Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларымен тереңірек таныстық

Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларымен тереңірек таныстық

Aхмет Байтұрсынұлының есімі барша оқырман қауымға таныс болғанымен, оның өмірі, ағартушылық жолы туралы кей деректерді біле бермеуіміз мүмкін. Университет тарапынан А.Байтұрсынұлы атындағы «Тіл-құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығына өндірістік тәжірибеге бардық.  Жетекшіміз Имаханбет Райхан Сахыбекқызы болды. Осы өндірістік тәжірибенің арқасында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттеріне ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын тереңірек тануға мүмкіндік туды.

Тілдік,  әдеби,  көсемсөз, ағартушылық және т.б. бағыт бойынша ізденістер жасайтынымызды білдік. Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы бойынша жұмыс істейміз. Өндірістік жұмысымыз қызық әрі пайдалы өтетініне сенімдімін. Ахмет Байтұрсынұлы мен Жамбыл Жабаев көшелерінің қиылысында орналасқан XIX ғасырдың сәулет өнерінен көрініс беретін ғимаратта қазақ халқына қалтқысыз қызмет еткен Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы тұрған. Осы үйде тұрып жатқан кезінде сол кездегі солақай саясаттың кесірінен оны «халық жауы» атандырып тұтқындаған. Көп ұзамай отбасы мүшелері де үйден қуылып, қуғын-сүргінге ұшырайды.

Ұлт бастауында тұрған ұлы тұлғаны кейінгі ұрпақ танып-білсін деген мақсатта бүгінде бұл ғимаратты ақын атындағы мұражайға айналдырған. Мұражайдағы өндірістік тәжірибе барсында көптеген мағлұматтармен танысып, түрлі ақпараттар жинастырдық. Мұражайдағы экспонаттарға келер болсақ, өкінішке қарай суреттер, қолжазбалар мен ғалымның көзі тірісінде шыққан кітаптары қамауға алынған сәтте-ақ жойылған екен. Ұлт ұстазы жазған «Қазақ тілі әліпбиінің» таралымына да тиым салынған.

Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны негізінде бір қатар еңбектер жазылған. Олардың кейбіреуі Елбасы кітапханасында да бар. Мысалға, Райхан Имаханбетованың «Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны» мен Амантай Ахметовтың «Рух әміршісі» («Властелин духа») атты кітабы қазақ ағартушысының өміріндегі елеулі кезеңдерді баяндайды.  Елбасы кітапханасының кітап қорында 2004 жылы жарық көрген А. Байтұрсынұлы шығармалар жинағының үш томы сақтаулы. Оның алғашқы томы өлең-мысалдар мен әдеби-ғылыми зерттеу материалдарынан құрылған. Екінші том оқушы-студенттер мен мұғалімдерге, сондай-ақ кең аудиторияға арналған оқу құралы болса, жинақтың соңғы томы – оқулықтар мен әдістемелік құралдардың толық жинағы.

Төрт бөлмеден тұратын мұражайдағы ең үлкен әрі жарық екі бөлмеде Байтұрсынұлының отбасына және замандас достарына қатысты құнды мағлұматтардың түпнұсқасы мен көшірмесі және бірең-сараң экспонаттар бар. Ал үшінші тар әрі қараңғы бөлмеге санаулы ғана экспонат қойылған екен. Мұнда Ахмет Байтұрсыновтың ату жазасына кесілер алдында түскен фотосуреті ілініп тұр. Кішігірім мұражайды бір демде аралап шығатын келушілер дәл осы суреттің жанына келіп ұзақ уақыт ой үстінде қалады. Себебі бұл – ұлт ұстазынан қалған соңғы естелік.

А. Байтұрсынұлы мұрасының терең екеніне тағы да көзім жетті. 

Динара ҚАЛАУОВА,

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің

4-курс студенті

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста