Жыр арқауы – Астана

«Жақында елордамыз Астананы жырлайтын мүшәйра ұйымдастырылады» деп естіп едім. Шығармашылық байқаудың талап-шарттары қандай?
Айбек Есенаманұлы,
Алматы облысы
Бұл мүшәйра «Астананың 15 жылдығы» мерекесі құрметіне «Жар­қыра, жайна, Астана!» деген атпен өткі­зілмек.
Мүшәйраны елорда әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин мұра­жа­йы және Қазақстан Жазушылар ода­ғының Астана қалалық филиалы ұйым­дастырып отыр. Бәйгені Тәуел­сіз Қазақ елінің өткен күрделі тари­хын, бүгінгі ерен жетістігін, болашақ ұлы арманын ұлттық рухпен көмкере отырып, көркем тілмен кестелей ал­ған ақындар иеленеді.
Бас жүлде – жеңіл автокөлік.
Бірінші орын – біреу.
Екінші орын – екеу.
Үшінші орын – үшеу.
Ынталандыру сыйлықтары – бесеу.
Мүшәйраға еш жерде жарық көр­меген өлеңдер, толғаулар, поэ­ма­лар қабылданады. Қазылар алқа­сы­ның шешімі қайта қаралмайды. Ұйымдастырушылар Астанаға келіп-кету жол шығыны мен жатар орын мәселесін жеңімпаздардың өздері шешетіндігін ескертеді.
Шығармалар төмендегі мекенжайға жолдануы тиіс:
Астана қаласы, Әуезов көшесі, 20 «А». «Сәкен Сейфуллин мұра­жайы» МКҚК. Индекс: 010000, Sei­fullin_museum@mail.ru. Байланыс телефоны: (8-7172) 32-84-67, (8-7172) 53-34-03.
Жүлдегерлер сыйлығы 2013 жылдың 1 шілдесі күні Конгресс-Холл сарайында салтанатты түрде тап­сырылады. Бәйге алған шығар­малар «Алтын тамыр» журналында жарияланады, әрі жеке кітап болып ба­сылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста