Әлихан туралы бір шындық...

Балқаш қаласындағы Қалдыбек қария әкесі жайлы айтқан естелігімен бөлісті. Әкесі Рамазан Әлихан Бөкейхановтың атқосшысы болған екен. Оны журналист Болат Мүрсәлімнің Facebook әлеуметтік желісіне жариялаған бейне-сұхбатынан алдық.
Қалдыбек ақсақалдың әңгімесі Әлихан Бөкейхановтың азаматтық және адамгершілік келбетінен сыр шертеді.

Қалдыбек ақсақал:
«Әкемнің әңгімесін қаз-қалпында сіздерге баяндап берейін. Әкемнің айтқаны:
«1916 жылы Ақ патша қазақтан солдат алатын болды. Біз де шақырылдық. Жолда Қарқаралыда жиналдық. Бізді Асанның Түсіпбегі деген азамат бастады. Қарқаралыдан Семейге шығарда он адамның ортасына пар ат жегілген шана берді. Оған киіміміз бен азығымызды салып, өзіміз тізеден келетін қарды жаяу кешіп, жолға шықтық. Көбі қашып кетті. Мен қашқам жоқ. Жолда жағар отын жоқ. Күн суық. Далада түнейміз. Телефон сымын тартқан бағаналар бар. Соны өткір балтамен шауып-шауып от жақтық. Сөйтіп Семейге де келдік. Бізді күтіп алғандар, «Семейде үй жалдап жата тұрыңдар, сендерді әскер қатарына қабылдасын деген бұйрық әлі келген жоқ» деген соң бір татардың 4 бөлмелі үйінің бір бөлмесін 4 жігіт айына 1 теңге төлеп жалдап тұрдық. Күнде «ертең бұйрық шығады» деумен бір ай жаттық. Бір күні бізді шақырып алып, «қазақ солдаттыққа жарамайды, елдеріңе қайтыңдар», – деді. Елге барғаннан пайда жоқ. Осы Семейде жан бағайық деп шешіп, ағаш комбинатына жұмысқа тұрдық. Содан 1917 жылы жазғытұрым Семейге қызылдар келе жатыр деп дүрлікті. Бір күні Петро деген орыс жігіт, «әй, Рамазан, осы жерде Земство деген мекеме бар. Ауылға қайтпай сол жердің ат қорасында 150 ат бар. Сен соны бақ» деді. Петро сол ат қораның басшысы екен. Сол жерде жұмыс істеп жүргенде, бір күні тағы да әлгі Петро, «Әй, Рамазан, Әлекеңнің атшысы ауырып қалыпты, сен соған барасың» дейді.
– Әлекең кім?
– Әлихан Бөкейхановты білмейсің бе? Әлекеңнің екі күреңі бар. Оны күтудің өз тәртібі бар. Таңертең, түсте, кешке қанша жем-шөп, су беру керек екенін білу керек. Көшеде жүріп келе жатып, құмалағын тастаса ұят болады. Осыны қатты қадағалау керек!
– Түу, аттың жайын сен менен сұрамай-ақ қой, – дедім.
Ертеңіне қос күреңді жегіп, Әлиханды үйінен алып жұмыс орнына жеткіздім де, түсте қайта үйіне апардым. Ол күймесінен түсті де үйіне бір кіріп шығып, менің қарсылығыма, ұялғаныма қарамастан, үйге кіргізіп, түскі асын бірге ішті.
Үшінші күні «Әй, бала, танысайық», – деді, ас ішіп отырып.
– Бір тиянақты бала екенсің, қай елсің? Қайдан жүрген адамсың?
– Төре, мен Торғауындікімін.
– Торғауында кімнің баласысың?
– Әдиманның.
– Ой, Алла, әлгі диірменші Әдиман ба? Әкең тірі ме?
– Тірі.
– Мен Әлихан Бөкейхановпын. Желтаудағы Нұрмұханның баласы – Менмін, – деді.
Танысып, көріскен соң, ол әңгімесін жалғап: «Әй, бала, сен мына ақшаны (бір бума ақша) ал да, өзіңе керекті ат, жөні дұрыс киетін киім ал. Сосын үнемі тырнағың мен шашыңды алып таза жүр. Әкең ұста болған ғой, бәкің өткір болсын. Мен барған жерде бізге бөлек бас табақ тартады. Сен соны жақсылап турайсың. Турап отырып, аузыңа тастап жүрме. Ол – өлім. Ұят болады. Қатты ескертем. Турап болған соң қолыңды жақсылап сүртіп, кейін шегініп отыр. Тұздық құйған соң, сол етті екеумізден басқа ешкім жемейді», – деді.
Ол үйде отырмайтын еді. Күнде қонаққа шақырады. Баратын үйінің тізімін жасап қоятын. Барған жері ет пен қымыз. Арақ дегеннің аты да аталмайтын. Қазақша болсын, орысша болсын ылғи өзі сөйлейтін, сөз тізгінін бермейтін. Үйіне келген Сәкенді (Сейфуллин) де басқа жазушыларды да сол қос күреңмен тасыдым.
Бір күні Әлеке маған «Әй, Райбек, (мені солай атайтын) сенің үйленетін уақытың келді емес пе? Бір төренің қызын алып берейін», – деді. Мен: «Әлі қоя тұрыңыз», – дедім. Сөйтіп жүргенде қызылдар келді. Ел дүрлікті. Земстводағы қызметкерлер қорадағы 150 аттың бірін мініп, бірін жетектеп қашып жатты.
Бірде Әлеке, мені оңаша шақырып алып, «Райбек, бірталай еңбек еттің, жамандығыңды көргем жоқ. Өйткені, қанымыз бір ғой. Тоқырауынның суын бірге іштік. Енді маған бұл жерде тұруға болмайды. Бой тасалауым керек, мынау келе жатқан үкімет сендердікі. Оның бір солдаты келеді де, менің Әлихан екенімді қайдан білсін, атады да тастайды», – дейді.
«Мен ертең кетем. Сен ат қорада қалған 50 атты мен кеткен соң бір сайда бақ. Кейін жаңа үкіметтің бастығына тапсыр. Олар сол үшін сені партияға өткізе­ді. Екі күн жұмыс істетіп, үш күн оқытады. Сөйтіп, екі жылда менің орныма отырасың», – деп, кетіп қалады. Айтқанын істедім. Жаңа бастық мені төбесіне көтеріп, хатшы жігітті шақырып алып, «Жүсіпбек, мынау біздің адам. Бұған бір қойдың етін, екі қап ұн, бес келі шәй мен бір шапанды дүкеннен жаздырып бер», – дейді. Мен солай Жүсіпбек Аймауытовпен танысып алдым.
Бір күні Жүсіпбек, маған: «Рамазан, сен Ахаңның (Әлиханды солай атаған) жағдайын біліп кел», – деп, Мұстахан жылқы бағып жүрген 150 аттың ішінен таңдап тұрып, бір күрең ат мінгізіп берді. «Жолда Сырлы таң деген жерде отырған Шаншар деген байға соғып, мынау қағазды көрсет» деп қағаз жазып береді. Кетерде Шаншар бай маған, «Ахаң жайлы кеше хабар алдым. Желтауда отыр», – деп жол көрсетті.
Жолда Қояндыны басып өтіп, Қасым қорасы деген жердің ар жағындағы бұлақ басындағы төбеге таядым. Төбе басында көп ел жиналып отыр. Төрде – Ахаң.
Ахаң – сөйлеп отыр:
«Ал азаматтар, сендердің үкіметтерің орнады... Тоқырауынның екі жағасы қара топырақ, соған егін егіп, өзен суымен суарып, күндеріңді көріңдер. Малдарыңды кедейлерге таратып беріңдер. Таратпасаңдар тартып алады», – деп, елмен қоштасып отырғанда төбе басынан мылтықтары шошайып, екі солдат келді. Әлихан оларға «Сейчас пойдем, сейчас пойдем» деп, ең соңында Бегім деген шешесінің алдына келіп: «Ана, алыс жолға кетіп барамын. Енді келіп, топырақ сала алмайтын шығармын. Аналық ақ сүтіңді кеш, ақ сүтіңді кеш», – деп, жылап, кимешегін көтеріп, тас боп қалған емшегін иіскегенде, 90 жастан асқан анасының емшек сүті бұлақтай аққанын көрген елдің жыламағаны қалмады. Әлихан анасының маңдайынан бір сүйіп, кетіп қалды. Ол 1922 жылдың шілдесі болатын».

Мерген Тоқсанбай
("Жас қазақ" газетінен) 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста