Алтын Орда ханы Ахмет: «Орыстар кешірім алғылары келсе, аяғымды сүйсін!»

Алтын Орда ханы Ахмет: «Орыстар кешірім алғылары келсе, аяғымды сүйсін!»

XV ғасырдың аяқ кезі. Көптеген жылдар Алтын Орданың қол астында болған Мәскеу соңғы уақытта салық төлеуден жалтарып кетсе керек. Жіберген елшілері мардымды іс тыңдыра алмағаннан кейін, Орданың ханы Ахмет өзі аттаныпты. Жанына Едігенің ұрпағы Темір би де бар. Сол кездегі Мәскеу билеушісі Иванды (кейбер деректерді Иоаан) тәубесіне түсіріп, уыстан шығып бара жатқан орыс еліне «қожайыны кім екенін таныту» үшін қалың қол әскермен ұзақ жолға шығады.
Тыңшылардан жеткен хабарға сәйкес Иван (Иоаан) өз әскерін Еділдің бір саласы болып табылатын Угра өзенінің жағасына жайғастырып, күтіп отырыпты. Сын сағаты тақап қалғанда Ахмет хан да келіп жетеді. Уграның ені жалпақ, суы терең болғандықтан арғы бетке өте алмай қалған Орда әскері тек садақпен оқ атып шабуылдап тұрады. Орыстар да өз кезегіне осы әдіспен «ұрысқа» шықты. Тарихшылардың айтуы бойынша бұл бір айдан астам уақытқа созылыпты.
Бұрыннан езгінің астында өмір сүрген, ханның қаһарына әлденеше рет ұшыраған Иван жансауға, кешірім сұрауға бел буады. Елшілері Ахмет хан мен Темір биге сый-сияпаттарын алып барып, ендігі бұл қайталанбайды деп жалынып-жалбарынады. Бірақ хан бұған көнбеді. «Егер кешірім алғыларың келсе, Иванның өзі келіп, аяғымды сүйсін. Жақындарыммен ақылдасып, қажет деп тапсақ кешіреміз» деп шарт қойыпты. Бас қолбасшы Темір би де өз ханының сөзін қайталап, елшілерін қуып жібереді.
Иван бұл қорлыққа көнбей, тіпті барғанның өзінде аман қайтуым екі талай деп топшылауы мүмкін. Сондықтан өз бекінісінде қала беріпті. Кейін Ахмет хан жарлығын жұмсартып, өзі болмаса да көзі келсін, ұлдары мен уәзірлері менен кешірім сұрасын дейді. Бірақ орыс билеушісі бұл ұсынысқа да көнбепті. Арадағы келіссөз нәтижесіз қалады.
Осы кезде көптен күткен оқиға да келіп жетті. Угра өзенінде мұз қата бастайды. Шамамен бір апта уақыт ішінде бөгет жойылатындықтан, екі әскер де қоян-қолтық жекпе-жекке дайындалуда. Әрине, екі билеушінің қандай сезімде болғаны жайлы топшылауымызға болады. Ахмет хан ұзақ жол мен амалсыз кідірістен кейін орысқа біржолата өктемдік құру жоспарын жүзеге асыра алатынына қуанып, Иван билеуші болса өзінің және жақындарының болашағына деген сенім бірте-бірте азайып бара жатқанына, үрей мен қорқыныштың астында қалуы мүмкін деген ойдамыз. Бірақ бәрі де басқаша болды.
Қырым хандығы Ахмет ханның жоқтығын пайдаланып Алтын Орда жұртын шаба бастайды. Халқына қатер төнгенін білген хан қолды кейін бұруға шешім қабылдап, орыспен арадағы соғыс аяқсыз қалады.
Орда әскері ішінде қозғалыс басталғанын көрген орыс сарбаздары қорқып, «шабуылға шығайын деп жатыр» деген айғайға салады. Айтады да өздері де кейін шегеріледі. Ал орыс қолының толқуын көрген Орда ұландары керісінше «орыстар шабуылға шығайын деп жатыр, қамданайық» деп өздері де тактикалық жүрістер жасайды. Осы кезде орыстар «Ахмет хан бізді қоршауға алып жатыр» деп одан бетер топырлап қаша жөнеліпті.
Тарихшылар бұл жағдайды былайша сипаттайды: «бетпе-бет соғыспаған екі әскер, бірінен бірі қашқан және Мәскеу осылай аман қалды». Сөйтіп Алтын Орданың, яғни қазақ ата-бабаларының Мәскеуге екі жарым ғасырлық билігі аяқталды.
Құрметті оқырман, аталарымыз осындай болған. «Жеріміздің шетін жау басынбаған, басымыздан сөз асырмаған» едік. Ұзақ жыл езгіде болып, тарихи санамызды өшіруге тырысқан қанды саясат өз мақсатына жеткен де сияқты. Десе де әлі де кеш емес…

Рүстем Нүркен
namys.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста