Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған көрме ашылды

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған көрме ашылды

Мемлекеттік орталық музейінде «Бабалар аманаты» жобасы аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ғасыр толғауы» атты республикалық көрме ашылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Көрмеге еліміздің «Көркем еңбек» пәні мұғалімдерінің жұмыстары қойылған. Яғни, шығармашылықпен  айналысатын ұстаздардың үздік  100-ден астам туындылары көпшілік назарына ұсынылды.

 

Бабалар аманаты жобасының мақсаты Республикамыздағы бүкіл көркем еңбек пәні мұғалімдерінің басын қосу, болашақта өскелең ұрпақтың тәлім тәрбиесімен білім негізін ұштастыру, сондай-ақ әр қилы жанрдағы туындылардың қыр-сырын тарих тағлымына терең бойлата отырып, осы ұстаздардың арқасында көрерменге жеткізу.

 

 

 

Биыл  «Бабалар аманаты» Ұлттық жобасының құрылғанына үш жыл толып отыр. Жобаға ҚР Суретшілер Одағы, ҚР дизайнерлерінің Еуразиялық Одағы, Қолөнер Одағы және шығармашылықпен айналысатын Қазақстан Республикасының Көркем еңбек мұғалімдері кіреді. Олар Түркия, Греция және Орталық Азия елдері сияқты халықаралық көрмелерге үнемі қатысып келеді.

 

ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Харипова бұл көрме ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын жан-жақты насихаттауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

 

 

 

Ахмет ағамыздың алғаш жазған әліппиі, өлеңдері мен жалпы шығармалары Орталық музейдің қорында сақталған. Бүгінгі көрме арқылы Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын жан-жақты насихаттай аламыз. Себебі, музейге алыс-жақын шетелден де адамдар көп келеді. Оған қоса суретшілердің туындылары музей жұмысына тың серпін береді,-деді музей директоры.

 

 

 

Көркем еңбек пәндерін оқытатын республиканың барлық өңірлерінен келген 800-ден астам ұстаз, шығармашыл педагог «Бабалар аманаты» жобасында республикалық және халықаралық деңгейде педагогикалық өнерді насихаттау мақсатында бірікті. Жоба мүшелері елімізде өтіп жатқан мәдениет күндеріне белсенді қатысып, көрмелер өткізеді.

 

Бұл жай көрме емес, Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы, елім деп болашаққа жол ашып кеткен Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерей тойына арналған көрме. Көрменің мақсаты – бейнелеу өнері, сызу, қазіргі Көркем еңбек пәні мұғалімдерінің басын қосып, олардың еңбегін көпшілік назарына ұсыну. Қолөнерімізді дәріптеу. Мұндай көрмелер келешекте жалғасын табады деген ойдамыз,-деді «Бабалар аманаты» жобасының жетекшісі Қанағат Кодеков.

 

 

 

«Ғасыр толғауы» көрмесінде республиканың әр түкпірінен, атап айтқанда Қарағанды, Атырау, Ақтау, Шымкент, Маңғыстау, Павлодар, Семей, Өскемен, Ақтөбе, Талдықорған, Қызылорда, Тараз қаласынан қазақ халқының ұлттық мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін, Қазақстан табиғатының сұлулығын бейнелейтін педагогтардың 100-ден астам жұмыстары ұсынылған.

 

Көрме 2022 жылдың 7 сәуіріне дейін жалғасады.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста