«Диуани лұғат ат Түрік» – орыс идеологиясымен әзірленген жалған дүние
Ресей тарихшылары Махмуд Қашқариді Қараханид мемлекетін билеген династия өкілі деп көрсетеді. «Диуани лұғат ат Түрік» кітабының бір ғана нұсқасы бар, ол 1916 немесе 1917 жылы Стамбулдың базарынан табылыпты.
Оған дейін ешкімге белгісіз болған. Махмуд Қашқари өз еңбегін мұсылмандар патшасы Халифке сый ретінде тарту үшін жазғанын айтады. Сөйте тұра «Бәрінен жоғары Алла тағдырдың шамшырағын түрік шоқжұлдыздарына тартты. Жеті қат ғарыш әлемін олардың елін айнала қозғалуға бұйырды. Оларды түріктер деп атап, құдіреттілік берді. Оларды заманалардың әміршісі етіп, таңдаулы халық қылып, басқару билігін берді. Басқа адамдардан жоғары қойып, ақиқатқа бағыттады. Оларға баратын ең жақсы жол – құлақты арбайтын және жүректі тербейтін өз тілдерінде (түркі тілдерінде) сөйлеу» деп жазады.
Мұсылман ғалымының бұлай жазуы еш мүмкін емес. Өйткені, мұсылман халықтарының бірін өзгелерінен биік етіп мақтау үлкен күнәға батыратынын мұсылман ғалымы жақсы білуге тиіс. Оның үстіне, бұл жолдар – аса тәкаппарлық пен өтірікке толы. Ал жүрегінде аз ғана тәкаппарлығы барға жұмақ харам екенін және өтірік сөйлеу күнә екенін мұсылман ғалымы Махмуд Қашқари қалай білмейді? Оның осындай жазбасы үшін өзге мұсылман ғалымдары арасында абыройдан айрылатынын және Халиф басын алатынын түсінбеуі де ақылға симайды.
Махмуд Қашқари – ХІ ғасырда өмір сүрген, ал түркі атаулы халық ХІ ғасырға дейін тарих сахынасында елеусіз болды. Олардың жауынгерлік даңқы сонау Түркі қағанатынан бастап VIII ғасырдағы Түргеш қағанаты жойылғанға дейін орын алғаны рас. Алайда, VIII-ХІ ғасырлар аралығында олар толық мұсылмандық қабылдап, мұсылман халифатының дербес бір тыныш аймағына айналды. Олардың мұсылмандық қабылдамаған бөлігі ХІ ғасырда қазіргі Маңғолия аумағында сақталғанын Ибн әл Асир жазады. Араб тарихшысының дерегінше, олардың тарапынан мұсылман әлеміне ХІІ ғасырға дейін ешқандай жаугершілік жорықтар орын алмаған.
Тек ХІІ ғасырдың басында Құз хан Ас-Шың бастаған сол мұсылман емес қазақтар Орта Азия мен қазіргі қазақ даласына жол салған. Оған дейін ХІ ғасырда Хорезмшах әулеті билігін тартып алған Түркі Селджук (Төргі асылжік) династиясы бастаған түркі-гузи елі (түркі-қазақтар) қазіргі Түркия аймағына босып барып орнығып, онда өз Бейліктерін орнатты. Одан кейін ХІІІ ғасырда түркі-қазақ Шыңғысхан жорығы басталды. Осы оқиғалар жауынгер түркілердің тарих сахынасынан жарқ етіп қайта көрінген даңқты жылдарын айғақтайды. Алайда, Махмуд Қашқари өмір сүрген ХІ ғасырға дейінгі үш ғасырда түркілердің әскери даңқын сонша асыра мақтайтындай елеулі оқиғалар болған жоқ. Түркі Селджуктер Бейліктеріде мұсылман халифатының құрамдас бір бөлігі болып танылды, Түркі Селджук билеушілеріде Халиф билігін мойындағаны мәлім. Халифат әміршісі түрік емес арап, Махмуд Қашқаридің өзі осы еңбегін сол Халифке сый ретінде дайындағанын айтады. Сонда Махмуд Қашқаридің «Бәрінен жоғары Алла тағдырдың шамшырағын түрік шоқжұлдыздарына тартты. Жеті қат ғарыш әлемін олардың елін айнала қозғалуға бұйырды. Оларды түріктер деп атап, құдіреттілік берді. Оларды заманалардың әміршісі етіп, таңдаулы халық қылып, басқару билігін берді. Басқа адамдардан жоғары қойып, ақиқатқа бағыттады» деп жазуына не себеп? Мұндай жолдарды ХІІ ғасырда Орта Азияны басып алған түркі Құз хан Ас-Шың мен Татар ханы жорықтарынан немесе ХІІІ ғасырдағы Шың-Ас хан (Шыңғысхан) жорығы мен XV ғасырдан бастап жарты әлемді билеген Осман халифатынан хабары бар адам жазса, түсінуге болар еді. Сондықтан бұл жазба ХI ғасырдағы Махмуд Қашқариға емес, оның атынан өтірік әзірлеген ХІХ ғасырдың соңындағы орыс тарихшыларына тиесілі деу орынды.
Мұсылман халықтар кейінге дейін ұлтын емес, дінін бірінші орынға қойып келді. Сондықтан ХI ғасырда түркі тілдері диалектілерін зерттеуге қажеттілік болғаны да сенімсіздік тудырады. Диалектология ғылымы тек XIX ғасыр басында пайда болыпты, Махмуд Қашқари жазбасыда сол ғасырда Мәскеуде дайындалған болар.
Сонымен қатар Махмуд Қашқаридің өмірге деген көзқарасы оны мұсылманнан гөрі христианға жақын етіп көрсетеді. Оның: «Заттары мен дүниесі адамның жауы, ...барлық еркектер дүниесі себепті бұзылған, ...Құдайды, балаларын, туыстарын ойламай дүниеге құнығудан еркектер барлығын тұншықтыруға ұмтылады» деген сөздері соның айғағы. Ислам діні байлықты күнә немесе мұсылманның жауы деп танымайды, керісінше мұсылманның кедей болғаннан гөрі бай болғаны ортасына пайдалы екені айтылады. Дүние-мүлікті жау көріп, одан безініп, монах болуға шақыратын – христиан діні. Махмуд Қашқари мұсылман естен шығармауы тиістілер қатарына Құдаймен қатар, балалар мен туыстарды қояды, әйелдерді айтпайды. Мұндай көзқарас християнға жақын. Ислам дінінде Аллаға деген құлшылық еркек пен әйелге ортақ міндет, олардың екеуіде ең әуелі Алланы естен шығармауы тиіс, ал бала-шаға мен дүние-мүліктің қамы Алланы естен шығаруға себеп болуы мүмкін екені ескертіледі. Ислам дінінде ер мен әйелдің әрқайсына лайық өз орындары бар, «еркектердің ең жақсылары әйелдеріне мейірімді болғандары» делінеді. Ал ХІХ ғасырға дейін «Әйел – адам ба?» деп дауласумен келген христиандар уағызында әйелдер жайы ұмыт қалуы заңдылық. Әрбір мұсылман ғалым Алла жайлы, дін жайлы сөз қозғағанда Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистерін қолданатыны белгілі. Ал Махмуд Қашқаридің осы көрсетілген сөздерінде ондай дәстүрдің ізіде жоқ. Жазбадағы осы жолдар Махмуд Қашқари деген мұсылман ғалымы өмірде болмағанын, аталған еңбекті еврей-христиандық көзқарастағы адамдар дайындағанын анық байқатады.
Махмуд Қашқари: «Алла Тағаланың «Менің шығыста түркілер деген әскерім бар, қаһарыма ұшыраған халықты солардың шабуылына ұшыратамын» деп айтқаны Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) хадисінде бар» деп жазған екен. Ондай сахих (достоверный) хадис немесе хасан (хороший) хадис жоғы ғалымдарға мәлім. Сонымен қатар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Кімде-кім мен айтпаған сөзді айтты десе, онда ол өзін тозақ отына дайындай берсін» деген мағынадағы хадисі бары барша мұсылманға белгілі. Сондықтан Махмуд Қашқари деген мұсылман ғалымның Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтпаған сөзді айтты деуі еш ақылға сыймайды. Бұл факті де «Диуани лұғат ат Түрік» жазбасын дайындағандар мұсылман дүниесін терең түсінбейтін өзге дін өкілдері екенін айғақтайды.
Еуропалық ғалымдар Махмуд Қашқаридің еңбектерін зерттеуге тұратын дүние деп қарамаған. Керісінше болса, еуропалық ғалымдар тарапынан аударылып, зерттелгенін және тиісті бағасын алғанын көретін едік. Оны сонша мақтап жарнамалайтындар – Ресей ғалымдары мен солардың ықпалынан шыға алмайтын түркі тілді ұлттар оқымыстылары.
Махмуд Қашқари: «Қырғыз, ұйғыр, қыпшақ, ягма, чигил, оғыз, тухси, уграк, жарук ұлттарында түркілік тіл диалектілері бар» деп жазады. Сондықтан ол қырғыз бен ұйғырға ұнайтыны түсінікті. Ал олардың қатарында қазақ тілі жоқ. Өйткені, орыс ғалымдары жазған тарих солай дегізген. Бұл деректер Махмуд Қашқари жазбасының күмәнді екенін растайды. Оны ресейлік иезуидтер дайындатқан, содан соң Түркия арқылы жарыққа шығартқан десек, әсте қателеспейміз. Орыстар жалған жазбалары Ираннан және Орта Азиядан табыла беруі күдік тудыратындықтан, олардың қатарына Түркияны да қосқан. Ол еңбекті түркітілді ұлттардың ең саны молы – қазақтар пен өзбектер Х ғасырда болмағанын дәлелдеу үшін әзірлеген, осы міндетін әлі де атқарып келеді.
Атақты парсы оқымыстысы Фердауси Х ғасырда қазақ халқының жер бетінде болғанын жазған. Осы деректі Махмуд Қашқари, Ибн Фадлан, Әл Истахри жазбалары арқылы жоқ қылуға тырысқан ресейлік иезуидтердің айлакерлігінде сөз жоқ. Алайда, олар өзгерте алмаған Әл Масуди, Ибн әл Асир, Ибн Батута, Бабур наме, Кодекс Куманикус жазбалары қазақтың ертеден бар екенін анық дәлелдейді. Сондықтан ресейлік тарихшылар аталған жазбаларды ресми тарихи тізілімге енгізбеген, елемеуге, назарға алмауға әлі тырысып келеді.
Бекжан Әденұлы
Abai.kz