Жер дүниенің дәулері қазақтың барысы болуға таласады

Жер дүниенің дәулері қазақтың барысы болуға таласады

Қазақ күресінен Павлодарда алғаш рет өткелі отырған халықаралық "Әлем барысы" турниріне қатысатын балуандар есімі түгелдей дерлік белгілі болды, деп хабарлайды "Алаш айнасы".
Әлемнің 32 елінен келген түйе балуандар солтүстік өңірде жүлде қоры 150 мың АҚШ долларын құрайтын халықаралық турнирдің жүлделі орындарды сарапқа салатын күн жақын. Бұл жолы ел намысын төрт балуан қорғайтын болғанымен, оған алты үміткер ұсынылған болатын. Үміткерлер арасынан Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров, Асыл Бәрменов, Руслан Әбдіразақов таңдалып, Ұлан Рысқұл мен биылғы «Қазақстан барысы-2014» турнирінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов тыс қалды.
Қазанның жиырма бесі күні Павлодардағы «Астана» мұз айдыны сарайы дүбірге бөленгелі тұр. Себебі, ел намысын қорғайтын балуандарымыздың қарсыластарының осалы жоқ. Әрісі, АҚШ, Латын Америкасынан келген балуандар болса, одан өзге Африка, Еуропа, Азия спортшылардың көбі әлем және Еуропа, Африка чемпионаттарының жеңімпазы мен жүлдегерлері.
«Әлем Барысында» ел намысын қорғайтын төрт палуанның төртеуі де – «Қазақстан Барысы» турнирінде жүлде алған жігіттер. Төртеудің ішіндегі балуанның бірі – есімі көпшілікке танымал Бейбіт Ыстыбаев. 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. «Тараз арланы» деген лақап атпен көпшілікке етене таныс. 2011 жылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері. Сондай-ақ, 2012 жылы Қазақстан Барысы атанған. Былтыр Тараз топырағында өткен Халықаралық «Еуразия Барысы» турнирінің жеңімпазы атанды. Қазақ күресінен Әлем чемпионы (2008 ж.), Азия чемпионы (2009 ж.), Салмағы – 140 келі.
Қазақ күресінен халықаралық турнирде ел намысын қорғайтын «Шығыс Барысы» Айбек Нұғымаровтың да орны бөлек. Былтырғы «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы атанған ол желтоқсанда Минскіде өткен әлем чемпионатында топ жарды. 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Салмағы 138 келі тартады.
Үміт артып отырған үшінші балуан – қарағандылық Асылхан Бәрменов. «Қазақстан барысы-2014» турнирінің күміс жүлдегері. Қазақ күресінен Азия чемпионы, Әлем кубогының иегері. 26 жастағы балуанның салмағы – 98 келі.
Руслан Әбдіразақов 2014 жылғы «Қазақстан Барысының» қола жүлдегері екені жанкүйерлерге белгілі. 1988 жылы туған. Салмағы – 132 келі. Бойы – 186 см. «Қазақстан барысы-2011» турнирінің жеңімпазы Ұлан Рысқұлдың туған інісі.
Әлемнің әр түкпірінен келген балуандарды ұту біздің жігіттерге оңайға соқпасы анық. Себебі, олардың көбісі – дзюдо күресінен әлем және Еуропа чемпионаттарының жеңімпаздары. Тіпті, араларында Олимпиада жүлдегерлері де бар. Сондықтан, ел үміт артқан жігіттердің бағы шапсын деп тілек білдіреміз. Не бел, не белбеу кететін сында төрт жігітіміз жерге қаратпайды деп сенеміз.

Ал дөңгелеген дүниенің әр түкпірінен келген балуандардың тізімі төмендегідей:

1) Даниэль Бернар Герардус , Нидерландия.
1978 жылы дүниеге келген.
Бойы – 192 см. Салмағы – 150 келі.
2013 жылғы қазақ күресінен Минскіде (Беларус) өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері.
2) Раймунд Гирдц, Германия. 1973 жылы дүниеге келген.
Бойы – 180 см. Салмағы – 96 келі.
Самбошы әрі сумошы.
3) Аарон Скотт Вендель АҚШ.
1971 жылы дүниеге келген.
Бойы – 172 см. Салмағы – 90 келіден жоғары.
Дзюдошы, сумошы.
4) "Әлем Барысына" қатысатын дат балуаны – Томас Джонасс.
1987 жылы дүниеге келген.
Бойы – 190см. Салмағы – 90 келіден жоғары.
5) Джейсон Безуденхут, Австралия. 1996 жылы туған.
Бойы – 185 см. Салмағы – 90 келіден жоғары.
«Әлем Барысына» қатысатын ең жас балуан.
6) Оскар Рене Видал Брайсон, Куба.
1985 жылы туған.
Бойы – 192 см. Салмағы – 140 келі.
Олимпиада ойындарының жүлдегерлері.
7) Лукаш Крпалек, Чехия.
1990 жылы дүниеге келген.
Бойы – 195 см. Салмағы – 100 келі.
Дзюдодан 2014 жылғы әлем чемпионы.
8) Гоуссо Сидибе, Мали.
1981 жылы туған.
Бойы – 185 см. Салмағы – 100 келіден жоғары.
9) Гарибян Арутюн, Армения.
1974 жылы туған.
Бойы – 176 см. Салмағы – 100 келіден жоғары.
10) Дьедонне Долассем, Камерун.
1979 жылы дүниеге келген, жасы 35-те.
Бойы – 181 см. Салмағы – 100 келіден жоғары.
11) Аспа Анж Филипп, Кот-д'Ивуар.
1988 жылы дүниеге келген, жасы 26-да.
Бойы – 186 см. Салмағы – 140 келі.
12) Хуан-Пабло Мело Бортоли, Уругвай.
Латынамерикалық балуан өте әмбебап болып саналады. Самбо, еркін күрес, джиу джитсу, грек-рим күресінің шебері.
1979 жылы туған. Бойы – 190 см. Салмағы 100 келіден жоғары.
13) Куинг Жао (Цин Жао), Қытай
1984 жылы туған.
Бойы – 182 см. Салмағы – 130 келі.
Дзюдошы.
14) Кутайбой Хусейн Мохан, Ирак .
Бұл балуан қазақ күресімен жақын таныс. 2009 жылы Азия чемпионатында қола жүлде иеленген.
1981 жылы туған.
Бойы – 175 см. Салмағы – 94 келі.

15) Мацей Сарнацки, Польша.
1987 жылы туған.
Бойы – 2 метр. Салмағы – 124 келі.
Дзюдошы.

16) Кумар Правин, Үндістан
1991 жылы туылған, 23 жаста.
Бойы – 190 см. Салмағы – 120 келі.

17) Мартин Падар, Эстония.
Бойы – 195 см. Салмағы – 150 келі.
Дзюдошы.

18) Алтангэрэл Давааням, Моңғолия.
Қазақ күресiнен Азия чемпионы;
Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы халықаралық турнирдің 2 дүркін чемпионы;
Қызылорда облысында өткен жарыс жеңiмпазы;
Үндiстанда өткен қазақ күресiнен өткен Әлем кубогының жеңімпазы;

19) Мұрат Гемалмаз, Түркия.
1983 жылы туылған.
Бойы – 183 см. Салмағы – 138 келі.
Дзюдошы.

20) Грузия – Гиорги Закариадзе.
1993 жылы туған.
Салмағы – 150 келі. Бойы – 190 см.

21) Максим Ширяев, Ресей.
1988 жылы туған.
Бойы – 189 см. Салмағы – 130 келі.
Самбошы.

22) Амираслан Ахмедов Эйвазоғлы
1994 жылы туған.
Бойы: 180 см. Салмағы: 115 келі.
Сумошы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста