Дін саласындағы шолақ белсенділер қазаққа іріткі салуда

Дін саласындағы шолақ белсенділер қазаққа іріткі салуда

Дін саласындағы шолақ белсенділер қазақтың арасында іріткі салып кереғар жолға итермелеп жатқаны жасырын емес. Олардың арбауына әсіресе жастардың түскені өкінішті-ақ, Арабтарға еліктесе, оларша сақал қойып киінсе, бетті бүркемелесе, қазақтың сөзін арабша баламаға алмастырса бітті - таза мұсылман боласың деген тұрпайы пікір етек жайды.

 

Есесіне Ислам дегеніміз сырт пішін емес, ең алдымен ыждахат, иманға келу, адалдыққа ұмтылып, сабырлық таныту, мұқтаж жандарға көмек беру, ашу-ызаны ақылға жеңгізу, кешірімшіл болуды меңзейтін ілім екені ескерілмей қалды. Жүре-бара салафшылар ұлтымыздың сан ғасырлық әдет-ғұрпын, құндылықтарын жоққа шығарды. Оның арасында ата-бабаның аруағын қастер тұтуды, зират басында Құран бағыштауды иә болмаса келіннің сәлем бергенін Аллаға серік қосқанмен теңеп болдырмауға тырысып-бақты. Онысы адал, көкірегі ояу азаматтардың намысына тиді.

 

Мұхамед пайғамбардың өзі (с.ғ.с.) хадистердің бірінде сахабаларына айтқаны бар: "Ислам жолында сендер ертеңгі күні түрлі елдерге барып Алланың хикметін жеткізесіздер.

 

Сонда Шариғатқа қайшы келмесе сол елдердің әдет-ғұрпына, сенім-нанымына құрметпен қарап ардақтаңдар". Және дәл осы ұстаныммен Қазақ даласында орныққан Ханафи мазхабы Исламды жерглікті құндылықтарға қарсы қоймай, қайта өзара үйлесіп байи түсуіне қолайлы жағдай туғызды.

 

Бұның арты Қазақ даласының, жалпы Түркі әлемінің Ислам өркениетінен ойып өз орнын алуына жол ашты.

 

Аталған ретте әлі күнге шейін күллі Мұсылман үмбеті қастерлеп бас иетін Әл-Фараби, Әл-Бухари, Бейбарыс, Яссауи сынды жауһарлардың есімдерін атаса жеткілікті.

 

Ендігі хадисінде пайғамбарымыз (с.ғ.с.) “Ертеректе сендерге қабірдің басына барып тағзым етпеуге үндеп едім, бірақ бұдан былай зиярат етуге рухсат” деген. Уақытша тыйым салудың себебі Исламды енді ғана қабылдаған жамағатты молаға табынудан сақтандыру еді. Пайғамбардың өзі (с.ғ.с.) серіктеріне моланың басында қандай сөздер айтылу керегін үйретіп кеткен.

 

Жалпы, кез келген салада экстремизм, яғни шектен шыққандық пен асыра сілтеушілік түбі жақсылыққа әкелмесі анық. Соның ішінде діни экстремизмге тоқталсақ, оған мойын ұсынғандар түбі неге ұрынатынын бүгінде быт-шыты шыққан Сирияның, Либияның, Ауғанның аянышты тағдыры көрсетеді.

 

 

 

Расул Жұмалы

Abai.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста