Моңғол қызы Қазақстан намысын қорғауы мүмкін
Моңғолиялық дзюдошы қыз Отгонцэцэг Галбадраның Қазақстан туының астына өтуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның дзюдо федерациясы хабарлап отыр.
Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясы бүгін Моңғолия Республикасының дзюдо федерациясымен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжатқа сай тараптар өз мемлекеттері аумақтарында өткізілетін спорттық іс-шаралар туралы ақпаратпен, дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламаларымен, ұлттық құрама командаларды дайындау мәселелері жөніндегі ғылыми-әдістемелік құралдарымен бөліседі. Сонымен қатар, спорттық ғимараттар құрылысы, оларды пайдалану және басқару, спорттық маркетингті дамыту тәжірибесі туралы ақпаратпен алмасу көзделген.
Сондай-ақ бұл кездесу барысында екі тарап өкілдері 48 келіде өнер көрсететін моңғол қызы Отгонцэцэг Галбадраның Қазақстан туының астына өтуі мүмкіндігі туралы да сөз қозғапты.
Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясы жоққа шығармады. Дегенмен, келісім әлі аяқталмағанын. Жуық арада аяқталып қалуы мүмкін. Қазір екі тараптың өкілдері келісімшартқа қол қою деңгейінде.
Негізі, Отгонцэцэг Галбадра дзюдодан Моңғолия құрамасының бірінші нөмірлі балуаны емес. Бүгінде ол 3180 ұпаймен әлемдік рейтингтін көшін бастар тұрған Уранцэцэг Мунхбаттан кейінгі екін нөмірлі дзюдошы. Сол үшін де Моңғолия дзюдо федерациясының басшылары мен бапкерлер қосыны бұл балуанда Қазақстанға жібере салуы әбден мүмкін.
Егер, Отгонцэцэг расымен да Қазақстанның көк құжатын алатын болса, онда ол осы салмақта халықаралық ареналарда ел намысын қорғап жүрген Айгүл Байғұлова, Меруерт Иманғалиев және Александра Подряфдова секілді дзюдошылармен Қазақстанның нөмірі бірінші дзюдошысы атағына таласатын болады.