Ақтөбеде Алаш қайраткерлерінің мемориал кешені ашылды

Ақтөбеде Алаш қайраткерлерінің мемориал кешені ашылды

Ақтөбеде бүгін, 25 желтоқсанда Алаш қайраткерлері бейнеленген "Азаттықтың ақ таңы" мемориалдық кешені ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Кешеннің ашылуына "Алаш ұраны" гимні орындалып, "Алаш" партиясының туы көтерілді. Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Темірбек Жүргенов пен Ұзақбай Құлымбетовтің туыстары, қоғам қайраткерлері мен өңірдің ғылыми зиялы қауым өкілдері қатысты.

 

 

Мемориалдық кешенге "Алаш" партиясының Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Жаханшы Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев, Телжан Шонанов, Темірбек Жүргенов, Ұзақбай Құлымбетов, Мұхамеджан Тынышбаев сынды белгілі қайраткерлерінің барельефті бейнелері бар.

 

Әлия Молдағұлова мен Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында орналасқан рельефті композицияның биіктігі 5 метр, ал ұзындығы 7 метр. Жоба авторы - мүсінші Жеңіс Жұбанқосов.

 

 

"Бүгінгі ұрпақ Тәуелсіздік үшін күрескен азаматтарды ұлықтап, олардың тауқыметке толы тағдырынан тағылым алуға тиіс. Тарихтан тағылым алмағандар үшін қасырет әрдайым қайталанады. Бүгінгі "Азаттықтың ақ таңы" тарихи кешені Тәуелсіздік жолында күрескен Алаш қайраткерлеріне, олардың мұрасына деген адалдығымызды аңғарту мақсатында ашылып отыр!", - деді Оңдасын Оразалин құттықтау сөзінде.

 

 

Шара соңында қонақтар мемориалды кешенге гүл шоқтарын қойды.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста