Декреттік төлемақыға миллион алу үшін не істеу керек? Бухгалтер түсіндірді

Декреттік төлемақыға миллион алу үшін не істеу керек? Бухгалтер түсіндірді

Жүктілікке байланысты қызметтен кеткендіктен, жұмыс орны жалақы төлемейді. Декреттік жәрдемақыны мемлекет тағайындайды. Бұл демалыс жайлы не білу қажет? Декретке миллионмен қалай шығуға болады? Демалыс уақыты қанша мерзімге дейін созылады? Stan.kz тілшісі бухгалтер маман Жанар Бауыржанқызынан жоғарыдағы сұрақтарға жауап алып көрді.

Еңбек кодексінің 99-бабында жазылғандай, жүкті әйелдерге, бала босанған әйелдерге және жаңа туған баланы асырап алған әйелдерге (еркектерге қатысты - ред.) баланың туылуына байланысты келесі демалыс түрлері беріледі:

 
- Жүктілікке және босануға байланысты демалыс;
- Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс;
- Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс.

Декреттік демалыстан қалай шығу керек?

Декреттік демалыс әйелдерге жүктілігі және босануы бойынша, бала 3 жасқа толғанға дейін асырау бойынша беріледі. Бір айта кетерлігі, жұмыс орны декреттік демалысқа шыққанға ақша төлемейді. Егер әйел бала күтімі бойынша демалыс мерзімі аяқталғанға дейін жұмысқа шығуға тілек білдірсе, оған жұмыс берушіге жұмысқа шығу туралы өтінішті ҚР Еңбек кодексінің 100-бабының 4-тармағына сәйкес болжамды  шығу күнінен бір ай бұрын ұсыну қажет.


Қазақстандық аналарға декреттік демалыс 3 жыл бойы төлене ме? Министрлік жауап берді

700 мың теңге төлеген: Алматылық келіншек жеке емханада босанамын деп өлім аузынан қалды

Өз кезегінде жұмыс беруші "декреттегінің" лауазымын уақытша атқаратын жұмыскерді еңбек қатынастарының өзгеруі  - жұмыстан шығару немесе басқа лауазымға ауыстыру туралы бірден хабардар етуі тиіс.

 

Жүкті әйелдерді жұмыстан шығаруға тыйым салынады

Егер еңбек шартының мерзімі аяқталған күні әйел, уақытша жоқ қызметкердің орнын баса тұру жағдайларын қоспағанда, мерзімі 12 және одан көп апта жүктілік туралы анықтама және еңбек шарты мерзімін ұзартуға өтінішті жұмыс берушіге ұсынса, онда жұмыс беруші 3-жасқа дейін бала күтіміне байланысты демалыс мерзімі аяқталғанға дейін еңбек шартының мерзімін ұзартуға міндетті.

 

Қазақстандағы декреттік демалыс ұзақтығы

Қазақстанда декреттік демалыстың 3 түрі бар:

Жүктілікке және босануға байланысты демалыс. Ол 126 күнді құрайды (босануға дейін күнтізбелік 70 және босанғаннан кейін күнтізбелік 56 күн). Қиын босанған, екі немесе одан көп бала туған жағдайда – 70 күндік демалыс беріледі. Демалыс әйелге босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс істеген уақытының  ұзақтығына қарамастан, толық беріледі.

Жаңа туған сәбиді асырап алған жұмыскерлерге демалыс. Бұл жағдайда ата-ананың бірі 56 күнге демалыс ала алады. Десе де демалыс баланы асырап алу жайлы құжаттар толық рәсімделгеннен кейін рұқсат етіледі.

Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс.

 

Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін)

Декретке дейін жұмыс істемеген әйелдер үшін  Қазақстанда берілетін жәрдемақы есебі.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған әйелдер тіркелген соманы алады. Яғни оның мөлшері әйелдің қанша баласы болғанына байланысты.

2020 жылы жұмыс істемеген әйелдердің ай сайынғы жәрдемақысы:

Бірінші балаға – 5,76 АЕК (2 778 * 5,76 = 16 001,28 тг. әр ай сайын);
Екінші балаға – 6,81 АЕК (2 778 * 6,81 = 18 918, 18 тг. әр ай сайын); 
Үшінші балаға – 7,85 АЕК (2 778 * 7,85 = 21 807, 3 тг. әр ай сайын);
Төртінші және одан көп балаға – 8,90 АЕК (2 778 * 8,9 = 24 724, 2 тг. әр ай сайын).

 

Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік жәрдемақы (жұмыс істейтін әйелдер үшін)

Кемінде 2-3 жыл жұмыс істеп зейнетақы қорына табысынан ай сайын ақша салынып отырған келіншектерге бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем ай сайын төленеді. Оның жұмыс істегені ескеріліп, сақтандыру жарнасы салынған ай сайынғы жалақысы есептеледі. Жарлық бойынша алатын соманы білу үшін соңғы 24 айдағы (2 жылдағы) жалпы кірісті білу керек. Формула: кіріс 24-ке бөлінеді, 0,4 коэффициентіне көбейтіледі. Алынған сомадан 10 % зейнетақы жарнасын шегеру керек.

 

Декреттік демалысты рәсімдеу үшін қандай құжаттар керек?

Балаға бір жылға дейінгі декреттік төлемдерін тіркеу үшін:

1. Жеке басын куәландыратын құжат (паспорт, жеке куәлік).

2. Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме.

3. Банктен анықтама және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы құжат. 

Маманның айтуынша, декреттік демалыс туралы ескере кететін мына бір жайттар бар: 

Декреттік демалысқа миллионмен шығу үшін сіздің әлеуметтік аударымдарыныңыз кемінде 7 АЕК болуы керек. Бұл жылы бір айлық есеп көрсеткіші 42500 теңге. Оны 7-ге көбейтсек, 297 500 теңге шығады. Декреттік төлемақыны зейнетақы қоры арқылы емес, әлеуметтік қоры арқылы төленеді. Декреттік демалысқа шыққан кезде сіздің айлық есептік көрсеткішіңіз 7-ден аса 1 млн 200 теңге шығады. Оның 10%- ы зейнетақы қорына аударылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста