Бүгін 11 шілде Шәкәрім Құдайбердіұлының (1858-1931) өмірге келген күні. Шәкәрім Құдайбердіұлы ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер.
Ол бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бөктерінде 1858 жылы дүниеге келген. Шаһкәрім – философ. Ол тек қазақ халқының ғана емес, барлық туыстас түркі халықтарының, тіпті барлық Шығыс мәдениетінің, одан қалды орыс халқы мен барлық Еуропа елдерінің философиялық ой-танымдарын зерделеп, өз халқының ұлттық дәстүріне негіздей отырып, жетілдіріп, философиялық ойымызды, дүниетанымымызды әрі қарай дамыта түскен ойшыл. Ол әкесі – Абайдың ағасы Құдайберді қайтыс болған соң, Абайдың тәрбиесінде болады. Жеті жасынан өлеңге қабілеттілігін танытады. Өз бетімен араб, парсы, түрік, орыс тілдерін игеріп, шығыс, орыс классиктерінің шығармаларынан нәр алады. Әртүрлі өнер түрлерін игереді.
1908 жылдан бастап елден шет кетіп, таза шығармашылық жұмыспен шұғылданады. "Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі", "Мұсылмандық шарты кітабы" 1911 жылы Орынборда, "Қазақ айнасы" өлеңдер жинағы, "Қалқаман-Мамыр", "Еңлік-Кебек" поэмалары 1912 жылы Семейде басылып шығады. Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстоймен хат алысып, өзін оның шәкірті санайды. 1931 жылы бандалармен байланысты деген жалған айыптаумен кеңес қарулы топ мүшелерінің қолынан атып өлтіріледі. 1988 жылы ақын аты ақталды. Ш.Құдайбердіұлының әдеби мұрасы аса бай. Ол поэзия, проза, аударма, тарих, трактат саласында жұмыс істеп, Абай дәстүрінде демократтық-халықтық, гуманистік-халықтық бағыт ұстады. Философ Шәкәрімнің "Үш анығы" қазіргі күнде де маңызын жоймаған, әрбір қазақ міндетті түрде оқып шығатын бағалы философиялық трактат. Шəкəрімнің əлем, адам, жаратылыс жайындағы философиялық ой-толғамдары оның "Үш анық" атты философиялық трактатында жүйеленген. Философтың Сəбит Мұқановқа жазған хатында "қырықтан соңғы ойым философия жағына салынып" деген пікір айтады. Сондағы философиясы осы "Үш анық" турасында болып отыр. Шəкəрім қырықтан асқан соң отыз жылдай «Үш анықты» жазуға көптеген ізденістер жасап, өмірінің соңында "отыз жылдай жиғаным" деп өзінің тапқан, анық деп таныған «Үш анығын» жүйелейді.
"Үш анықтағы" негізгі ойлар ақынның өлеңдерінде де кездеседі:
Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек,
Бұған ұйқасты өлең, сөз керек Өзіне орайлы.
Денең жан нұрлы болса, жөнделмек,
Өлең әнге өлшеп айтса, өңделмек, Ұйқасса қолайлы.
Ән – өлшеуіш, өлең – күміс,
Қоспаңыз мыс аралас.
Артық алу, не кем салу,
Қапы қалу жарамас.
Ауыр осы әнге тауып сөз салмақ
Тәуір, татымды ұйқас жиналмақ
Тереңнен толғанып.
Сырын бұл әннің айтып қарайын
Түрін сипаттап, тізіп санайын,
Өлең тап ойланып.
Буыны сегіз, алтауы егіз,
Үшем деңіз екеуі.
Кім дәл басты, кілтін ашты,
Жақсы ұйқасты нешеуі?
Қайран қайғысыз, қамсыз күндерім,
Сайран сауықты рахат түндерім,
Сендерден не пайда?
Дереккөз: sn.kz