Жыныстық қатынас кезінде жүкті болмаудың қандай жолдары бар?

Сәлеметсіздер ме! Менің жасым 19 да. Мектеп бітіре сала тұрмысқа шыққам. Былтыр босанып та алдым. Енді әзір көтергім келмейді. Өйткені мамандық алып алайын деп оқуға түскем. Оның үстіне ерте жастан бала басты болудан сақтанғым келеді. Тұңғышым аяқтансын әрі оқуымды да бір жайлы етейін дегем. Ал жолдасым «бірінші баладан соң спирал салдырған зиян деп салдырмай қойды». Осы қаншалықты дұрыс пікір? Спиральдан басқа бала көтермеудің қандай жолдары бар? Алдын ала рахмет айтқым келеді.

Күннұр, Шымкент қаласы
Гүлзейнеп Мырзанова, гинеколог:

– Жыныстық қатынас кезінде бала көтеріп қалмаудың бірнеше тәсілдері бар. Олардың ішінде ең аз зерттелгені — күнтізбелік әдіс. Күтізбелік әдіс деген не? Ол қаншалықты тиімді? Жыныстық қатынаста қорғанудың күнтізбелі әдісі белгілі. Бұл қандай әдіс? Жүктілік овуляция кезінде болатынын білеміз. Овуляция (әдетте 28 күндік цикл үшін) еттеккірдің алғашқы күнінен бастап санағанда, шамамен 14-ші күнге сай келеді. Яғни, сол күннен бастап бала көтерудің мүмкіндігі ең жоғары. Овуляция әдетте 2-4 күнге созылады. Овуляцияға дейін және овуляциядан кейінгі күндер шартты түрде «қауіпсіз» болып саналады.
Бұл әдіс еттеккір циклы бірқалыпты, ешқандай дәрі-дәрмек қабылдамайтын, тұрақты бір адаммен ғана жыныстық қатынаста болатын әйелдерге арналған әдіс. Бұл әдіс контрацепция болып саналмайды! «Қауіпсіз» күндері бала көтеріп қалу 100% мүмкін емес деген тұжырым — ең үлкен қате! Неге? Ер адамдардың ағзасында әрқашан жетілген, ұрықтануға дайын жыныс жасушалары бар. Және олар әрдайым өте көп мөлшерде болады. Олар сперматазоидтар деп аталады. Ал әйел адамның ағзасында бірнеше мыңдаған жетілмеген жасушалардың ішінен ай сайын бір ұрықтануға дайын жасуша пайда болады. Осы кезең овуляция деп аталады.
Әйел адамның ұрықтануға дайын жасушасы жетілген қалпында 2 күнге дейін өмір сүреді. Ал ер адамның сперматазиоды әйел ағзасынада 5-7 күнге дейін өмір сүреді. Яғни жыныстық қатынас овуляцияға дейін бірнеше күн бұрын орын алса да, овуляция кезінде сперматазоидтар әлі тірі болып, ұрықтану белсенділігін сақтап тұрады. Сөйтіп, сіз ойлаған «қауіпсіз» күні жүкті болып қалуыңыз әбден мүмкін.
Ал егер сіздің еттеккір циклыңыз қалыпсыз болса, ағзаңызда симптомсыз жүретін ауру бар болса, түрлі адамдармен ретсіз жыныстық қатынас орын алып тұрса, күнтізбелік әдіске де, басқа контрацепция әдістеріне де жүгінбегеніңіз абзал. Жыныстық қатынас тек некелескен адаммен ләззат алып, бала көтеру мақсатында орын алғаны дұрыс екенін ұмытпайық. Осы орайда сізге айтарым, «қауіпсіз күнді» өзіңіз есептеп алып қолдана берсеңіз болады. Сондай-ақ гормональдық уколдар, түрлі таблеткалар да қазір осы мақсатта қолданыста. Жолдасыңызбен кеңесе отырып осының ыңғайлысын өзіңізге қолдануыңызға болады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста