Маңғыстауда атом бомбысы сынағы болған
Маңғыстауда атом бомбысы сынағы болған
Кешегі кеңес үкіметі 1969-1971 жылдар аралығында Маңғыстау облысы, Қарақия (бұрынғы Ералиев) ауданының Ақотты, Нар, Кіндіктінің батысында 7-8 км жерде. Ақотты да в/часть тұрды. Кіндіктіде әскерилердің үлкен базасы болған.
1969 дың күзінде алдыңғы әскерилер келді.
1969 жылы 6 декабрде 410 м тереңдік те 30 килотонналық жарылыс болған.
Екінші жарылыс 1970 жылы 12 декабрде 740 м тереңдікте, 80 кт болды.
Үшіншісі 1970 жылдың 23 декабрінде 500 м тереңдікте 75 кт болған.
Әрине бұл белгілі болғаны, бұданда бөлек бірнеше рет атом және сутегі бомбыларының жер асты сынағын жасағаны жасырын емес.
Сол кезде жергілікті халыққа «тұщы су қорын зерттеп жатырмыз» деп түсіндірген. Ол жер солдаттардың қатаң бақылауында болған. Сынақ кезінде апатты жағдай орын алып, радиация жердің бетіне шығып кеткен. Апат жөнінде ешкімге хабарламастан, сынақшы әскерилер барлық дүние мүлкін тастап, бір күнде ізін суытқан. Сол маңдарда мал бағып отырған ауылдардың адамдары әскерилер кеткен бойда әлгі жерге барса, солдаттар тіпті ішіп отырған тамақтарына дейін сол күйінде тастап кеткен көрінеді.
Бұндай иесіз жатқан тегін дүниені көрген жергілікті тұрғындар, қолға түскеннің бәрін таратып алған. Оларға «Тимеңдер, зияны болады»- деп, ешкім ескертпеген. Кейіннен әлгі ауылдың адамдары бірінен соң бірі түрлі жағдайда көз жұмған. Қазірдің өзінде сол сынақтың әсерінен мүгедек болып туылғандар көп кездеседі.
Бірақ Маңғыстаудағы жерасты атым,сутегі бомбы сынағы әлі ашылған,зертелген жоқ. Бұл сынаққа қазірге дейін мемлекет те, қоғам да көңіл бөліп көрген емес.
Бұл құпия 50 жылдан бері айтылмай келеді. Ядролық сынақтан зардап шеккен жергілікті тұрғындарға жәрдем ақы төленіп, семейліктер сияқты оларға да арнайы көмек берілсе орынды болар еді. Бұлда Маңғыстаудың тарихы.
Жастар білсін деп жазып отырмын.
Жәнібек Сүйеуұлы Қожық
Маңғыстау обысы, Онды ауылы
Фейсбуктегі парақшасынан