Жүргізушіге ақы қай разрядпен төленуі тиіс?

Жүргізушіге ақы қай разрядпен төленуі тиіс?

Мен  мемлекеттік мекеме басшысын тасымалдайтын автокөлік жүргізушісі болып жұмыс істеймін.  Айлық жалақым аз болып отыр. Өйткені маған 4-квалификациялық разрядпен ақы төленуде. Жалпы, қанша квалификациялық разряд болады? Менің разрядымды көтеріп, заңды түрде айлық жалақымды көтеруге бола ма?
Ермек Егізханов,
Қарағанды облысы 
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы мама­нының мәліметінше, бүгінгі күні аза­маттық  қызметшілерге, мемлекеттік бюд­­жет қаражаты есебінен ұсталатын ұйым­­дардың қызметкерлеріне, қазы­на­лық кәсіпорындардың қызметкер­ле­ріне ең­бекақы төлеу «Азаматтық қыз­мет­ші­лерге, мемлекеттік бюджет қа­ра­жаты есе­бінен ұсталатын ұйым­дар­дың қызмет­кер­леріне, қазыналық кә­сіпорындардың қызметкерлеріне ең­бек­ақы төлеу жүйесі туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметі­нің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400  қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы)  рет­те­леді.
Қаулының 3-тармағына сәйкес, ұйым­­дар қызметкерлерінің лауазымдық жа­­лақылары (ставкалары) (ЛЖ) атқа­ра­тын лауазымдарының лауазымдар санат­та­рына жатқызылуына және ма­ман­дығы бо­йынша жұмыс өтіліне, таға­йын­далған бі­лікт­ілік разрядтарына (жұ­мысшылар үшін) қарай лауазымдық жа­­лақыларын (став­каларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қа­зақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі бел­­гілеген базалық ла­уазымдық жала­қы­­ның (БЛЖ) мөл­ше­ріне көбейту жолы­мен айқындалады.
«Жүргізуші» кәсібі бойынша жұ­мыс­тарды тарифтеу Бiрыңғай тарифтiк-бiлiк­тiлiк анықтамалық (БТБА) негізінде жүргізіледі (52 шығарылым, 4-7-раз­­ряд­­тар).
Жұмысшылардың лауазымдық жа­лақыларын (ставкаларын) есептеуге ар­налған коэффициенттер қаулыға 3-қосымшада берілген.
Бүгінгі күні БЛЖ мөлшері 17697 тең­гені құрайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста