Біз батырларымызды әлі білмей жүрміз немесе «Дәрі» қауымы терең сырды ашқалы тұр

 Қазақ тарихының жалынды жыршысы Мұрат Мөңкеұлының туғанына 170 жыл толды. Біз, атыраулық тарихшылар Мұрат Мөңкеұлының «Үш Қиян», «Сарыарқа», «Әттең бір қапы дүние-ай», «Шалгез» т.б. жырларында орын алған тарихи оқиғалар мен тұлғалар, жер-су аттары туралы зерттеуді көптен жоспарлап жүретінбіз.Соның ішінде Махамбет ауданының территориясында орналасқан атақты «Дәрі» қауымын зерттеудің қажеттілігі кезек күттірмейтін маңызды мәселелердің бірі деп саналатын. Себебі «Дәрі» қауымы орталықтан шалғай орналасқандықтан тарихшы ғалымдардың назарынан тыс қалған нысандардың бірі.
«Дәрі» қауымында Мұрат ақын жырға қосқан Есболай бидің ұрпақтары Қараұлы Дәрі, Қараұлы Есет би, Қабыл батырдың ұлы атақты Жапарберді батыр жатыр. Бұл тұлғалар біздің білетініміз ғана. Осы қауымды көріп, оның құлпытастарын зерттеу мақсатында 2013 жылдың 25 мамыры  күні университеттің бір топ ғалымдары, атап айтқанда, профессор Жиенбай Бақи (Қараның ұрпағы), доценттер Жеңісбек Мұстафин, Жұмазия Жұмабаева, осы жолдардың авторы Шахман Нағимов, т.ғ.к., археолог Марат Қасенов, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері болып сапарға аттандық. «Дәрі» қауымын дәл іздеп табу үшін Алға және Ортақшыл ауылдарының тұрғындары шежіреші Базар Әмірұлы ақсақал мен Қайрат деген азаматты жолбасшылыққа таңдап алдық. Біздің маршрутымыз Атырау қаласынан басталып Жайықтың сол жақ бетінде орналасқан №17 Алға және №13 Ортақшыл ауылдары арқылы барлығы 180 км жерге ұласып, ақыры «Дәрі» қауымына келіп табан тіредік. «Дәрі» қауымына жеткенше жолшыбай шежіреші Базар Әмірұлы ұлынан бірқатар қызғылықты мәліметтер алдық. Біз жүріп өткен өлкеде және көршілес Қызылқоға ауданы аумағында бірсыпыра қазақ батырлары жерленген екен. Олардың арасында 1731 жылғы Аңырақай шайқасына қатысқан атақты арғын Өтей батыр мен беріш Тайлан батыр бар көрінеді.
Тарихтан белгілі Ордабасыға қазақтың үш жүзінің халқы жиналып, жоңғар басқыншыларына күйрете соққы беру үшін қол жинап, ол қолдың бас қолбасшысы етіп Кіші жүздің жігерлі ханы Әбілқайырды сайлағанды. Аңырақай шайқасында жеңіске жеткеннен кейін Әбілқайыр хан өз жұртымен Кіші жүзге оралғанда орта жүздің бірсыпыра батырларымен бірге арғын Өтей батырда біздің өлкеге көшіп келген көрінеді. Өтей батыр бұл жақта да бейбіт өмір сүре алмағанға ұқсайды. Қалмақ басқыншыларымен болған шайқастардың бірінде ол қаза тауып, арғынның батырына Кіші жүздің Қарабау өлкесінің топырағы бұйырыпты. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін өткенімізге, отанымыздың тарихына деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Соның дәлелі ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстан Үкіметі Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нығметжан Есенғарин мырза арнайы сапармен Атырауға келіп, өзінің бабасы Өтей батырдың бейітін іздеп тауып, басына ескерткіш тас қойдырыпты.
  Беріш руынан шыққан Тайлан батырда Әбілқайыр ханның арқа сүйер сарбаздарының бірі ретінде ел санасында жатталып қалған. Ол да кезінде Аңырақай шайқасына қатысқан. Біз жүріп өткен жерден әрірек, Қызылқоға ауданы мен Ақтөбе обылысының шекарасында Нарынбай бейіті жатыр. Сонда ол қай Нарынбай? 1812 жылғы соғыстың батыры. Нарынбай Жанжігітов емес пе екен? Атышулы батырлар Нарынбай мен Әмен Байбатыров біздің өлкенің туғандары ғой. Осыған байланысты мынандай ой келеді. Қазақтар кезінде тек өз жерлерін жаудан қорғап қана қоймай, көршілестеріне де қиын-қыстау кезде қол ұшын берген ғой. Бұл өз алдына айтылатын мәселе.
  Сонымен біз жол бойында бірқатар тарихи нысандарды кездестірдік. Ортақшылдан шамамен 27-30 км жерде Себектердің Сары қауымы орналасқан екен. Бұл аса ірі қауым. Бұнда 1818, 1820, 1840 жылдары жерленген адамдардың құлпытастары сақталған. Ал Атырау қаласынан шамамен 40-50 км жерде Төре руының қауымы жатыр. Ондағы құлпытастар өте ескірген, бейіттері әбден жойылып кеткен деуге болады. Шамасы бұл қауымда Әбілқайыр, Нұралы хандардың ұрпақтары жатырған болар-ау деген ой келеді.
  Сондай-ақ біздің маршрутымыздың соңғы нүктесі «Дәрі» қауымына дейінгі жол бойынша «Қожағұл», «Бес батыр-Жарқын», «Жаналы», «Жазықбай», «Құдықсай» қорымдары орналасқан. Оларда ХҮІІ-ХІХ ғасырларда жерленген Шеркеш, Бегіс, Адай руларының ұрпақтары жатыр.
  Түс ауа жусанды даланы кесіп өтіп, «Дәрі» қауымына да жеттік. Дәрі қауымы биік төбеде орналасқан екен. Аумағы шамамен  1000 шаршы-метрдей. Қауым өте ескі, бейіттердің барлығы дерлік, уақыт сынына төтеп бере алмай жермен жексен болған. Біздің пайымдауымызша бұл қауымда орналасқан бейіттердің салынғанына 250-300 жыл уақыт өткен. Қауым орналасқан жер Малайсары деп аталады екен. Бұл қауымның ерекшелігі неде деген сұрақ туындауы мүмкін. Себебі Атырау өлкесінің ұшы қиырына көз жетпейтін далалары мен құмдарында бұл сияқты қауымдар ондап, тіпті жүздеп саналады. Бірақ олардың ешқайсысы «Дәрі» қауымындай тарихи тұрғыдан қызығушылық тудырмайды. Дәрі қауымының ерекшелігі – біріншіден, бұнда Есет би, Дәрі, Жапарберді батырлар сынды тарихи тұлғалардың жерленгені, екіншіден, қауымда құлпытастардың өте көп шоғырлануы мен олардың алабөтен көлемі (2,5-3 метрлік құлпытастар бар), әрі сапалы да, әдемі дайындалуы. Бұл құлпытастарды кешенді түрде арнайы зерттеу қажет. Зерттеуге өнертанушы ғалымдар, араб тілінің мамандары, тарихшылар атсалысуы керек деп санаймыз. Себебі құлпытастарда қазақ ою өрнектерінің барлық  зооморфтық космоногиялық, геометриялық түрлері кездеседі. Өте әдемі түрде дайындалған. «Дәрі» қауымындағы жақсы сақталған құлпытастарды ойланбастан қазақ өнерінің озық үлгілерінің қатарына жатқызуға болады.
  Енді осы Дәрі қауымына жерленген билер мен батырларға тоқталайық. Қауым Қараұлы Дәрінің есімімен аталған. Әкесі Қара атақты Итемген батырдың ұлы. Мұрат жырларында:
  «Итемгеннен туған бес бөрі,
Қара менен Табылды.
Қалдыбай, Мәтен, Қабылды,
Сол ерлерім барында.
Дұшпаннан кегім алынды,
Сөйтіп жүрген ерлерді.
Алып кетіп қара жер,
Беріп кетті-ау, жәбірді», деген жолдар бар. Мүмкін сол Қара батырдың өзі де осы қауымда жерленген болар.
Шежіреші Мұхтаров Мәжиттің деректері бойынша Дәрі Қараұлы да аса батыр адам болған. Ол туралы Матай Мөңкеұлының мынадай өлең жолдары бар.
«Артында Қабыл, Қара өлгенде,
Берішті жеті баулы бір күйзелтті.
Кешегі Ожырайдан Дәрі өлгенде...»
Шамасы жер дауы, жесір дауының бірінде. Қаратоқайдың батыры Қараұлы Дәрі Ожырайнардың қолынан қаза тапқанға ұқсайды. Шежіреге сүйенетін болсақ Дәрі Қараұлы 27 жасында мерт болған.
Дәрінің інісі Есет Қараұлы (1779-1869) – батыр, әрі жырау. Есет би, Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы Қарабау жерінде дүниеге келген. Қазақ тарихын, шежіресін тамаша игерген Есет Қараұлы өзінің шалқар білімін туысы, Мұрат Мөңкеұлына жалықпай үйреткен. Мұрат ақын дала академигінен үйренгендерін өзінің теңдесі жоқ жырлары мен айтыстарына пайдаланған. Есет өмір сүрген уақыт аласапыран шапқыншылықтар мен соғыстарға толы кезең еді. Хиуа ханы Аллақұл адайлар мен беріш жұртына шамадан тыс салық салып отырса, әскери бекіністер тұрғызып Жайық бойын иеленген казак-орыстардың озбырлығы елдің тыныш отыруына мүмкіншілік бермеген. Есеттің әкесі Қара, оның інілері Табылды, Қабыл Мәтен, Қалдыбай, олардың балалары Құлбарақ , Дәрі, Есет, Жапарберділер хиуалықтармен Ресей отаршыларына қарсы бірнеше рет жорықтарға шығып, ерекше ерлік көрсеткен еді. Есет кейін жасының ұлғайғанына қарамастан хан саясатына қарсы Исатай мен Махамбет бастаған халық көтерілісіне қатысады. Тастөбе шайқасында жеңіліске ұшыраған батырлардың күресін жалғастыру үшін оларға мыңдаған қарулы қол жинап береді.
Осы қауымда Қабылдың ұлы Жапарберген батырда жерленген. Ол 1831 жылғы Құлбарақтың Аллақұл әскерімен болған шайқасына қатысып, тірі қалған.
1833 жылы әкесі Қабылдың, ағалары Құлбарақ пен Батырбектің, туған халқының кегін алу үшін Хиуаға барып, жауын жеңіп, мал-мүлікті, жетім-жесірлерді еліне қайтарады.
Жапарберді атқа мінген соң
Көк найзаға жалынды... – деген жолдар ол тұлғаның қандай адам болғандығын дәлелдесе керекті.
Қорыта айтқанда, «Дәрі» қауымының ескерткіштеріне толықтай зерттеу бізге көптеген тарихи деректерді, бұрын-соңды айтылмаған мәліметтерді ашатыны сөзсіз. Ол біздің жас ұрпағымызға өткен тарихи жолымызды кеңіре білуге жол ашпақ. Ол үшін қауымды мемлекетіміз толықтай өз қамқорлығына алуы керек.
Қауымды темір шарбақпен қоршап, қасына үй тұрғызып, шырақшы тағайындаса дұрыс болар еді. Оның тамаша ескерткіштеріндегі барлық жазуларды оқып, қазақшаға аударып, мазмұнын жазып қою қажет деп есептейміз. Сонда бұл қауым облысымыздың жұртшылықты қызықтыратын маңызды туристік маршруттарының біріне айналар еді.

Шахман Нағимов, 
педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент;  ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері

e-history.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста