Мен мемлекеттік мекеме басшысын тасымалдайтын автокөлік жүргізушісі болып жұмыс істеймін. Айлық жалақым аз болып отыр. Өйткені маған 4-квалификациялық разрядпен ақы төленуде. Жалпы, қанша квалификациялық разряд болады? Менің разрядымды көтеріп, заңды түрде айлық жалақымды көтеруге бола ма?
Ермек Егізханов, Қарағанды облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметінше, бүгінгі күні азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) реттеледі.
Қаулының 3-тармағына сәйкес, ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) (ЛЖ) атқаратын лауазымдарының лауазымдар санаттарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық жалақының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
«Жүргізуші» кәсібі бойынша жұмыстарды тарифтеу Бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалық (БТБА) негізінде жүргізіледі (52 шығарылым, 4-7-разрядтар).
Жұмысшылардың лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеуге арналған коэффициенттер қаулыға 3-қосымшада берілген.
Бүгінгі күні БЛЖ мөлшері 17697 теңгені құрайды.
Жүргізушіге ақы қай разрядпен төленуі тиіс?
Последние статьи автора