Қайраттың өміріндегі 21 саны нені айқындайды?

Қайраттың өміріндегі 21 саны нені айқындайды?

Елдігіміз еңсе түзеп, халқымыз Тәуелсіздік тұғырына көтерілген тұста желтоқсаншылардың ерлігі тарихтан ойып тұрып орын алды.
Біреулер бұл оқиғаны «Қозғалыс деп атау керек!» десе, енді бірі «Бұл – нағыз көтеріліс!» деп баға берді. Қалай десек те, қазақтың ширығып тұрған жастары на­мыс­қой, өр тұлғалы ел екенімізді паш етіп кетті.
Сол тұстары:
Жиырма бірде жасым бар,
Қайрат деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең, атыңдар!
– деп шырыл­даған 21 жастағы Қайраттың үні қазірде ХХІ ғасырға дейін жетті. Жалпы, 21 жас, ХХІ ғасыр дегеннен шығады. Қайраттың өміріндегі нақ осы 21 санына қатысты түй­дектелер тарихи құндылықтар баршылық. Мысалы, 21 санына қатысты түзілген Қай­раттың тағдырын тізбектеп көрелікші: Қайрат 21 жасында, сот алдында 21 күн нақақтан-нақақ күйіп, тас түрменің 21-ка­ме­расында, 21 мамыр күні бақилық бол­ған. Ал оның тұп-тура бес жыл өткен соң 21 ақпанда ақталуы, кездейсоқтық па әл­де тағдыр ма?!
Бұл ретте белгілі журналист Қайым- Мұнар Тәбей «Қазақтың желтоқсаны» ат­ты кітабында: «Қайрат 21 жасында, 21 ма­мырда Семей түрмесінде, оның 21-ші ка­ме­расында қаскөйлікпен өлтірілді. Өлтір­ген кім? Әрине, қасындағы бұрын алты рет сотталған кәнігі қылмыскер Леонид Вла­сенко болуы әбден мүмкін. Алайда ол да оңай ұйғарым. Олай дейтініміз, сол бұ­рын­ғы коммунистік империялық жүйенің біреудің қолымен от көсеуге бейім болға­ны айтпаса да түсінікті. Иә, Қайраттың тағ­дырына байланысты күні бүгінге дейін анықталмай келе жатқан жұмбақ жағдай­дың бірі де осы», – дейді. Жалпы, Қайым-Мұнар Тәбей мырзаның айтуынша, Қай­ратқа сол кездегі билік та­ра­­пынан жасал­ған қысастықтың ешқай­сысын кездейсоқ­тық дей алмаймыз. «Тіпті, басқасы-басқа, оның мүрдесінің қайда жерленгені көп уа­қытқа дейін белгісіз болып келсе, ол нем­құрайдылық емес, ол – нағыз қыса­стық­тың тап өзі».
Абзалында, Қайрат ғұмыры қысқа бол­са да, қазақ халқының санасында туған ұл­тының азаттығы, тәуелсіздігі жолын­да қан­дай батыл қадамға болса да баруға қабілетті, ержүрек азамат ретінде сақта­лып қалды. Қайраттың тағдырына қатысты түзілген 21 санынының өзі бұларды ай­қындай түсетіндей. Мәселен, сан атаулыға ерекше мән беретін астролог ғалымдары­мыздың пайымдауынша, 21 санының өзі Қайраттың мінез-құлқын айшықтап тұр.
Айсәуле ШАЯХМЕТОВА, астролог-ғалым:
– Астрология ғылымы санға үлкен мән береді. Ғылымға сенсек, әрбір сан­ның өз мәні, энергиясы бар, біз оны сез­беуіміз де мүмкін. Мысалы, 8 санын көл­денең қойсаң, шексіздік белгісі пайда болады. Сондықтан қазір көп­те­ген елдерде 8 саны «байлық-бақыт» белгісі деп те аталып жүр. Ал барлық жақсы нәр­селер жұптан тұрады деп ес­ептей­тіндіктен, 21 саны да сәтті санға жатады. 2 мен 1 саны жұптасып келе­тін­діктен бұл сандар көшбастаушылық қасиетті, тұрақтылықты, бірлікте болу­ды айқындайды. Сондықтан адам өмі­рін­дегі 21 саны осындай айтулы белгі­лер­ден сыр береді. Қытай елінде ай­дың 21-інде туылған адамдарға ерекше құр­мет көрсетіліп, оларды барынша әспет­теуге тырысады. Аңғарғанға, Қы­тай елі­нің біздің эрамызға дейінгі аты аңызға айналған билеушілері Яо би­леу­ші мен Шунь билеуші ергеу (нау­рыз) айының 21-інде дүниеге келгендігі туралы тарих­тан белгілі. Сандарға ай­рықша көңіл бө­ле­тін Қытай халқы ай­дың осы жұлдызын­да туған адамдар билікке, көшбасшы­лық­қа отырса қуа­на­ды». Сондықтан мұн­дай санның алар орны ерекше.
Сөйтіп, 21 санының сыры көшбасшы­лыққа, бірлікте болуға, тұрақтылыққа бас­тайтынын мамандар да растап отыр. Ен­деше, сандар сырының өзі Қайраттай ас­қақ рухты ұлымыздың қасиетін одан әрі ай­қындай түсіп отырған жоқ па?
Жалпы, қазақ – тәуелсіздік жолында то­лар­сағынан су кешіп, «ұрпағымды бодан қылмаймын» деп жауымен бел шешіп ай­қасқан күрескер халық. Сол кү­рес­кер­ліктің қалыптасқан көрінісін Жел­тоқсан құр­бандары айшықтап та берді. Олар тәуел­сіздік тұғырына қонуымызға өзіндік сара жол салды. Сол күнгі оқиғаны бойына жиып тітіркенген алаңға бұл күні Тәуел­сіздік монументі қойылып, дербесті­гі­міздің таңы атты. Желтоқсаншылардың ерлігін ұлықтап, ұлтымыздың мерейі өсті. Азаптың тезіне түскен 86-ның қыршын­дары ақта­лып, қазақтың рухы одан әрі ас­қақтай түс­ті. Бұл күні еуропалықтар Қазақ­станды «ТМД елдері бойынша бойына тұрақты­лық­ты серік еткен ел» деп бағалап отыр. Осы тұста біз де қарап қалмай, эко­но­ми­касы дамушы елдердің қатарына қосылу үшін бірқатар игі шаралар атқар­дық. Мем­лекетіміздің экономикалық-сая­си-әлеу­меттік қадамдарының айшық­тала бастаға­нын жалпақ жұртқа әйгілеу мақ­сатында «бәсекеге қабілетті елу елдің са­пы­на ене­міз» деп жатырмыз. Әлем жа­һандану үрді­сіне ілесіп жатқан кезеңде қа­рап қал­май, көшке ілесуге барымызды салудамыз. «ХХІ ғасырды технологиялық даму ғасы­ры» деп ұрандаған дамушы елдердің тә­жірибесіне сүйеніп, технология саласының да тілін табуға ұмтылып жүр­міз. Десек те, қазақтың тындырған ісінен тын­дырары көп екенін, Тәуелсіздігіміздің буыны қата­йып, бұғанасы беки түскенімен, әлі де жет­пеген жетістіктеріміз бар екенін мо­йындау керек.

Түйін
Біз жыл сайын Желтоқсан оқиғасы қарсаңында Желтоқсан жайлы тың деректер іздейтін болдық. Қоғамда: «Желтоқсан оқиғасы зерттеушілер тарапынан әлі жан-жақты сараланбаған» деген пікірлер де аракідік айтылып қалады. Күнделікті күйбеңмен жүріп, Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын әлі де толық дәрежеде бағалап үлгермегінімізді, бұл оқиғаға қатысты әлі де маңызды зерттеулердің қажеттігін біз мойындауымыз керек. Рас, жыл өткен сайын жасындай жалт еткен Желтоқ-сан жарқылы уақыт қойнауына сіңіп, алыстап бара жатыр. Кешегі 21 жасында мерт болған Қайраттардың ерлігін ХХІ ғасыр ұрпақтары да жыр қылып толғаудан жалықпас. Тек белгілі тараптан қаһармандар ерлігін на-сихаттау жағы өзіндік биігіне жетсін дейік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста