз – жан арыс, Теңізбай Үсенбаев; 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста