1928 жылғы Қазақстан

1928 жылғы Қазақстан

Қазақ КСР құрылуы 1919 жылдың 10-шілдесіндегі «Қырғыз аймағының» Бақылаушы комитеті туралы Кеңестік халықтық комитетінің декретінен басталды. 1920 жылдың 26-тамызында РКФСР-дің құрамындағы Қырғыз Автономиялық Кеңестік Социалистік Республиканың құрылуы туралы декрет қабылданды. ҚазАКСР-дің толық құрылуы туралы 1924 жылдың желтоқсан айы деп есептеледі. Бұл қазақ халқы орналасқан облыстардың бірігуі және ҚазАКСР-ге Сырдария, Жетісу, Амудария облыстарының қосылған уақыт.
ҚазАКСР территориялық аймағына негізінен қазақтар орналасқан облыстар кіреді. Бүгінгі таңда ҚазАКСР әкімшілік құрылымында 6 губерния, Адай уезі, Қостанай округы, Қара-Қалпақ облысы бар. ҚазАКСР Қара-Қалпақ облысымен бірге жалпы аумағы 2960 мың шаршы шақырым. Бұл РКФСР бойынша аумағы бойынша Якутиядан кейінгі екінші орын.
1926 жылғы санақ бойынша ҚазАКСР-де 6503 мың адам тұрады. Оның 539,3 мың яғни 8,3 % пайызы қалалық, қалған 92 % ауылда тұрады. 49 % әйел, 51 % ер адам. Ұлттық құрамы жағынан 57,1 %-қазақтар, 19,7 %-орыстар, 13,2-% украин, 3,3-% өзбек, 1,8-% қарақалпақ, қалғаны 4,9-%. Қалада тұратын халықтың дені орыстар – 52,7 %. Қара-Қалпақ Автономиялы облысында жалпы халық саны – 304,6 мың адам. Қарақалпақтар-37,7%, қазақтар-28,9 %, өзбектер – 27,3%, түріктер -3,0 %, орыстар 1,6 %.
Сауаты бар адам саны өте аз. Солтүстік губернияларда барлығы 14 % (жергілікті қазақтар 0,5-1,7 % арасында), Қара-Қалпақ облысында тек 2,1 %.
Олардың Ресейге қосылуынан бастап, ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейінгі Қазақстанға орыстардың қоныс аударуы көбінесе әскери жағдаймен байланысты. 1861 жылы шаруаларды азат ету отарлау процессін үдете түсті. Шаруалардың қоныс аударуы 1891 жылы Сібір темір жолының салынуынан бастап тұрақты жүргізіле бастады. Және жылдан жылға бұл үрдіс ұлғая берді.
Империалистік және азаматтық соғыс кезінде Қазақстан әскерді мінер жылқымен және етпенен қамтамасыз етіп отырды. Бұл өз кезегінде жалпы мал санының азаюына әкелді. Әсіресе 1921 жылғы аштық кезінде мал шығыны көп болды. 1923 жылғы санақ бойынша жалпы мал санының 1916 жылмен есептегенде тек 25-30 % ғана қалды.
Төңкеріске дейінгі мектептер татар мен өзбек моллаларынан және патша әкімшілігінің арнайы өкілдерінен тұрды. Ол жерде негізінен діни пәндер оқытылды. 1911 жылы Қазақстанда жалпы саны 1246 мектеп болды.

Мәлімет 1928 жылғы КСРО атласы бойынша дайындалды.
аударған Р. Нүркен
namys.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста