Алтын Орданың түбіне жеткен "қара тажал" деген тарихи жорамал шыға бастапты

14 ғасырдың ортасында "қара ажал" деген оба болған екен.
Мен бұрын тарихи деректерді оқып жүргенде ол туралы үзік - үзік жазбалар кездестіріп оқып отыратынмын.
Ол да осы Қытайдан тараған, Қытайдан шығып Қыпшақ даласын, Анадолы - Түркия арқылы Еуропаға барған. Түріктердің 30 пайызын, Еуропаның 50 пайызын қырып жіберген індет бопты.
Жұрт ол заман кәдімгідей миллиондап қырылған екен.
Оба жер жаһанға бүрге, бит, жыбырлақ жәндіктер арқылы тарапты. Бүрге бір шағып алса болды, ана адам үш - төрт күн ыстығы көтеріліп ауырып одан соң о дүниеге аттанып кете беріпті.
Емі жоқ. Хан да, сұлтан, король бәрі қырылған. Хан да қара да "қара ажал" десе үрейі ұшып өлердей қорыққан екен.

Еуропалық монахтар. - Рубрук пен Карпини өз жазбаларында осы оқиғадан сәл ертерек, бір ғасыр бұрын, яғни 13 ғасырда қазақ даласында көшпенділер арасында болатын індет процесін жазған екен.

Көшпенді татарды емделмейтін жұқпалы науқас дендесе, оған руластары алдына азық - түлік тастап, оқшаулап, бөлек үй тігіп, үйдің төбесіне қара жалау тағып қояды екен.
Жүргінші жұрт ананың ауру екенін білуі тиіс деп солай істейтін болса керек.
Сосын өткен - кеткен жолаушылар ол үйге жоламайтын көрінеді. Ал егер ол үйден шыққан адам басқа адамға таяйтын болса, оны садақтың нысанасына байлап қасыңа жақындатпай атуға болады екен, оның ауруы жұқпауы үшін.
Осы "қара ажалдың" кезінде де біраз көшпенді халықтар баудай түсіп қынадай қырылыпты, тіпті тұтас тайпа - рулар түгел жойылып кеткен екен. Одан далалықтар бір сақтанса әлгі жоғарыдағыдай әдіспен ғана қорғанған.

Ал қалалық Еуропа ол кезде қатты шығынға ұшырады.
Бұның ем -. домын таппаған адамзат баласы бұл ауруды "құдайдың бізге жіберген жазасы" деп күні -. түні шіркеуге барып сыйынғаннан басқа ештеңе істей алмапты.
Енді қазір сол заманда біздің бабаларымыздың мемлекеті - Алтын Орданың түбіне жеткен осы "қара тажал" деген де тарихи жорамал шыға бастапты. Ауру, Орда халқын қырып әлсіретіп кеткен екен міс.
Мүмкін, ол да мүмкін.

Олжас Әбіл
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста